Toggle Dropdown
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 205 бұйрығы
Toggle Dropdown
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық-экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық ұйымдар үшін медициналық шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін және шығын сыйымдылық көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«15-1) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі;»;
Toggle Dropdown
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 19-қосымшамен толықтырылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 2014 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 205 бұйрығына
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 11 бұйрығына
19-қосымша
Toggle Dropdown
Шығын сыйымдылық коэффициенті қолданылатын медициналық ұйымдардың тізбесі