Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
1-қосымша
Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулы
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды бонитирлеу жүргізу тәртібі
3. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ) жыл бойы бонитирлейді:
1) бұқаларды жылына бір рет;
2) сиырларды сауын маусымы аяқталғаннан кейін;
3) қашарлар мен асыл тұқымды бұқашықтарды алты айлық жастан бастап.
Бонитирлеу нәтижелері бойынша 1 қарашадағы жай-күй бойынша есеп жасалады.
4. ІҚМ бонитирлеу кезінде жануарларды тиiстi сынып бере отырып, шаруашылыққа пайдалы белгілер кешенi (тұқымдылығы, өнiмдiлік сапалары, сыртқы тұрпаттық-бiтiмдiк ерекшелiктерi) бойынша бағалау жүргізіледі.
1) жануарлардың жеке нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру;
2) жануарлардың салмағын өлшеу (таңертең азықтандырылғанға дейін);
3) асыл тұқымдық есепке алу жазбаларын нақтылау.
5. Бонитер-сыныптаушы жануарларды бонитирлеу туралы деректерді селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі – САТЖАҚ ) енгізеді.
1-параграф. Тұқымдылықты айқындау
6. ІҚМ тұқымдылығы жануарды қарап-тексеріп, тұқым типінің көрінімділігі анықталып, зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу негізінде анықталады. Тұқымдылығы бойынша таза тұқымды және будандастырылған жануарлардың топтары бөлінеді.
7. Таза тұқымды ІҚМ-ға мыналар жатады:
1) таза тұқымдылығы тиісті құжаттармен расталатын бір тұқымның ата-енелерінен алынған жануарлар;
2) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес ірі қара малдың туыстас (генотипі бойынша жақын) сүтті және сүтті-етті тұқымдарының тізбесіне сәйкес туыстас (генотипі бойынша жақын) тұқымдардың таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар. Тұқымда әкесінің қанының 75 пайыздан астам үлесі болған кезде оған әкенің тұқымы, өзге жағдайларда – енесінің тұқымы беріледі;
3) тұқымның біреуінің қанының үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау процесі нәтижесінде жасалатын тұқымға тән жануарлар.
8. Осы Нұсқаулықтың 7-тармағында көрсетілмеген ІҚМ будандарға жатады.
9. Өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың тұқымдық дәрежесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін айқындай отырып анықталады.
2-параграф. Сиырлардың сүт өнімділігі көрсеткіштерін айқындау
10. Сиырларды сүт өнімділігі бойынша бағалау сауылған сүтті есепке алу, сауын маусымының 305 (үш жүз бес) күнінде немесе қысқартылған (кемінде 240 (екі жүз қырық) күн) аяқталған сауын маусымында сүттегі майдың мөлшері (пайыз (бұдан әрі–%)) негізінде жүргізіледі.
11. Бұзаулаған күннен кейінгі бірінші күн сауын маусымының басы, ал соңғы сауылған күн немесе бір рет сауылатын бірінші күн сауын маусымының соңғы күні болып саналады.
12. Сиырларды бақылап сауу шаруашылықта ай сайын, суалған сиырлар мен бұзаулағаннан кейінгі 4-күнгі кешке дейін жаңа бұзаулаған сиырларды қоспағанда, бір үй-жайда күтіп-бағылатын барлық жануарларда бір мезгілде бір тәулік ішінде жүргізіледі.
13. Таңертең сиырларды сауу сеансы сиырларды бақылап сауу жүргізілген күн болып саналады.
14. Сиырларды жоспарлы бақылап сауу жүргізілмей қалған кезде олардың өнімділік деңгейін есептеу үшін алдыңғы және кейінгі бақылап сауудың орташа арифметикалық көрсеткіші пайдаланылады.
15. Сынау зертханасы сүт сынамаларының үлгілерін қабылдайды және химиялық талдау жүргізеді.
16. Бақылап сауу нәтижелері және сүттің химиялық құрамы автоматтандырылған жұмыс орны-зертханалар арқылы САТЖАҚ-ға енгізіледі.
17. Бақылау тәулігінде сиырдан алынған сүттің мөлшері 0,1 кг-ға дейінгі дәлдікпен біртіндеп алынған барлық сүтті қосу арқылы анықталады.
18. Сауын маусымындағы сүт майының мөлшері арналған сүт майының мөлшері (кг) сүттегі бір пайыздық май бойынша көрсеткішті 100-ге бөлу арқылы анықталады.
19. Сиырлардың сүт өнімділігі бойынша тұқым стандарттарын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
3-параграф. Жануарларды сырт бітімі-конституциялық ерекшеліктері бойынша бағалау
20. Тұқымдық бұқалардың сырт бітімі мен конституциясын бағалау жыл сайын бес жасқа дейін, сиырларда – бірінші және үшінші сауын маусымының екінші және үшінші айларында жүргізіледі. Егер жануар сырт бітімі мен конституциясы бойынша көрсетілген жасында бағаланбаса, онда оны кезекті бонитирлеу кезінде бағалайды.
21. Жануарларды сырт бітімі мен конституциясы бойынша бағалау кезінде жекелеген бөліктердің өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың қалаулы типіне, сиырларда – желіннің мөлшеріне, оның пішіні мен машинамен саууға жарамдылығына, бұқаларда – жыныстық диморфизмнің көрінетіндігіне, белі мен артқы аяқтарының беріктігіне ерекше назар аударылады. Бұқалардың дене бітімін бағалау 30 балдық шәкіл бойынша, сиырлардың – 10 балдық шәкіл бойынша жүргізіледі. Жануарлардың сырт бітімі мен конституциясын бағалау осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес сырт бітімі мен конституциясы бойынша балдық бағалау төмендетілетін өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың дене бітіміндегі кемшіліктерін көрсете отырып, толықтырылады.
22. Төлді сырт бітімі мен конституциясы бойынша бағалау 20-балдық шәкіл бойынша жүргізіледі. Тұқымы және жынысы өте жақсы көрінген, қалыпты түрде дамыған және өскен, кеудесі өте жақсы жетілген (кең, жалпақ), арқасы, белі, құйымшағы түзу, жамбасы жақсы жетілген, аяқтары дұрыс қойылған және сүйектері мықты, артық дамымаған және ірі емес жануар 20 балмен бағаланады.
4-параграф. Шаруашылыққа пайдалы белгілер кешені бойынша жануарлар сыныбын айқындау
23. Бонитирлеу кезінде жануарлардың сыныбын айқындау:
тұқымдық бұқаларды – дамуы (тірідей салмағы), сырт бітімі мен конституциясы, генотипі (шығу тегі және ұрпағының сапасы);
сиырларды – сүт өнімділігі (сүттегі майдың мөлшері), дамуы (тірідей салмағы – сауын маусымының екінші-үшінші айында айқындалады), сырт бітімі мен конституциясы, генотипі (шығу тегі);
төлді – генотипі (шыққан тегі); сырт-сипаты және даму (тірідей салмағы) белгілері бойынша жүргізіледі.
Белгілер кешені бойынша бағалау нәтижесінде ІҚМ мынадай сыныптар беріледі:
1) тұқымдық бұқаларға және асыл тұқымды бұқашықтарға – элита рекорд, элита және бірінші сынып;
2) сиырлар және қашарларға – элита рекорд, элита және бірінші және екінші сынып.
Көрсетілген сыныптардың белгілеріне сай келмейтін жануарлар сыныптық еместерге жатады.
5-параграф. Белгілер кешені бойынша тұқымдық бұқалар сыныбын анықтау
24. Белгілер кешені бойынша тұқымдық бұқаның сыныбы осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес тұқымдық бұқаларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі бойынша белгіленеді, бұл ретте асыл тұқымды бұқашықтар мен тұқымдық бұқалардың тірідей салмағы бойынша тұқым стандарттарын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
25. Алынған балдар қосындысына сәйкес тұқымдық бұқаларға мынадай кешенді сынып беріледі:
26. Кешенді сынып қалыпты жыныстық белсенділігі бар, ал ұрығының сапасы (эякулят көлемі, концентрациясы, өмір сүру деңгейі, мұздатуға жарамдылығы, ұрықтандыру қабілеті) МемСТ 26030 «Өсімді молайту құралдары. Бұқалардың мұздатылған спермалары. Техникалық шарттар» мемлекетаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін тұқымдық бұқаларға беріледі.
27. Кейінгі жылдары ата-енелердің сыныбы және оның ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау нәтижелері өзгерген кезде тұқымдық бұқаның сыныбы жоғарылауы мүмкін.
6-параграф. Сиырлар сыныбын белгілер кешені бойынша анықтау
28. Сиырдың сыныбы белгілер кешені бойынша алынған балдар көрсеткішіне сәйкес 100 (жүз) балдық шәкіл бойынша белгіленеді, оның ішінде:
1) сүт өнімділігі – осы Нұсқаулыққа 5-қосымшада көрсетілген сиырларды сүт өнімділігі белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес барлығы 65 (алпыс бес) балдан аспайды;
2) сырт бітімі және конституциясы - осы Нұсқаулыққа 6-қосымшада көрсетілген сиырларды сырт бітімі және конституциясы белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес барлығы 10 (он) балдан аспайды;
3) дамуы (тірідей салмағы) – осы Нұсқаулыққа 7-қосымшада көрсетілген сиырларды дамуы және тірідей салмағы белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес барлығы 5 (бес) балдан аспайды, бұл ретте асыл тұқымды қашарлардың, қысырлардың және сиырлардың тірідей салмағы бойынша тұқым стандартын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
4) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшада көрсетілген сиырларды тұқым стандартының пайызында майдың артық болуы белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес сүттің майлылығы тұқым стандартының % - 10 (он) балдан аспауы тиіс;
5) фенотип (шығу тегі) – осы Нұсқаулыққа 9-қосымшада көрсетілген, сиырларды генотип белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес барлығы 10 (он) балдан аспайды.
