Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 13 сәуірдегі
№ 127-ө бұйрығына
7-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
3) алушы - «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы);
4) уәкілетті ұйым – арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлемін жүзеге асыратын ұйым (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны);
5) уәкілетті ұйымның бөлімшелері – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері;
6) уәкілетті ұйымның филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
7) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
8) «электронды үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – электрондық мемлекеттік қызметтерге және нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа қолжетімділіктің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
9) ОДҚ – уәкілетті ұйымның орталықтандырылған дерекқоры;
10) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
3. Мемлекеттік қызметті арнаулы жәрдемақыны тағайындау жөніндегі уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
Өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру уәкілетті ұйымның бөлімшесі және орталық арқылы асырылады, олардың мекенжайлары Стандартқа 1, 2-қосымшаларда көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
1) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1, 2-тармағының;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының;
3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта: арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызметті, мекенжайы мен жұмыс кестесі Стандарттың 1, 2-қосымшаларда көрсетілген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның аудандық, қалалық бөлімшелері және орталық көрсетеді.
Жұмыс кестесі Стандарттың 9-тармағында белгіленген.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
2) уәкілетті ұйымның www.gcvp.kz интернет-ресурсында;
3) орталықтың www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) уәкілетті ұйым бөлімшесіндегі, орталықтағы стенділерде;
5) e.gov.kz порталында орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты сондай-ақ call-орталығының (1414) телефоны және уәкілетті ұйым бөлімшесі call-орталығының (1411) телефоны бойынша алуға болады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
10. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі болып табылады.
11. Мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) орталық маманы мемлекеттік қызмет алушы өтініш берген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде (құжаттар қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) екі дана ресімделген құжаттардың тізілімі толтырады, мемлекеттік қызмет тағайындау үшін қабылданған өтініш және құжаттармен қоса тізілімін бір данасын курьер қызметі арқылы уәкілетті ұйым бөлімшесіне жібереді. Уәкілетті ұйымның бөлімшесі орталықтың тізілімнің екі данасына да құжаттарды қабылдағаны туралы белгі қояды;
2) уәкілетті ұйымның бөлімшесі мемлекеттік қызмет алушыдан және орталықтан (тізілім арқылы) өтініш пен құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушының қағаз жеткізгіштегі іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады.
3) уәкiлеттi ұйымның филиалы келiп түскен электрондық iс макетi мен шешiмнiң жобасын екi жұмыс күнi iшiнде қарайды, есептiң және шешiмнiң дұрыс ресiмделуiн тексередi;
4) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмнiң жобасымен қоса келiп түскен электрондық iс макетiн бес жұмыс күнi iшiнде қарайды және жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.
Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның маманы:
шешiмдi электрондық журналда нөмiр бере отырып, автоматты режимде тiркейдi және электрондық iс макетiн шешiммен және электрондық хабарламамен қоса уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiне электрондық байланыс арқылы жiбередi. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган шешiмде және электрондық хабарламада бас тарту негiздемесiн көрсетедi;
жәрдемақы тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту) шешім қабылданған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Регламентке 1, 2-қосымшалардағы нысандарға сәйкес мемлекеттік қызметтің тағайындалғаны туралы хабарламаны мемлекеттік қызмет алушыны хабардар ету үшін уәкілетті ұйымның бөлімшесіне және орталыққа жібереді. Мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқан жағдайда бас тарту хабарламасына жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның бас тарту себептерi туралы хаты қоса беріледі;
сканермен көшiрiлген электрондық iс макетiнiң берiлген құжаттарында күмән туындаған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiмен салыстыру үшiн уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнен iстiң макетiн сұратады;
егер мемлекеттік қызметті тағайындау туралы шешім шығару үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған не іс макеті толық емес және сапасыз болған жағдайда жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган электрондық iс макетiн уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне, келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде электрондық iс макетiн жетіспейтін құжаттармен қайта ресiмдеу үшін қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиiстi бағанында қайтарудың нақты себебi көрсетiледi.
Уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесiне электрондық iс макетi келiп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмеген жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган бар құжаттар негізінде электронды шешім немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
5) уәкiлеттi ұйымның бөлiмшесi жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органнан мемлекеттік қызметті тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) хабарлама және электрондық іс макеті мен тағайындау туралы шешім келiп түскен күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде:
электрондық шешімді басып шығарып, өтiнiш иесiнiң iс макетiне қосып тiгедi және ОДҚ тиісті мәліметті енгізеді;