• Менің таңдаулыларым
Назар аударыңыз! Құжаттың 18.09.2023 күші жойылды

Отправить по почте

1

«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1133 Қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, босқын куәлігінің үлгілерін және оларды қорғауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 684 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 40, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгісінде:
4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен - паспорттың нөмірі орналасқан.»;
«5. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 2-сурет):
6. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 2-беті Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 3-сурет):
беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі - көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:
беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын, машинамен оқылатын жазу орналасады.»;
«7. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-беті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген белгілерді орналастыруға арналған. Егер 3-бет пайдаланылса, онда белгілер Қазақстан Республикасының азаматы паспортының келесі бос бетіне жүргізіледі. Қазақстан Республикасының азаматы паспортының 3-бетінде қазақ және ағылшын тілдерінде (№ 4-сурет):
Қазақстан Республикасы азаматының паспортының 3-бетінде ұлты Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесінің қалауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.»;
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес № 2 сурет № 2 суретпен ауыстырылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес № 3 сурет № 3 суретпен ауыстырылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес № 4 сурет № 4 суретпен ауыстырылсын;
осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес № 5 сурет № 5 суретпен ауыстырылсын;
осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес № 6 сурет № 6 суретпен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің үлгісінде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:
беттің жоғары жағы - көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасады:
БЕРІЛГЕН КҮНІ - ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ - СРОК ДЕЙСТВИЯ»;
осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес № 7 және № 8 суреттер № 7 және № 8 суреттермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгісінде:
«3. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында фотобейнесі, қолы және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың иесінің мынадай дербес деректері: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасады.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың беткі жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және қазақ және орыс тiлдерiнде мынадай жазулар орналасады:
4. Жеке сәйкестендіру нөмірінің штрих-коды және тоғыз цифрлық нышаннан тұратын шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың нөмірі шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың сыртқы жағындағы жоғары бөлігінде оны дайындау процесінде басылып жазылады (№ 10-сурет).»;
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың артқы жағы мынадай екі бөліктен тұрады:
беттің жоғары жағы - көзбен көру аймағы, онда микросхеманың байланыс бөлігі және қазақ және орыс тілдерінде мынадай жазулар орналасады:
БЕРІЛГЕН КҮНІ - ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ/ДАТА ВЫДАЧИ - СРОК ДЕЙСТВИЯ»;
осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес № 9 және № 10 суреттер № 9 және № 10 суреттермен ауыстырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің үлгісінде|521043953]]:
4-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында тігінен - азаматтығы жоқ адамның куәлігінің нөмірі орналасқан.»;
«5. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 1-бетінде қазақ және ағылшын тiлдерiнде (№ 12-сурет|521044020]]):
6. Азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-беті азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің фотобейнесін, қолы мен деректерін орналастыруға арналған және екі бөліктен тұрады (№ 13-сурет|521044022]]):
беттің жоғары жағының төрттен үш бөлігі - көзбен көру аймағы, онда қазақ және ағылшын тілдерінде мынадай деректемелер орналасады:
беттің төменгі ширегі - машинамен оқылатын аймақ, онда машинамен оқылатын жол жүру құжаттарына қойылатын халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес осы құжаттағы негізгі ақпарат қамтылған, әріптер мен цифрлардың комбинациясынан тұратын машинамен оқылатын жазу орналасады.»;
осы қаулыға 8|580271019]], 9|580271024]], 10|580271029]], 11|580271034]], 12-қосымшаларға|580271039]] сәйкес № 12|521044020]], 13|521044022]], 14|521044024]], 15|521044026]], 16-суреттер|521044028]] № 12, 13, 14, 15, 16-суреттермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 7-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 9-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 10-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1133 қаулысына 12-қосымша