• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 5-қосымша

5-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
5-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығымен (13.04.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – әлеуметтік аударымдар алымын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталғанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды тұлға;
2) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
3) әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым – (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді аударуды жүзеге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербестендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін мемлекеттік кәсіпорын;
4) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
6) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталық дерекқоры;
7) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган);
8) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) - республикалық мемлекеттік кәсіпорын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштер қабылдау мен құжаттарды беру жөнінде және (немесе) заңды тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын;
9) мемлекеттік қызмет көрсету процесске қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.
3. Мемлекеттік қызметті зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қатерлер: еңбек ету қабілетінен айрылған; асыраушысынан айрылған; жұмысынан айрылған; жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айрылған, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айрылған, баланы бiр жасқа толғанға дейiн күтуге байланысты табысынан айрылған жағдайларда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 20, 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарының, оның ішінде:
еңбек қабілетінен айрылған жағдайға – Заңның 21-бабы;
асыраушысынан айрылу жағдайына – Заңның 22-бабы;
жұмысынан айрылу жағдайына – Заңның 23-бабы;
жүктi болу мен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда – Заңның 23-1-бабы;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда – Заңның 23-2-бабының;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабының;
3) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1307 қаулысының;
4) Стандарттың негізінде ұсынылады.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тағайындау не бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі аумақтық орган шешімінің көшірмесін бере отырып қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Стандарттың 1-қосымшада және 2-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері және орталық көрсетеді.
Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында белгіленген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат: