2014 жылғы 14 қазандағы № 04-4-29/1427-и хатқа
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қазандағы № 12058 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
2014 жылғы 14 қазандағы № 04-4-29/1427-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2014 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, ескертулер мен ұсыныстар жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар 2014 жылы кәсіптік стандарттарды әзірлеуге жұмсалатын қаржы қаражатын үнемдеу себептерінің бірі мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысушылардың бағалық ұсыныстарды беру кезінде құнын төмендетуі болып табылатындығын атап өтеміз. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде 450 мың теңгеге дейінгі бағалық ұсыныстарын берген ұйымдар жекелеген кәсіптік стандарттар бойынша жеңімпаздар болып атанды. Көрсетілген құн бір кәсіптік стандартты әзірлеуге бекітілген 1 млн. теңге құнының 45%-н құрайды.
Әзірлеуші ұйымдардың кәсіптік стандарттарды әзірлеу құнының көрсетілген төмендетуінде байқалған тек экономикалық қызығушылығының басым болуы және осы жұмысқа салалық қауымдастықтардан сарапшыларды тартудың төмен денгейі әзірленетін кәсіптік стандарттар сапасының жеткіліксіз деңгейін туындатуда.
Көрсетілген қиындықтарды жою және жұмыс берушілердің сұрау салуларына сәйкес келетін кәсіптік стандарттарды әзірлеуге салалық қауымдастықтардың сарапшыларын тарту үшін кәсіби қызметтің өндірістік, бизнес және кәсіпкерлік қызметті қамтитын салалары мен аялары бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеуді мемлекеттік тапсырыс түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы салалық қауымдастықтармен шарттарды жасағаннан кейін, кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезеңдеріне мониторинг пен бақылауды және кәсіптік стандарттар жобаларының сараптамасын жүргізетін болады.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес ұсыныстармен келіспеу туралы дәлелденген жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі Н. Альтаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |