• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті3
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 8-қосымша

8-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент 8-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) жоғары құрылымдық бөлімше – уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және бақылау бөлімі;
2) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі – МӘС бөлімі) – уәкілетті органның медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі;
3) мемлекеттік қызмет алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
4) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты адамдары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 7-бабы 2-тармағының;
2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 21-бабы 3-тармағының;
3) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы № 30 Заңының 24-бабы 2-тармағының;
4) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабының;
5) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысының;
6) «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысының;
7) «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 7 желтоқсандағы № 286-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3317 болып енгізілді);
8) Стандарттың негізінде көрсетіледі.