«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесінің жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «____» _________ № ___ қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2014 жылғы «____» _______________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің
2014 жылғы « » №
бұйрығымен бекiтiлген
Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi
| Р/с № | Бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн | |||
| 1. | технологиялық желiнi; мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; | технологиялық желiнi; мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; арнайы жабдықталған қойманы; |
|
| 2. | уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламент | уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 3. | жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi; | жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi; |
|
| 4. | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi органда аттестатталған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 5. | өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар | өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 6. | арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары | арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 7. | ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары | ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны |
|
| 8. | ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар | ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны |
|
| Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн | |||
| 1. | мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; өндiрiстiң техникалық жобасына сай келетiн уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн өндiрiстiк-техникалық база | мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты; өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықты қамтитын меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi өндiрiстiк-техникалық базаның бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 2. | жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi; | жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi; |
|
| 3. | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 4. | күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар | күзетуге өндiрiстiк-техникалық базаның иесi мен күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттар бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 5. | арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары | арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 6. | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 7. | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн | |||
| 1. | уларды сақтауға арналған меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған өнеркәсiптiк, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн қойма | уларды сақтауға арналған меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойманың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 2. | еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; | еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды; |
|
| 3. | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамы | тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың бiлiктi құрамының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 4. | арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиiстi лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен күзет қызметiне шарт | арнайы жабдықталған қойманы күзетуге тиiстi лицензиясы бар күзет ұйымымен шарт бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтердiң нысаны |
|
| 5. | арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары | арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
| 6. | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтар | ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулықтың бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын осы бiлiктiлiк талаптары мен құжаттар тiзбесiне сәйкес мәлiметтер нысаны |
|
Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне қосымша
Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне мәлiметтер нысаны
1. Уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн мыналардың бар/жоғы:
1) технологиялық желiнi, мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты, арнайы жабдықталған қойманы, жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын меншiк құқығындағы өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық база:
жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері) _______;
мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат _______;
арнайы жабдықталған қойма __________________;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай____;
технологиялық желiлердiң бар/жоғы туралы ақпарат ____________;
2) уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттiң бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын уларды дайындауға және өңдеуге арналған, мынаны қамтитын технологиялық регламент ___________;
жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:
қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;
4) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________;
лауазымы ______________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _____________;
мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ______________________________;
бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;
арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ______________;
дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi _________________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ________________;
5) өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
өндiрiстiк-техникалық базаны күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;
шартты жасаған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ________________;
6) арнайы қорғаныш киiмi, жеке қорғану құралдары (арнайы қорғаныш киiмiнiң, жеке қорғану құралдарының бар/жоғы туралы ақпарат) ________;
7) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары _________;
8) ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды өндiру, өңдеу, сақтау, өткiзу, жою жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу бойынша нұсқаулық________________.
2. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн:
1) мамандандырылған өндiрiстiк ғимаратты, өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды қамтитын мамандандырылған сыйымдылықты, өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келетiн меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегi және мыналарды қамтитын өндiрiстiк-техникалық база:
жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрі (орналасқан жері)________;
мамандандырылған өндiрiстiк ғимарат __________;
өндiрiстiң техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай)______________________;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жай____;
өзге заңды негiзде болған жағдайда шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________;
шартты жасаған ұйымның атауы ______________________________;
жабдықтарды, тетiктердi, технологиялық желiлердi пайдалану мен техникалық қызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
улардың есепке алынуын қамтамасыз ететiн қызметтер:
қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi_____________________;
3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________;
лауазымы ______________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _______________;
мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ______________________________;
бiлiмi бойынша мамандығы ______________________________;
арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ________;
дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi ______________________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы______________;
4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
өндiрiстiк-техникалық базаны күзетуге жасалған шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;
шарт жасалған, күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________;
5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары:
(арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдарының болуы туралы ақпарат) ______________________________;
6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспарының бар/жоғы туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын жүргiзу кезiнде аварияларды жою жоспары______________________________;
7) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық______________________________.
3. Уларды сатып алу, сақтау, өткiзу жөніндегі кiшi қызмет түрi үшiн:
1) уларды сақтауға арналған өнеркәсiптiк, санитариялық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн меншiк құқығындағы арнайы жабдықталған қойма:
жылжымайтын мүлiктiң кадастрлық нөмiрi (орналасқан жері) _______;
арнайы жабдықталған қойма _______;
2) мыналарды:
еңбек қауiпсiздiгiн бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды;
медициналық бақылауды;
қызметтердi құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;
3) тиiстi арнайы бiлiмi, мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органда аттестаттаған ұйымда өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен мамандардың, инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң және улармен жұмыс iстейтiн жұмысшы персоналдың, мыналарды қамтитын бiлiктi құрамы:
тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________________;
лауазымы ______________________________;
тағайындау туралы бұйрықтың нөмiрi мен күнi _______________;
мамандығы бойынша жұмыс өтiлi ____________________;
бiлiмi бойынша мамандығы _____________________________________;
арнайы бiлiмiн растайтын дипломның нөмiрi мен күнi ________________;
дипломды берген оқу орнының атауы ______________________________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктiң немесе хаттаманың нөмiрi мен күнi ___________;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк қағидаларын оқу және бiлiмiн тексеру туралы куәлiктi немесе хаттаманы берген ұйымның атауы ________________;
4) күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы күзетуге жасалған, мыналарды қамтитын шарт:
арнайы жабдықталған қойманы күзету туралы шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi ______________________________;
шарт жасалған күзет қызметiне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________;
5) арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары (арнайы қорғаныш киiм, жеке қорғану құралдары туралы ақпарат) _____________________;
6) ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын ұйымның басшысы бекiткен уларды сатып алу, сақтау, өткiзу, жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық _____________________.
«Уларды өндiру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___» ______________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттiк |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау шығыстардың ұлғаюын және республикалық немесе жергілікті бюджеттер түсімдерінің қысқаруын көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | Қажет етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында орналасқан |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрлігі Заң
департаментінің директоры А. Алиакпаров

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |