• Мое избранное
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2019 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 62 бұйрығына 1-қосымша

  • 2
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Ереже өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 03.12.2015 жылғы № 690 Бұйрығымен (20.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің м.а. 25.07.2016 жылғы № 341 Бұйрығына сәйкес (03.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Ереже күшін жойды 2019 жылғы 30 шілдеден бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Жауапты хатшысының 01.08.2019 жылғы № 9-Ө Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.05.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, тиісті үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Комитеттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрығымен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы Энергетика министрімен келісе отырып, Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.
8. Комитеттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 ғимарат.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 23.10.2017 жылғы № 668-ж Бұйрығына сәйкес (25.09.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Комитеттің толық атауы:
мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение «Комитет экологического регулирования и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан».
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
12. Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау мәні бойынша Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы ұсынылса, онда ондай қызметтен алынған табыс республикалық бюджеттің табысына бағытталады.
2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен
 міндеттері
13. Комитеттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды сақтау және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу;
2) қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін өз құзыреті шегінде жетілдіру;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу;
4) эмиссияларды ұйымдастыру, үйлестіру, нормалау және экологиялық рұқсаттарды беруді жүзеге асыру;
5) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру.
14. Комитеттің негізгі функциялары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады және орталық атқарушы органның стратегиялық функцияларын орындауға қатысады;
3) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министрліктердің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
4) құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5) жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
7) өз құзыреті шегінде лицензиялауды немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асырады;
8) рұқсат берілетін бақылауды жүзеге асырады;
9) өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-1) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы немесе қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы құрамында І санаттағы объектілер бойынша жобаларға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізеді;
14-тармақ 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-2) ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жобалардың экологиялық сараптамасын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
14-тармақ 9-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-3) табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келіседі;
14-тармақ 9-3-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
10) құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді және оларда қоршаған ортаға эмиссияға арналған лимиттерді белгілейді;
11) кешенді экологиялық рұқсаттар береді;
12) өз құзыретінің шегінде табиғат ресурстарын пайдалану саласында лицензия, рұқсат, шарттар (келісімшарттар) беруді келіседі;
13) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған лицензияны беруді жүзеге асырады (қызметтің кіші түрлері: табиғатты пайдалануды жобалау, шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін нормалау; шаруашылық және өзге де қызметтердің І санаты үшін экологиялық аудит);
13-1) қауіпті қалдықтарды экспорттауға және импорттауға лицензия береді;
14-тармақ 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
13-2) озонды бұзатын заттардың және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнімдердің экспорты мен импортына лицензия береді;
14-тармақ 13-2-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
14) озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып, жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат береді;
15) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдайды;
16) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару, мемлекеттік экологиялық сараптама, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастырады және жетілдіреді;
17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз етеді;
ең озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;
18) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
18-тармақша алынып тасталды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығымен (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
19) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізеді;
20) мыналарға мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асырады:
20-тармақша өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына;
қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың аяқталуына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жердiң Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес оны одан әрi пайдалану үшiн жарамды жай-күйге келтiрiлуiне;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына;
жер қойнауының ластанудан, су басудан және қоршаған орта объектiлерiн бүлдіруге алып келетін техногендiк процестерден сақталуына;
жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының сақталуына;
жер қойнауы учаскесінiң және жер қойнауын пайдалану объектілерінің консервациялануына, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу салдарының жойылуына;
жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды қайта өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуына;  
пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына;
жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына;
зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына;  
су сапасы нормативтерiнiң сақталуына;  
атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, қағидалар мен өзге де талаптардың сақталуына;  
қалдықтарды қоймаға жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына;
парниктік газдар шығарындыларын жүзеге асырған кезде талаптардың сақталуына;
қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу қағидаларының сақталуына;
экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына;  
өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен қағидаларының сақталуына;
ластаушы заттар шығарындыларының, төгінділерінің стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлерге қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына;
тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына;  
өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен қағидаларының сақталуына;  
Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына;  
қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың бiлiктiлiк талаптары мен қағидаларының сақталуына;  
мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына;  
мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына;  
қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау қағидаларының сақталуына;
озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы төлеу жөніндегі талаптарды орындауына;
өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде айқындалған талаптарды орындауына;
21) өз құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
22) өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтарында және бөліктерінде шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
23) жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
24) әкімшілендіру субъектілері шығарған парниктік газдар шығарындыларының көлемін бақылауды жүзеге асырады;
25) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу және жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу салдарынан келтiрiлген залалдың мөлшерiн айқындайды;
26) құрамында кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын, сондай-ақ барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын келiседi;
27) мұнай өнімдерін өндіру және айналымы кезінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
28) шаруашылық және қызметтің экологиялық қауіпті өзге де түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасуы бойынша міндеттерін орындауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
29) полигондарда қалдықтарды орналастыру және полигондарды ұстау талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
29-1) табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық немесе өзге де рұқсаттарда көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған, қоршаған ортаға және (немесе) халық денсаулығына аса ірі нұқсан келтiрген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен табиғат пайдалануға арналған экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе олардан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;
14-тармақ 29-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
30) мемлекеттік экологиялық бақылау органдарының жүйесіндегі зертханалық-талдамалық бақылау қызметтерінің қызметін жетілдіреді;
31) жарғысында қоғамдық экологиялық бақылау функциялары көзделген қоғамдық бірлестіктердің тізбесін жасайды;
32) Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай операцияларын жүргізу кезінде фондық экологиялық зерттеулер бағдарламаларын келіседі;
33) Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және экологиялық дәліздердің аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісуді жүзеге асырады;
34) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
34-1) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және тексеру нәтижелері туралы актіге шағымдарды қарастырады;
14-тармақ 34-1-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
35) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
36) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
36-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
37) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
15. Комитет өз құзыреті шегінде: 
1) министрліктерден, ведомстволардан және өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты өз құзыреті шегінде алады;
2) кеңесу органы болып табылатын Мемлекеттік экологиялық сараптама жөніндегі Сарапшылық кеңесті құру туралы ұсыныстарды енгізеді;
3) мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаларды, талдау нәтижелерін және өзге материалдарды сұрастырады және алады;
4) Қазақстан Республикасының қоршаған табиғи ортаны және табиғат ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларының және болжамдарының жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
5) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6) өз құзыреті шегінде халықаралық экологиялық ұйымдармен, шетел заңды тұлғаларымен өзара әрекеттестікті ұйымдастырады және жүзеге асырады, Қазақстан Республикасымен қабылданған келісімдер мен конвенцияларды, экологиялық бағдарламаларды және жобаларды орындау жөніндегі мемлекетаралық ынтымақтастыққа қатысады;
7) аумақтық экология департаменттерінің қызметтерін қадағалау және үйлестіру және бақылау бойынша басшылықты жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
16. Комитеттің міндеттеріне мыналар кіреді:
1) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру; 
2) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салған ретте қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
3) Комитет қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге;
4) Министрлік басшылығына немесе құқық қорғау органдарына белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы жеткізу.
5) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, олардағы сын ескертпелердi талдау және қорыту, жұмысты жетiлдiру әрi жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеу.
16-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Энергетика министрінің 25.09.2017 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру
17. Комитеттің басшылығы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
18. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика министрі қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады.
19. Комитет төрағасы Комитет төрағасының ұсынысы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысымен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарларға ие.
20. Комитетпен қабылданатын шешімдер Комитет Төрағасының бұйрығымен рәсімделеді.
21. Комитет Төрағасының өкілеттері:
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Төрағаның орынбасарларын қоспағанда, лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
2) заңнамада бекітілген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, Комитеттің аумақтық органдары - экология департаменттері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілік арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру мәселелерін, сонымен қатар тәртіптік жауапкершіліктерін шешеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шара қолданады және ол үшін жеке жауапкершілік артады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде Комитеттің атынан түседі;
5) Министрліктің жауапты хатшысына Комитеттің және оның аумақтық органдарының құрылымы мен штаттық санын өзгерту туралы ұсыныстарды енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес оның құзыретіне жататын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. Төраға болмаған кезенде оның өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
23 Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет атынан мемлекеттік органдарға және Министрлігінің құрылымдық бөлімдерімен жіберілетін құжаттарға Комитет басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
4. Комитеттің мүлкі
24. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығармайды немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етпейді.
27. Комитеттің осы Ереженің қосымшасында көрсетілген тізімге сәйкес аумақтық органдары бар.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
28. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы Энергетика
 министрлігінің Экологиялық реттеу және
 бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік
 мекемесінің ережесіне
қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 10.09.2018 жылғы № 770-ж Бұйрығына сәйкес (23.10.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелер – аумақтық органдардың тізбесі
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің» «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 26.04.2019 жылғы № 143 Бұйрығына сәйкес (10.09.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;  
6) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
11) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
12) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
13) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
14) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
15) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
16) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
17) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.