• Мое избранное

Отправить по почте

«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 12975 сараптамалық қорытындысы

«Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Әдістеме жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Әдістеме жобасының 2-тармағына сәйкес осы Әдістеме жобасының мақсаты өңірлік электр желілік компаниялардың (бұдан әрі – ӨЭК) өндірістік және қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Сонымен бірге, «Салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып тарифтерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» ҚР ТМРА-ның 2012 жылғы 27 маусымдағы № 152-НҚ бұйрығының қолдану кезеңінде агенттік салыстырмалы талдау әдісі негізінде тариф белгілеу тетігін енгізу нәтижелеріне талдау, аталған әдістің тиімділігіне және оны келешекте қолдану орындылығына бағалау жүргізбеген.
Әдістеме жобасында ӨЭК-тердің өндірістік, технологиялық және өңірлік ерекшеліктері ескерілмеген, олардың барлығы бір топқа біріктірілген. Параметрлерін дұрыс салыстыру мақсатында Әдістеме жобасының 4-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«1) ӨЭК қызметі тиімділігінің параметрлерін технологиялық ерекшеліктері және өзге де белгілері бойынша топтарға бөлінген басқа ӨЭК қызметін салыстырмалы талдау нәтижесінде айқындау;»
Х-факторды есептеу тетігі айқын емес, ӨЭК үшін тиімділік коэфициентін, пайданың ұйғарынды деңгейін есептеу дұрыстығы бойынша сұрақтар туындайды. Әдістеме жобасының 2-бөлімінде мынадай мазмұндағы тармақты көздей отырып, Х-фактордың есептеуін ӨЭК үшін қолжетімді ету қажет:
«8) Салыстырмалы талдау жүргізудің ашықтығын анықтау шеңберінде нәтижелі белгі шамасының есептері ӨЭК-ге жіберіліп, олардың өндірістік қызметінің тиімділігін жақсарту мақсатында келешекте талдау жүргізу үшін қолданылады.»
Жоғарыда баяндалған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Әдістеме жобасы бірталай пысықтауды қажет етеді деп санаймыз.