«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесінің жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «____» _________ № ___ қаулысының күші жойылды деп танылған күннен бастап, бірақ оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2014 жылғы «____» _______________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрінің
2014 жылғы « » №
бұйрығымен бекiтiлген
Өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi
| № | Бiлiктiлiк талаптар мыналардың болуын: | Құжаттар | Ескертпе |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану бойынша | |||
| 1. | қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентi | заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiң қолымен куәландырылған қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентi |
|
| 2. | меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде өндiрiстiк база (ғимарат, үй-жайлар). | меншiк құқығын немесе өзге де заңды негiздердi растайтын құжаттардың көшiрмесi |
|
| тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн – инженерлiк құрылыстар, машиналар, тетiктер, құралдар, арнайы көлiктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс | инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны |
| |
| пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн: | лицензияның немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың ; |
| |
| ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу , | тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны |
| |
| химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн: | тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде; |
| |
| 3. | мыналарды: | осы қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмесi |
|
| 4. | тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамы (басшылар үшiн – тиiстi салада жоғары техникалық, мамандар үшiн – кемiнде тиiстi салада орта арнаулы бiлiм) және басшылар үшiн тиiстi салада лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi бойынша кемiнде 3 жыл практикалық тәжiрибесi | заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiң қолымен расталған штат кестесi және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы |
|
| Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi бойынша | |||
| 1. | мыналарды: | мамандандырылған меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiзде гі өндiрiстiк база ның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны |
|
| 2. | қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiк | қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны |
|
| 3. | мынадай мөлшерлерде: | автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оның үлесiнiң болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны |
|
| 4. | кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процесске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал | бiлiктi персоналдың тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi және олардың пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткенi туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны |
|
| 5. | Мамандандырыл ғ ан ө ндiрiстiк базадан ө зге жерде қоршал ғ ан және аумақтық орналасқан меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негiзде гі , қабылдау пунктiн ашқан жа ғ дайда мыналарды ң болуы талап етіледі: 1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай; | қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны |
|
| Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардың өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады. | |||
* Осы өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны
Өнеркәсiп саласындағы
қызметтi жүзеге асыру үшiн
бiлiктiлiк талаптарын және оларға
сәйкестiктi растайтын
құжаттар тiзбесiне
қосымша
Өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесiне мәлiметтер нысаны
1. Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану бойынша қызмет үшiн:
1) тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн:
Инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпарат ________________________________________________________________________________________________________________________________________;
(инженерлiк құрылыстарды, машиналарды, тетiктердi, құралдарды, арнайы көлiктердi және өзге жабдықтарды көрсету);
2) пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзуге:
жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi____;
шарттың нөмiрi _____________;
шарттың жасалған күнi _____________;
жарылғыш заттарды сақтауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның атауы _____________;
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат__________________________________________________________
ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 4) жолдар толтырылмайды;
3) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу, жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу, ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн:
тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат
______________________________________(қолда бар жабдықты көрсету);
4) химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:
тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________(қолда бар тетiктердi, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмiрi және берiлген күнi _____________________________;
аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмiрi _________;
аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күнi ___________.
3), 4) тармақтардағы ақпарат меншiктi зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
2. Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшiн:
1. Меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі мамандандырылған өндiрiстiк база:
1) өндiрiстiк базаның мекенжайы ______________________( қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету);
2) егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ______________________________;
3) шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;
4) қоршаудың болуы туралы ақпарат________________________;
2. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалданған немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпарат______________________________________(әрбiр көлiк құралдардың атауын, техникалық құжаттардың нөмiрлерi және берiлген күндерiн көрсету).
3. Мынадай көлемде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету);
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 1000 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету) автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оның үлесiнiң болуы туралы ақпарат;
жер учаскесiн беру туралы шешiмнiң нөмiрi және оны қабылдаған күнi ________________________________________.
4. Кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:
2) лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiнiң саласындағы жұмыс өтiлi ___.
5. Мамандандырылған өндiрiстiк базадан өзге жерде аумақтық орналасқан жеке меншік немесе өзге де заңды негiздегі, қоршалған қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етіледі:
1) Меншiк құқығындағы немесе өзге де заңды негiздегі қабылдау пунктi:
қабылдау пунктiң мекен-жайы ______________________ (мекен-жайды көрсету);
егер өзге заңды негiзде болатын жағдайда шарттың нөмiрi мен шартқа қол қойылған күнi ______________________________;
шарт жасалған ұйымның атауы ______________________________;
қоршаудың болуы туралы ақпарат________________________;
2) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат___________________________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды көрсету).
«Өнеркәсіп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___» ______________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттiк |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық
|
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | Жоқ |
| 5. | Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме | Аталған нормативтік құқықтық актіні қабылдау шығыстардың ұлғаюын және республикалық немесе жергілікті бюджеттер түсімдерінің қысқаруын көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер | Қажет етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер | Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz ресми сайтында орналасқан |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) |
|
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрлігі Заң
департаментінің директоры А. Алиакпаров

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |