2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 05-11-18/113 хатқа қатысты
| Продукты: |
|
Отправить по почте
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы», «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы», «Электр энергиясын беру және (немесе) тарату және (немесе) электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы» және «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 11911 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті
2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 05-11-18/113 хатқа қатысты
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпарат нысанын бекіту туралы»;
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) бұйрықтарының жобаларын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оны түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы бойынша.
1. Бекітілген мынадай:
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) бірлігіне шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарын жоспарланған азайтуды;
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде негізгі құралдардың тозуын жоспарланған төмендетуді;
- инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру нәтижесінде нормативтік техникалық ысыраптарды (олар болған кезде) жоспарланған төмендетуді есептеу әдістемелерінің болмағанына байланысты Қаулы жобасының 1-бөлімінің 7-тармағы 3) тармақшасының екінші, үшінші және төртінші бөліктерін алып тастауды ұсынамыз.
2. Қаулы жобасының 1-бөлімі 8-тармағының екінші және үшінші бөліктері уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес активтер құнына және табыс мөлшерлемесіне орай айқындалатын табыс деңгейін және акционерлерге дивидендтер төлеу мүмкіндігін, сондай-ақ табиғи монополия субъектісінің басқа да дәлелді шығындарын шектейді. Осыған байланысты, аталған бөліктерді алып тастауды ұсынамыз.
3. Үкімет қаулысы 10-тармағының қолданыстағы нормасы кредиттер үшін сыйақыны төлеу және оларға қызмет көрсету шығындарын жаңа негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құнына енгізу кезіндегі уәкілетті органның әрекеттеріне қатысты барынша толық түсінік беретіндіктен қаулы жобасының 9-тармағында 10-тармақтың қолданыстағы редакциясын қалдыруды ұсынамыз.
4. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру әрдайым техникалық-экономикалық әсер алуға, оның ішінде көлемнің артуына, тозудың кемуіне алып келе бермейтіндігінен және тиіс еместігінен, қолданыстағы активтерді қайта құрылымдауға және жұмыс жағдайында сақтауға және апаттық жағдайларды болдырмауға бағытталуы мүмкіндігінен, қаулы жобасының 18-тармағының 1) тармақшасы «инвестициялық жобаның (бағдарламаның)» деген сөздердің алдында «ұсыналатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) ағымдағы сапасын қолдауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын.
Бұдан басқа, қаулы жобасының бүкіл мәтіні бойынша пайдалануға енгізілетін жабдықтардың паспорттық сипаттамаларын қамтитын құжаттарды талап ету алып тасталсын, себебі ТМС сатып алулар жүргізгенге дейін осындай деректерді ұсына алмайды.
«Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпарат нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы бойынша.
Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпарат нысанының 14, 15 және 16-бағандарының атауындағы өлшем бірлігін «(мың тг.)» деп көрсету қажет. Бұдан басқа, «Қарыз қаражаттары» 15-бағанында тартылған қаражаттар бойынша сыйақы ескерілген немесе ескерілмеген соманы нақтылау қажет.
«Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдаулар өткізу қағидаларын бекіту туралы» және «Электр энергиясын беру және (немесе) тарату және (немесе) электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер тарифтеріне (бағаларына, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрықтарының жобалары бойынша ескертулер мне ұсыныстар жоқ.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сараптамалық қорытынды алу үшін жолдаған сұрау салуда көрсетілген «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасы ұсынылмаған.
Баяндалғанды ескере отырып, ҚР ҰКП ұсыныстарын қарауды сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен дәлелденген жауап жіберуді сұраймыз.
Қазақстанның кәсіпкерлік саласын колдауыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Басқарма мүшесі Ж. Ертлесова