«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының










Отправить по почте
«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы
2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті (С. Камели):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті мен жергілікті атқарушы органдар (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдансын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы « »
№
бұйрығымен бекітілген
Халықты сауда алаңымен қамтамасыз
етудің ең төменгі нормативтері
| р/с № | Өңір | 1 мың адамға шаршы метр* |
| 1. | Астана қаласы | 360 |
| 2. | Алматы қаласы | 485 |
| 3. | Ақмола облысы | 153 |
| 4. | Ақтөбе облысы | 177 |
| 5. | Алматы облысы | 74 |
| 6. | Атырау облысы | 259 |
| 7. | Батыс Қазақстан облысы | 97 |
| 8. | Жамбыл облысы | 77 |
| 9. | Қарағанды облысы | 217 |
| 10. | Қостанай облысы | 209 |
| 11. | Қызылорда облысы | 95 |
| 12. | Маңғыстау облысы | 199 |
| 13. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 73 |
| 14. | Павлодар облысы | 232 |
| 15. | Солтүстік Қазақстан облысы | 310 |
| 16. | Шығыс Қазақстан облысы | 166 |
| 17. | Қазақстан Республикасы | 187 |
Ескертпе: *Сауда нарықтарындағы сауда алаңын есепке алмағандағы сауда алаңы.
«Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы жобасына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасы |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерінбекіту |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 маусымдағы № 734 қаулысы |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді | жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Республикалық бюджеттен қаржы шығындарын көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | 2014 жылғы « » Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.minplan.gov.kz интернет-ресурсында және 2014 жылғы |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | жоқ |
__________________ __________ ___________________
лауазымы қолы тегі және аты-жөні

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |