• Мое избранное

Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 960 Жарлығы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2014 жылғы 18 қарашадағы
 № 960 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 30, 253-құжат; № 55-56, 538-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
көрсетілген комиссияның құрамынан Ә.Р. Жақсыбеков шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат; 2010 ж., № 10, 115-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 53, 714-құжат; № 77-78, 1131-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 28, 227-құжат; № 55-56, 538-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
1
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығымен (18.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)