Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
6-қосымша
«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
3) алушы - бала тууға және (немесе) бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы);
4) уәкілетті ұйым – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін жүзеге асыратын ұйым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны);
5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – электрондық мемлекеттік қызметтерге және нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерекқоры;
10) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
3. Мемлекеттік қызметті жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
1) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағы;
2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауы;
4) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта:
бала тууға және (немесе) баланың күтімі бойынша жәрдемақылар (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап;
тағайындалған бала тууға және (немесе) баланың күтімі бойынша жәрдемақылар туралы ақпарат алу не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Стандарттың 1-қосымшада және 2-қосымшада көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері және орталық көрсетеді.
Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында белгіленген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) уәкілетті ұйым бөлімшесіндегі, орталықтағы стенділерде;
5) e.gov.kz порталында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты, сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйым бөлімшесі call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) орталық маманы мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (құжаттар қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) екі дана ресімделген құжаттардың тізілімі толтырады, мемлекеттік қызмет тағайындау үшін қабылдаған өтініш және құжаттармен қоса хабарламаның бір данасын курьер қызметі арқылы уәкілетті ұйымдық бөлімшесіне жібереді. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі орталықтың тізілімнің екі данасына да құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қояды;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі мемлекеттік қызмет алушыдан және орталықтан (тізілім арқылы) өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады.
3) уәкiлеттi ұйымның филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен шешiмнiң жобасын екi жұмыс күнi iшiнде қарайды, есептiң және шешiмнiң дұрыс ресiмделуiн тексередi;
4) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмнiң жобасымен қоса келiп түскен электрондық iс макетiн бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның маманы:
шешiмдi электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi және электрондық iс макетiн шешiммен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы жiбередi. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмде және электрондық хабарламада бас тарту негiздемесiн көрсетедi;
жәрдемақы тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентке 1, 2-қосымшалардағы нысандарға сәйкес мемлекеттік қызметтің тағайындалғаны туралы хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыны хабардар ету үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне және орталыққа жібереді. Мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқан жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хаты қоса беріледі;
сканермен көшiрiлген электрондық iс макетiнiң берiлген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiмен салыстыру үшiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен iстiң макетiн сұратады;
егер мемлекеттік қызметті тағайындау туралы шешім шығару үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған немесе іс макеті толық емес және сапасыз болған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiн уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне, келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде электрондық iс макетiн жетіспейтін құжаттармен қайта ресiмдеу үшін қайтарады.