• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 06.06.2022 г

Отправить по почте

"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1212 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 6 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 03.06.2022 жылғы № 361 Қаулысына сәйкес 
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:

71.

«Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

82.

«Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.