• Мое избранное
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы
«Ғарыш қызметі туралы» 2014 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсiн.
  4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы ____________ № __ «____» қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды  
мемлекеттік тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін (бұдан әрі – ғарыш объектілері) мемлекеттік тіркеу тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
2. Мынадай:
1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.  
3. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.
4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын мемлекеттік тіркегені және бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.
2. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды
мемлекеттік тіркеудің тәртібі
6. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесі;
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді;
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжат беру.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектісін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуі жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті орган ғарыш объектілері тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.
8. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.  
Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.  
10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілеріне берілетін құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздердiң болмауын анықтау;
3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздер болмаған жағдайда ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;  
4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалықтарының тіркелгендігін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;
4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;  
3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
12-1. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді түрде жауап жібереді.
13. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер жойылған кезде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi қайтадан беруге болады.
14. Ғарыш объектісін ғарыш объектілерінің тіркеліміне енгізген кезде оған ғарыш объектілерінің тіркелімінде ғарыш объектісі туралы мәліметтер жазбасының реттік нөмірі болып табылатын мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.
15. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісін мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның, не ол уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша оған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.  
16. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:  
1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
3) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.  
17. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:  
1) осы Қағидалардың 16-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
2) ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздердiң болмауын анықтау;  
3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік телнұсқасының берілгендігі туралы жазбалар енгізу;
4) ғарыш объектісін мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру.
18. Ғарыш объектісі жойылған немесе кәдеге жаратылған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның өтініші негізінде ғарыш объектілерінің тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.
19. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:  
1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;  
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;  
3) ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттардың көшірмелері.  
Уәкілетті орган ғарыш объектілерінің тіркеліміне жазба енгізгеннен кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді береді.
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму 
министрлігінің 
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 
өтініш
 ______________________________________________________________тиесілі  (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері)      _____________________________________________________ ғарыш объектісін  
   (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)  
 Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және ____________________________________________________________ негізінде 
   ( құқық белгілейтін құжаттың атауы)    
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын. 
  Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері: ________________________________________________«___»_______________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км ________
  еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. ________________
   Қосымша мәліметтер:____________________________________________ 
____________________________________________________________________
   Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: __________________________________________________________________
  ____________________________________ ___________ ____________________
   (өтініш беруші) (қолы) (Т.А.Ә.)  
М.О.
 20___ ж. «___» ___________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
 ____________________
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
2-қосымша
ЕЛТАҢБА
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы 
 №_____куәлік
 

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшы рылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері

 5. Тіркелген құқық түрі *  _______________________________________________
      ( құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)  
 6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға _______________
  ____________________________________________________________________ 
7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің тіркелімінде тіркелгендігі расталады
  _______________________________  ____________  ______________________ 
  (уәкілетті органның басшысы) (қолы)     (Т.А.Ә.)   
М.О. 
 20___ж. «___» _________
Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады
____________________
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді
 _________                                    «___» __________ ___  
 ____________________________________________________________________
          ( жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН (бар болса);  
____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi, аты, әкесiнiң аты)  
төмендегі ғарыш объектiсіне:
 

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшы рылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері









1) мынадай құқық тiркелгенін:
 

Құқық түрi

Мазмұны

Құқық иесi

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Құқықтың туындау негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

2) мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:
 

Ауыртпалықтың түрi

Мазмұны

Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға)

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты













растау үшін берілді.  
  Басшы: _________________ __________________________
                       (қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты)  
 ____________________
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
4-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
телнұсқасын алуға өтініш
  __________________________________________________________ғарыш  
   (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)  
 объектісіне 20___ жылғы «___» ___________ № _____ Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.  
  Телнұсқаны сұраудың себебі:__________________________________________ ____________________________________________________________________
  Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:___________________________
  ____________________________________________________________________
 (өтінішке көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттар)
 ____________________________________ ___________ __________________
  (өтініш беруші) (қолы) (Т.А.Ә.)  
М.О.
 20___ ж. «___» ___________
 ____________________
Ғарыш объектілерін және
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына
5-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің
Аэроғарыш комитеті
Өтініш
 Ғарыш объектілерінің тіркеліміне_______________________________________
____________________________________________________________________
  (мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның мекенжайы)  
_______________________________________________________________тиесілі  ____________________________________________________________________  
   (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)  
 20__ ж. «__»______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны/кәдеге жаратылғаны туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын. 
 Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:____________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 (өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)  
____________________________________ ___________ ___________________
  (өтініш беруші және оның мекенжайы) (қолы) (Т.А.Ә.)  
М.О.
 20___ ж. «___» __________
 ____________________
Нысан
Ғарыш объектілерінің 
тіркелімі

Р/с №



Тіркелу нөмірі

Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ¹

Ұшырылған күні (әлемдік уақыт бойынша/Гринвич бойынша)

Ұшырылған жері

Орбитаның негізгі параметрлері

Ғарыш объектісінің жалпы мақсаты

Қосымша мәліметтер ²

Апогей, км

Перигей, км

Еңістену бұрышы , град.

Айналу кезеңі , сек.

Ұзақтық, градуспен

























Ескертпе:
¹ «Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға» бағанында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз болған құқық белгілейтін құжаттар жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
² «Қосымша мәліметтер» бағанында Жер айналасындағы орбитаға шығарылғанымен, сол орбитада болмайтын ғарыш объектілері жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда ғарыш объектілерін ұшыру ерекшеліктері көрсетіледі. 
«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы қазандағы № бұйрығына анықтама-негіздеме
 ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы)
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

« Ғарыш қызметі туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9 бабының 11) және 14) тармақшаларына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

« Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын қабылдауға байланысты

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер





Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етпейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында және МОИП орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң департаментінің  
директоры А. Алиакпаров
  2014 жылғы «____» __________