2014 жылғы 22 қазандағы № 42-03-12-321 хатқа










Отправить по почте
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы», «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған акті», «Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекіту туралы», «Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзудiң ережесiн бекіту туралы», «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы», «Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға оларды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативтерін бекіту туралы», «Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтар және «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 13142 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баскару комитеті
2014 жылғы 22 қазандағы № 42-03-12-321 хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі бұйрықтарының жобаларын қарап, мынадай:
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы»;
«Аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту туралы» жобаларға қатысты ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауына Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2014 жылғы 13 қазандағы № 6-1-11/3388-И хатпен «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары» Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысының жобасы келіп түскендігін хабарлаймыз (жоба мен ҰКП ескертулері қоса беріледі).
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баскару комитетінің құзыретіне жататындығын атап өтеміз.
Басқарма мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |