Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
«Жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін резервтен квота бөлу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін резервтен квота бөлу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін резервтен квота бөлу әдістемесі бекітілсін.
2. Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«Жаңа және кеңейтілген қондырғылар үшін резервтен квота бөлу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы «_____» _________ № ____ бұйрығы жобасына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органның ақпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің ережелерін іске асыру мақсатында |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | Осы әдістеме Парниктік газдар шығарыдыларына квоталармен сауда жасаудың қазақстандық жүйесін теңдестіріп іске асыру үшін арналған |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып, заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Жоқ |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Жоқ |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | www . energo . gov . kz |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | Жоқ |
Заң қызметі
департаментінің директоры М. Хайруллин
«____»____________2014 жыл