2014 жылғы 15 қазандағы № 9-2-6/3725-и хатқа










Отправить по почте
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 13429 сараптамалық қорытындысы
2014 жылғы 15 қазандағы № 9-2-6/3725-и хатқа
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес, нормативтік құқықтық актінің ережелері нақты және әртүрлі түсіндіруге жатпайтын мағынаны қамтуға тиіс.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – бұл коммерциялық емес, өзін-өзі реттейтін ұйым. Сонымен бірге, аталған Заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес Ұлттық палата коммерциялық емес ұйымның өзге ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Сонымен қатар, Қағидаларда пайдаланатын «қоғамдық ұйым» деген ұғымды әртүрлі түсінуге болады.
Осындай жағдайда әкімнің шешімімен құрылатын комиссия, оның құрамына өсімдік шаруашылығы саласына қатысы жоқ кез келген қоғамдық ұйымды қосқан кезде де құрылуы мүмкін.
Осындай тәртіппен құрылған комиссияның жұмысы формальды сипатта болады деп санаймыз.
Осыған орай, Қағидалар жобасының 5-тармағының 4) тармақшасын «облыстық комиссиялар құрамына Өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен салалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қосу» деген сөздермен толықтыруды, сондай-ақ комиссияның сандық құрамына өзгерістер енгізуді ұсынамыз. Бұл ретте қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің саны комиссияның жалпы құрамының жартысынан кем болмауы тиіс.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау кезінде көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес негізделген жауап жіберуді сұраймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің Хатшылығы хатшысының орынбасары М. Уксикбаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |