• Мое избранное
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 15 қазанда № 9803 тіркелді

Осы Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 жылғы № 249 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.04.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне келісуге ұсынсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 27 тамыздағы
№ 167 қаулысымен
бекітілген
  • 1
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары
Нұсқаулық атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (02.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.04.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
1) айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, осы бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шот;
2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешен қолданыла отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;
3) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі - бағалы қағаздарды ұстаушыларды, сондай-ақ оларға тиесілі бағалы қағаздардың түрін және санын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілі бір күндегі осы ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы;
4) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) меншік иесі және (немесе) орталық депозитарий болып табылатын тізілімдер жүйесінде тіркелген тұлғаға ашылған, мәмілелерді тіркеу мен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
5) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке тізілімдер жүйесінде ашылған, орналастырылмаған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
6) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
7) операциялық күн - тіркеуші бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тіркеуді және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
8) инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларын есепке алуға арналған инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының жеке шоты – инвестициялық пай қорының айналыстағы орналастырылған пайларының санын есепке алу жүзеге асырылатын тiзiлiмдер жүйесiндегi жеке шот;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9) ортақ өкілдің жеке шоты - бірнеше адамға меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының) есепке алу жүзеге асырылатын тізілімдер жүйесіндегі ортақ меншік қатысушыларының ортақ өкіліне ашылған жеке шот;
10) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.09.2017 жылғы № 169 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 25.09.2017 жылдан бастап)
11) тізілімдер жүйесіндегі операция - нәтижесі тізілімдер жүйесіне деректерді енгізу немесе оларды өзгерту және (немесе) тізілімдер жүйесінен ақпаратты дайындау және беру болып табылатын тіркеуші іс-әрекеттерінің жиынтығы;
12) тіркеуші - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
14) ұстаушылары талап етпеген орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - ұстаушы (ұстаушылар) ақы төлеген, бірақ ұстаушы (ұстаушылар) тиісті бұйрықты (бұйрықтарды) ұсынбауына байланысты оның (олардың) жеке шотына (шоттарына) есепке алынбаған, орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот;
15) ішкі бақылау - тіркеушінің органдары және уәкілетті қызметкерлері жүзеге асыратын, тіркеушінің, оның бөлімшелері мен қызметкерлері қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге, тіркеуші қызметінің нәтижелері туралы дәйекті есептілікті беруге, тіркеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасын және тіркеушінің ішкі құжаттарын сақтауына, сондай-ақ тіркеушінің органдарын және басшы қызметкерлерін тіркеушінің қызметіне тән тәуекелдер туралы уақтылы хабардар етуге бағытталған рәсімдер жиынтығы;
16) электрондық құжат - ақпараты электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
17) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық нышандар терімі;
18) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары;
19) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу үшін тізілімдер жүйесінде эмитентке ашылған жеке шот.
3. Тіркеуші ішкі бақылауды тіркеушінің басқару органы бекіткен, мыналар:
1) ішкі бақылау объектісі;
2) тіркеушінің ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлеріне қойылатын талаптар;
3) тіркеушінің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері жүзеге асыратын ішкі бақылау рәсімдері, оларды жүргізудің мерзімдері мен тәртібі;
4) тіркеушінің ішкі бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерінің тіркеушінің органдарын ішкі бақылаудың нәтижелері туралы хабардар етуінің тәртібі және мерзімдері айқындалатын өзінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
4. Тіркеушінің басқару органы ішкі аудит қызметін құруды қамтамасыз етеді және ішкі аудит қызметінің ішкі аудит саласындағы өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасайды.
Ішкі аудит қызметінің қызметі мәселелері бойынша тіркеушінің басқару органы бекіткен ішкі құжаттарында мыналар:
ішкі аудит қызметінің құрамы, оның функциялары, міндеттері мен өкілеттіктері;
ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлерге қойылатын талаптар;
ішкі аудит объектісі;
ішкі аудит қызметінің тексерістерді жүргізу ауқымы мен жиілігі;
ішкі аудитті жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптар;
ішкі аудит қызметінің тіркеушінің басқару органына тексерістердің нәтижелері туралы есептерді ұсыну мерзімдері мен нысандары айқындалады.
5. Тіркеушінің ішкі бақылауды және (немесе) ішкі аудитті жүзеге асыратын қызметкерлері ішкі бақылаудың және (немесе) ішкі аудиттің объектісі болып табылатын қызметтің түрлерін жүзеге асырмайды.
6. Тіркеушінің операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының кемінде жеті сағатын құрайды.
7. Тізілімдер жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) иеленушілерге не орталық депозитарийге жеке шоттар ашылады.
Жеке шотты ашу тіркеуші «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген тиісті тексеру шараларын қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
Тізілімдер жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шоттарда меншік құқығымен орталық депозитарийге тиесілі бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары), сондай-ақ клиенттерінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) есепке алынады.  
8. Тiркеушiнiң тiзiлiмдер жүйесін қалыптастыру бойынша iс-әрекетi эмитент, бұрын бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізген тіркеуші және бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушы ұсынған мәлiметтердi қабылдаудан, тексеруден, өңдеуден, тiзiлiмдер жүйесіне енгізуден тұрады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 жылғы № 259 Қаулысына сәйкес (25.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2017 жылдан бастап)