Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1143 қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1)«Республикалық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 22, 283-құжат);
2)«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы № 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі № 839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 387-құжат).
2.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов