Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
3-қосымша
«Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
2) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) жәрдемақы алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) – Қазақстан Республикасы азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;
5) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетілуін жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – үкіметтік ақпаратқа бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе шоғырландырылған, барлық нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерек қоры;
10) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардағы жауапты тұлғалар, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтанбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
3. Мемлекеттік қызметті жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
1) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2, 3-тармағының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысының;
4) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілетті ұйымда немесе орталықта: мемлекеттік қызметті тағайындау не жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы шешімінің көшірмесін бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
2) порталда: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу не қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Стандарттың 1-қосымшада және 2-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері және орталық көрсетеді.
Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында белгіленген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) орталықтағы, уәкілетті ұйым бөлімшесіндегі стенділерде;
5) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйым бөлімшесі call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сауал алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) орталық маманы мемлекеттік қызмет алушы жолыққан сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (құжаттар қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) екі ресімделген құжаттардың тізілімі толтырады, мемлекеттік қызмет тағайындау үшін қабылдаған өтініш пен қоса барлық қабылданған құжаттармен қосымша ресімделген құжаттардың тізілімнің бір данасын курьер қызметі арқылы уәкілетті ұйымдық бөлімшесіне жібереді. Уәкілетті ұйымдық бөлімшесі орталықтың екі ресімделген құжаттардың тізіліміне де құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қояды;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшелері мемлекеттік қызмет алушыдан және орталықтан (тізілімі арқылы) өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады.
3) уәкiлеттi ұйымның филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен шешiмнiң жобасын екi жұмыс күнi iшiнде қарайды, есептiң және шешiмнiң дұрыс ресiмделуiн тексередi;
4) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмнiң жобасымен қоса келiп түскен электрондық iс макетiн бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның маманы:
шешiмдi электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi және электрондық iс макетiн шешiммен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы жiбередi. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмде және электрондық хабарламаға бас тарту негiздемесiн көрсетедi;
Жәрдемақы тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентке 1, 2-қосымшадағы нысандарға сәйкес мемлекеттік қызметтің тағайындалғаны туралы хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыны хабардар ету үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне және орталыққа жібереді. Мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хаты қоса беріледі;
сканермен көшiрiлген электрондық iс макетiнiң берiлген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiмен салыстыру үшiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен iстiң макетiн сұратады;
егер мемлекеттік қызметті тағайындау туралы шешім шығару үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған немесе іс макеті толық емес және сапасыз болған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiн уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне, келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қайтарылған электронды iс макетi қосымша құжаттармен қайта ресiмдеу үшін қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.