Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 14 қазандағы№ 13 бұйрығына
9-қосымша
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу бойынша салааралық үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат беруші функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Департамент мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 110007, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 4.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаментің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаменттің кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Міндеттері:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелерінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың пайда болу себептері мен жағдайларын азайту;
Toggle Dropdown
4) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
Toggle Dropdown
14. Функциялары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын жою мен азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстарды орындауларын мониторингтеу мен бағалауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, халықтың сыбайлас жемқорлықтың қатерлері туралы хабардар болуын арттыру;
Toggle Dropdown
6) қоғамның сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін азайтуға бағытталған, азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
7) сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті өткізу мониторингін жүзеге асыру, әдеттегідей, кейіннен оны мемлекет кірісіне өткізу туралы ақпаратты жариялау;
Toggle Dropdown
8) мемлекеттік қызметтегі кадр құрамы және мемлекеттік лауазымдардың жай-күйі туралы мониторинг жүргізу;
Toggle Dropdown
9) мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін қалыптастыру;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелдерде даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру;
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестіру;
Toggle Dropdown
12) мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдардың мемлекеттік қызмет өткеруіне мониторингті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
13) мемлекеттік қызметшілердің еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
14) мемлекеттік қызметшілерді және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, оларға консультация беру;
Toggle Dropdown
16) мемлекеттік органдар әзірлейтін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына үміткердің сәйкес келуі бөлігінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындауды келісу;
Toggle Dropdown
18) электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарда персоналды басқарудың тиімділігін және мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
19) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қызметті алушылардың қанағаттанушылығына мониторингті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
20) жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі қоғамдық кеңестер құру;
Toggle Dropdown
21) мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Toggle Dropdown
22) жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсету;
Toggle Dropdown
23) мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кеңес беру;
Toggle Dropdown
24) мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеті мен шешіміне жасалған өтініштерін қарау;
Toggle Dropdown
25) мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы сақтауына, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бақылауды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
26) мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарау;
Toggle Dropdown
27) мемлекеттік әкімшілік қызметшілерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастауға келісім беру;
Toggle Dropdown
28) сынақ мерзімінен өтпеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді жұмыстан шығаруды келісу;
Toggle Dropdown
29) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік істерін қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысын үйлестіру;
Toggle Dropdown
30) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
Toggle Dropdown
31) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар бойынша жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу және анықтау қызметінің тәжірибесіне талдау жүргізу;
Toggle Dropdown
32) сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру, жедел-іздестіру қызметінің стратегиясы мен тактикасын белгілеу, қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
Toggle Dropdown
33) Агенттіктің келісімі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
34) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасу;
Toggle Dropdown
35) Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің және Агенттіктің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тексерулер жүргізу, тексерулер жүргізуге мемлекеттік органдардың келісімімен олардың қызметкерлерін тарту;
Toggle Dropdown
3) құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы орындалуы міндетті нұсқамаларды енгізу;
Toggle Dropdown
4) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсыныстарды енгізу;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау;
Toggle Dropdown
6) Департаменттің және оның аймақаралық бөлімшелерінің қызметіне қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
Toggle Dropdown
7) жедел-іздестіру қызметін, анықтауды және алдын ала тергеуді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
8) іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер бойынша шақыру бойынша келуден жалтарып жүрген адамдарды күштеп әкелу;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып кою немесе алуды жүргізу;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
Toggle Dropdown
11) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және хаттама жасау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдану;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті органдардан және лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа тексерістер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаментке және оның құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпарат жүйелерін құру және пайдалану, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
14) азаматтық қоғам институттарымен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен Департамент қызметінің негізгі бағыты бойынша өзара іс-қимыл жасау;
Toggle Dropdown
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болатын Басшы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Департаменттің басшысын Агенттіктің Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Toggle Dropdown
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары, Тәртіптік кеңес Хатшылығының меңгерушісі болады.
Toggle Dropdown
19. Департамент басшысының өкілеттігі:
Toggle Dropdown
1) Департаменттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, соның ішінде алдын ала тергеу, анықтау және жедел-іздестіру қызметінің мәселелері бойынша, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
2) Департамент жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) және оның құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін айқындайды;
Toggle Dropdown
3) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің (қызметкерлерінің) орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
5) Агенттіктің қарауына Департаменттің, оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлерін (қызметкерлерін) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау және құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Департамент атынан өкілдік етеді;
Toggle Dropdown
7) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
Департамент басшысы орнында болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.
Toggle Dropdown
21. Департамент басшысының консультативтік-кеңесші органдар құруға құқығы бар.
Toggle Dropdown
4. Департаменттің мүлкі
Toggle Dropdown
22. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Департаменттің мүлкі мемлекет берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда), Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
23. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
24. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
25. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.