Bestprofi Logo

Қаулы № 1056 от 2014-10-07г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016 г.

Документ на казахском языке

Салалық бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 Қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылғы № 1136 Қаулысына сәйкес

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Салалық бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 1056 қаулысымен бекітілген

Салалық бағдарламалардың тізбесі

Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.02.2015 жылғы № 42 Қаулысымен (07.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 320 Қаулысымен (05.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)

Р/с №

Атауы

Жауапты мемлекеттік орган

Салалық бағдарламаларды іске асыру мерзімі

1

2

3

4

1.

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

2011 – 2016 жылдар

2.

Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2012 – 2016 жылдар

3.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2013 – 2020 жылдар

4.

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2013 – 2020 жылдар

5.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғыртудың 2014 – 2050 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

2014 – 2050 жылдар

6.

«Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2013 – 2020 жылдар

7.

«Өнімділік 2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2011 – 2020 жылдар

8.

Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының 2015 – 2019 жылдарға арналған бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2015 – 2019 жылдар

9.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 – 2019 жылдар

10.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 – 2020 жылдар

11.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2011 – 2015 жылдар

12.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2011 – 2015 жылдар

13.

Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 – 2019 жылдар

14.

Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін көрсетілетін қызметтер саласын дамыту бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2015 – 2020 жылдар

15.

Құпия

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі

2012 – 2016 жылдар

16.

Өте құпия

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

2011 – 2015 жылдар

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание