• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Внимание! Документ утратил силу с 01.04.2014 г.
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 240 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 127-ө бұйрығына 10-қосымша

10-қосымша күшін жойды 14.06.2014 жылдан бастап ҚР Еңбек халықты әлеуметтік қорғау министрінің 01.04.2014 жылғы № 139-ө Бұйрығына сәйкес
«Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Регламент 10-қосымшамен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.12.2012 жылғы № 468-ө-м Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жерлеуге арналған біржолғы төлем – зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, оны жерлеудi жүзеге асырған адамға берілетін біржолғы төлем.
2) жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
3) жерлеуге арналған біржолғы төлемді алушы (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) – уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін алушыны, сондай-ақ оның ішінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға;
4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
5) уәкiлеттi ұйымның филиалы – уәкiлеттi ұйымның облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;
6) уәкiлеттi ұйымның бөлімшелері – уәкiлеттi ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
7) ОДҚ – уәкiлеттi ұйымның Орталық дерекқоры;
8) мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – бұл мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері;
9) электрондық-цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
3. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган көрсетеді, олардың мекенжайлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 393 қаулысымен бекітілген «Жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау» стандартына (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшада көрсетілген.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Заңының 11-бабы 32-тармағының;
2) «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-1-тармағының;
3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 8-бабы 2, 3-тармақтарының;
4) «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 7-бабының;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесінің;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы ережесінің негізінде көрсетіледі.
6. Уәкілетті ұйым бөлімшесінде немесе орталықта уәкілетті органның шешімінің көшірмесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жерлеуге арналған біржолғы төлем туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап нәтижесі болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар