• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – ЗТМО-дан төленетін зейнетақы төлемдері) – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемi;
2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – департаменттер) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары;
3) ЗТМО-дан зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
5) Орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) Орталықтың бөлімшелері – Орталықтың қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) ОДҚ – Орталықтың орталық дерекқоры.
3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аумақтық бөлімшелері көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының;
2) «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының;
3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті мекенжайы мемлекеттік қызмет Стандартына 1-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.