• Мое избранное
«Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы», «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы», «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы», «Энергетикалық ұйым басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін бекіту туралы» бұйрық жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы», «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы», «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы», «Энергетикалық ұйым басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін бекіту туралы» бұйрық жобаларына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 13 қарашадағы № 12938 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
2014 жылғы 09 қазандағы
№ 12-2-585 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
1) «Қазақстанның бiртұтас электр энергетикасы жүйесiнде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» бұйрық жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.  
2) «Техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
3) «Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.
4) «Энергетикалық ұйым басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдістемесін, тәртібін және мерзімдерін бекіту туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – әдістеме жобасы) бойынша.  
Әдістеме жобасының 7-тармағында энергетикалық ұйым басшыларын аттестаттаудан өткізу алдындағы МЭҚ-тың іс-қимылдар тәртібі айқындалған. Осылайша, МЭҚ басшысының бұйрығымен аттестаттауға жататын тұлғалар тізімі, аттестаттауды өткізу мерзімдері және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі бекітіледі.  
Бұл ретте, энергетикалық ұйым мамандарын аттестаттаудан өткізу үшін осыған ұқсас іс-қимылдар тәртібі жоқ.  
Осыған орай, әдістеме жобасын энергетикалық ұйым мамандарын аттестаттаудан өткізу алдындағы іс-қимылдар тәртібімен толықтыру қажет деп санаймыз.  
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –  
Басқарма Төрағасының орынбасары М. Дузбаева