• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 2-қосымша

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
2-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
2) зейнетақылар тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрi – уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
5) орталықтың филиалы – Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – үкіметтік ақпаратқа бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе шоғырландырылған, барлық нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталық дерекқоры;
10) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардағы жауапты тұлғалар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтанбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1, 2-тармақтарының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының негізінде көрсетіледі;
3) «Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының;
4) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижелері:
1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде және орталықта: мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі туралы қағаз жеткізгіштегі зейнетақы куәлігін беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы немесе қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап;
2) порталда: тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау жөніндегі электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Стандарттың 1-қосымшада және 2-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері және орталық көрсетеді.
Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында белгіленген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті ұйым бөлімшесінің www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) орталықтағы, уәкілетті ұйымның бөлімшесіндегі стенділерде;
5) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйым бөлімшесінің call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сауал алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) орталық маманы мемлекеттік қызмет алушы жолыққан сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (құжаттар қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) осы екі дана хабарлама толтырады, мемлекеттік қызмет тағайындау үшін қабылдаған өтініш пен қоса барлық қабылданған құжаттармен қосымша ресімделген құжаттардың тізілімнің бір данасын курьер қызметі арқылы уәкілетті ұйымдық бөлімшесіне жібереді. Уәкілетті ұйымдық бөлімшесі орталықтың екі хабарламасына да құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қояды;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшелері мемлекеттік қызмет алушыдан және орталықтан (ресімделген құжаттардың тізілім арқылы) өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады;
3) уәкiлеттi ұйымның филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен шешiмнiң жобасын екi жұмыс күнi iшiнде қарайды, есептiң және шешiмнiң дұрыс ресiмделуiн тексередi;
4) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмнiң жобасымен қоса келiп түскен электрондық iс макетiн бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның маманы:
шешiмдi электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi және электрондық iс макетiн шешiммен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы жiбередi. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмде және электрондық хабарламаға бас тарту негiздемесiн көрсетедi;
Жәрдемақы тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентке 1, 2-қосымшадағы нысандарға сәйкес мемлекеттік қызметтің тағайындалғаны туралы хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыны хабардар ету үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне және орталыққа жібереді. Мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хаты қоса беріледі;
сканермен көшiрiлген электрондық iс макетiнiң берiлген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiмен салыстыру үшiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен iстiң макетiн сұратады;
егер мемлекеттік қызметті тағайындау туралы шешім шығару үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған немесе іс макеті толық емес және сапасыз болған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiн уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне, келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қайтарылған электронды iс макетi қосымша құжаттармен қайта ресiмдеу үшін қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.