• Мое избранное
«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Ғарыш қызметі туралы» 2014 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - Қазғарыш) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
1) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін көшірмесін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Е.К. Сағадиевке жүктелсiн.
 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20____жылғы ____________ № __ «____» қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы
№ бұйрығымен бекітілген
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті
жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі 
 



Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

жеке тұлғалар

(дара кәсіпкерлер) үшін







1

тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі

лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



2

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасы (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



3

жобаның мақсаты, өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба

жеке тұлға еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



заңды тұлғалар үшін







4

ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы

ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



5

штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы

штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



6

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік база (үй-жайлар немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы)

меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



7

жобаның мақсаты, өндіріс өрістейтін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ, мәлімделген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ететін техникалық үдерістің сипаттамасы көрініс тапқан техникалық жоба

заңды тұлғаның бірінші басшысы еркін нысанда бекіткен техникалық жобаның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*



* Осы ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны
Ғарыш кеңістігін пайдалану
саласындағы қызметті
жүзеге асыруға қойылатын
біліктілік талаптарына
және оларға сәйкестікті
растайтын құжаттар тізбесіне
қосымша
Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны 
                           1. Жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) үшін:
1. Лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
      1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні ________________________;
      3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы __;
      4) жұмыс орны _______________________;
      5) кезеңі, атқаратын лауазымдары ___________________________;
6) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні
___________________________;
      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________;
2. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі
_________________________;
      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері _________________________;
      3) шарт жасасқан күн ___________________________;
      4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні ________;
      6) паспорт берген орган _________________________;
      7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)
___________________________;
3. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
      3) технологиялық процестің сипаттамасы _______________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ
_________________________;
      5) техникалық жобаны кім бекіткен ____________________________;
      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________.
                                  2. Заңды тұлғалар үшін:
1. Ұйым басшысында жоғары білімінің және басшы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы туралы ақпарат:
      1) мамандығы және біліктілігі ________________________;
      2) жоғары білімі туралы дипломның нөмірі және берілген күні __;
3) жоғары білімі туралы диплом берген оқу мекемесінің атауы
______________________;
      4) жұмыс орны _______________________;
      5) лауазымы ___________________________;
      6) ұйымның орналасқан жері ___________________________;
7) жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі мен күні және/немесе еңбек шартының нөмірі және күні
___________________________;
      8) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) ___________________________.
2. Штатта тиісті салада кемінде үш жыл жұмыс өтілімен лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың кемінде 10% болуы туралы ақпарат:
1) штаттық кесте бойынша мамандардың жалпы саны (бірлік)
_______________________;
      2) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандар саны _______________________;
      3) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар мамандардың Т.А.Ә., олардың мамандықтары және біліктілігі ______;
      4) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмыс орны _______________________;
      5) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның лауазымы _______________________;
      6) лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның жұмысқа қабылданғаны және жұмыстан босатылғаны туралы бұйрықтың нөмірі және күні және/немесе еңбек шартының нөмірі мен күні _______________________;
      7) сертификаттың, жеке куәліктің, куәліктің нөмірі, берілген күні және оны берген ұйымның атауы, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі бар әрбір маманның оқу курсының тақырыбы (болған жағдайда) _______________________.
3. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде техникалық-өндірістік базасының (үй-жайлардың немесе арнайы зертханалық немесе стенділік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдықтың немесе бақылау-тексеру аппаратурасының) болуы туралы ақпарат:
1) техникалық-өндірістік базаны сатып алу-сату немесе сыйға тарту немесе мүліктік жалға алу (жалдау) немесе ақысыз пайдалану немесе сенімгерлік басқару немесе тапсыру туралы шарттың нөмірі
_________________________;
      2) техникалық-өндірістік базаның немесе үй-жайдың орналасқан жері _________________________;
      3) шарт жасасқан күн ___________________________;
      4) шарт кіммен жасалды ___________________________;
      5) арнайы зертханалық немесе стендтік немесе өндірістік немесе технологиялық немесе сынақтық және өлшегіш жабдық немесе бақылау-тексеру аппаратурасы паспортының нөмірі және күні __________;
      6) паспорт берген орган _________________________;
      7) жабдықтың тағайындалуы ___________________________;
8) сертификаттың нөмірі, күні, берген орган, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификаттың қолданыс мерзімі (болған жағдайда)
___________________________.
4. Бекітілген техникалық жобаның болуы туралы ақпарат:
      1) техникалық жобаның атауы ___________________________;
      2) жобаның негізгі мақсатының қысқаша мазмұны ________________;
      3) технологиялық процестің сипаттамасы _____________________;
4) өндіріс өрістетілетін немесе қызметтер көрсетілетін аумақ
_________________________;
      5) техникалық жобаны кім бекіткен ___________________________;
      6) техникалық жобаның бекітілген күні ________________________.
«Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы ____________ №  бұйрығына анықтама-негіздеме
 __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және нормативтік құқықтық актінің тақырыбы)
  

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

« Ғарыш қызметі туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы

6 қаңтардағы Заңы 9 бабының 8) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

« Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актілерiне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердiң аражігін ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы » Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Заңын қабылдауға байланысты

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер





Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Талап етпейді

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz. интернет-ресурсында және МОИП орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң департаментінің  
директоры А. Алиакпаров
  2014 жылғы «____» __________