• Мое избранное

Отправить по почте

Бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 қазанда № 9818 тіркелді

Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгерістер енгізілді, мемлекеттік тілдегі бұйрықтың атауы өзгеріссіз қалды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына|521455392]] сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 жылғы № 3-3/1119 Бұйрығымен (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.02.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (25.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдарын;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қой тұқымдарын;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өнімділіктің етті-майлы бағытындағы қойларды;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларын;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес өнімділік бағытындағы жылқыларды;
осы бұйрыққа 9-1-қосымшаға сәйкес жылқылардың зауыттық тұқымдарын;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес түйелерді;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес құстарды;
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес түйеқұстарды;
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет);
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес маралдарды және теңбіл бұғыларды;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес араларды;
осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды;
осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес қояндарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулықтар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысына (А.Қ. Евниев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков