• Мое избранное
«Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы
«Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы
6 қаңтардағы Заңының 24-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау бекiтiлсiн.  
«Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының  
ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасы міндетін атқарушысының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 61/НҚ бұйрығының күші жойылсын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 маусымда № 7694 тіркелді).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсiн.
  5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы ____________ № __ «____» қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «__» _________ № ___ бұйрығымен бекітілген
Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының
ғарыш объектілерін таңбалау
1. Осы Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау ғарыш қызметіне қатысушылармен Қазақстан Республикасында өндірілген ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін таңбалауды (бұдан әрі – Ғарыш объектілерін таңбалау) жүзеге асыру кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш кеңістігіне ұшырылатын шетелдік жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғарыш объектілерін таңбалау талап етілмейді.
2. Ғарыш объектілерiнде:
ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмірін;
тіркеу нөмірінің астында орналастырылатын «Kazakhstan» жазуын қамтитын таңбалау салынады.
3. Ғарыш объектілерінде көлемі таңбалау мәтінінің көлеміне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туының бейнесi орналастырылады.
4. Таңбалау ғарыш кеңiстiгiне ғарыш аппараттарын және олардың құрамдас бөлiктерiн шығару құралы болып табылатын ғарыш объектілері корпусының жоғарғы бөлігінің әрбір жағынан салынады.
Ғарыш аппараттары болып табылатын ғарыш объектілерін таңбалау ғарыш объектісі корпусы конструкциясының элементтері жоқ бүйірлік бетіне салынады.
5. Әрiптер мен цифрлар көлденеңмен параллельді бiр бағытта салынады.
Бiр белгiнiң символдары кемiнде 300 мм және 1000 мм аспайтын бiрдей биiктiкте болуы тиiс.
Корпусқа салынатын белгi символдарының биiктiгi бос орынның болуына байланысты, белгiнiң
барынша мүмкiн болатын ұзындығы бойынша айқындалады.
6. Егер Ғарыш объектілерін таңбалауының 5-тармақтың қарастырылған ғарыш екінші абзацында объектісі конструкциясының көлемi таңбалаудың қажеттi көлемiн салуға мүмкiндiк бермейтін болса, ұсынылған пропорцияларды сақтай отырып, Ғарыш объектілерін таңбалауының 5-тармақтың үшінші абзацында қарастырылған ең жоғары көлемге дейiн кiшiрейтуге рұқсат етiледi.  
7. Таңбалау ашық фонда күңгiрт түспен, күңгiрт фонда ашық түспен орындалады. Барлық символдар атмосфералық жағдайларда түрiн өзгертпейтiн және ғарыш объектісiн ұшыруға дайындау процесіне қызмет көрсету кезінде өшпейтiн бояумен жазылады.
8. Барлық символдар мен дефистер жалпақ жолақтармен және фонмен жақсы үйлесуді қамтамасыз ететін түспен орындалады. Әрбiр символдың енi (1 цифрынан басқасы) және дефистiң ұзындығы символ ұзындығының үштен екi бөлiгiн құрайды. Жолақтың қалыңдығы символ биiктiгiнiң алтыдан бiр бөлiгiн құрайды.
9. Әрбiр символ алдыңғы немесе одан кейiнгi символдан арақашықтығы кем дегенде символдың төрттен бiр енiн құрайтын арақашықтықпен бөлiнедi. Осындай жағдайларда дефис жеке символ болып табылады.
10. Ғарыш объектілерiне мынадай қосымша белгiлер салынуы мүмкін:
1) ғарыш объектісін ұшыратын ғарыш қызметіне қатысушының атауы (мемлекеттік тілде) мен эмблемасының жазылуы;
2) фонға қанық тік шрифтпен салынған ғарыш объектісінің белгісі.
Дайындаушы зауытпен көрсетілген ғарыш объектісінің түрі жөніндегі белгіні сақтау ұсынылады.
11. Ғарыш объектісіне қосымша белгілер таңбалауды визуалды тануды қиындатпайтын тәсілмен салынады.
   _______________________________________________
«Ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы ___ желтоқсандағы № бұйрығына анықтама-негіздеме
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

« Ғарыш қызметі туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 24 бабына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

«Қазақстан Республикасының кейб i р заңнамалық актілер i не мемлекеттік басқару деңгейлер i арасындағы өк i летт i ктерд i ң аражігін ажырату мәселелер i бойынша өзгер i стер мен толықтырулар енг i зу туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын қабылдауға байланысты

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер





Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы

17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етпейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz . интернет-ресурсында және МОИП орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң департаментінің  
директоры А. Алиакпаров
   2014 жылғы «____» __________