29. Балдар көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша сиырларға мынадай кешенді сыныптар беріледі:
30. Сүттегі ақуыз мөлшері бойынша бағаланатын сиырлар тұқым стандартының талаптарынан асып кеткен жағдайда қосымша мынадай балл алады:
0,3 % және одан жоғары – 4 балл;
31. Қосымша алынған балдар белгілер кешені бойынша сыныбын айқындау кезінде қорытынды бағаға енгізіледі (100 балл шегінде).
32. Элита-рекорд сыныбына сүттегі май мөлшері тұқым стандартынан төмен емес, алдыңғы сауын кезіндегі өнімділік деңгейі (алғашқы үшеуі) тұқым стандартынан төмен емес сиырлар жатады.
33. Алғаш бұзаулаған қашарларды сауын маусымы аяқталысымен сүт майының мөлшері бойынша, ал екінші төлдеген және одан үлкен сиырларды неғұрлым жоғары сыныпқа жатқызуға мүмкіндік беретін сауын маусымы бойынша бағалайды. Сауын маусымы аяқталмаған алғаш бұзаулаған қашарлар жас төлді бонитирлеу шәкілі бойынша бағаланады.
7-параграф. Жас төлдер сыныбын белгілер кешені бойынша айқындау
34. Жас төлдердің белгілер кешені бойынша сыныбы осы Нұсқаулыққа 10-қосымшада көрсетілген жас төлді белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес 100 (жүз) балдық шәкілмен белгіленеді.
35. Алынған балдардың қосындысы осы Нұсқаулыққа 11-қосымшаға сәйкес белгілер кешені бойынша жас төлдің сыныбын анықтайды.
8-параграф. Жануарлардың мақсатын айқындау
36. Жануарлардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, белгілер кешені бойынша ІҚМ бағалау нәтижелері негізінде олардың мақсаты айқындалады және мынадай топтарға бөлінеді:
37. Асыл тұқымдық ядродан алынған сиырлардан өз табындарының өсімін молайтатын қашарлар алынады, селекциялық топтағы сиырлардан өсімді молайтатын бұқалар өсіріледі. Өндірістік топ – асыл тұқымдық ядроға енгізілмеген сиырлар.
38. Бонитирлеу нәтижелері бойынша табыннан шығарылатын жануарлар анықталады.
9-параграф. Бонитирлеу материалдарын талдау және асыл тұқымдық жұмысты жақсарту жөніндегі іс-шаралар
39. Ірі қара малды бонитирлеу деректері бойынша жиынтық ведомость және мынадай мәселелерді талдай отырып, есеп жасалады:
1) бонитирленген ірі қара малдың саны және оны тұқымдылығы, сыныбы, пайдалану мақсаты, генетикалық топтары бойынша бөлу;
2) табынның және асыл тұқымдық ядро сиырларының тірідей салмағы, конституциясы және сырт бітімі, сүттілігі, жас төлдерінің өсуі бойынша сипаттамасы;
3) қашарлардың алғаш ұрықталған кездегі жасы және тірідей салмағы;
4) өткізілген асыл тұқымды жас төлдің сыныптылығы.
Бонитирлеу нәтижелері бойынша жануардың асыл тұқымдылық және өнімділік сапаларын жақсартуды ескере отырып, жұптау жоспары жасалынады. Жұптарды іріктеу кезінде өткен шағылыстырудың нәтижелері және дарақтар арасындағы туыстық дәрежесі ескеріледі.
40. Бонитирлеу материалдарының негізінде толықтырушы жас төлдерді және асыл тұқымды малдарды сатып алу есебінен табындарды жасақтау жоспары жасалады. Бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша және бұқаларды ұрпағының сапасы бойынша бағалаудың келесі жылға арналған жоспары әзірленеді. Ветеринариялық іс-шараларды өткізу жоспары жасалады.
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Ірі қара малдың туыстас (генотипі бойынша жақын) сүтті және сүтті-етті тұқымдарының тізбесі
|
№
|
Тұқым
|
Туыстас (генотипке жақын) тұқым
|
|
1
|
Айршир
|
Швед ред., норвегиялық қызыл, қызыл дат
|
|
2
|
Алатау
|
Қоңыр швицкая, Кострома
|
|
3
|
Әулиеата
|
Қара және түрлі - түсті, Гольштейн қара және түрлі-түсті
|
|
4
|
Джерси
|
-
|
|
5
|
Қызыл дала
|
Ағылшын, қызыл дат, швед ред., норвегиялық қызыл
|
|
6
|
Қызыл түсті және түрлері
|
Гольштейннің қызыл түсті
|
|
7
|
Симментал
|
Монбельярд қызыл-түрлі - түсті, Гольштейн қызыл-түрлі-түсті костюм
|
|
8
|
Қара және түрлі-түсті және түрлері
|
Гольштейннің қара және түрлі-түсті
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін анықтау
|
Енесінің тұқымдылығы
|
Әкесінің тұқымдылығы
|
|
|
II
|
III
|
IY
|
таза тұқымды
лар
|
|
жақсартылған
|
I буын
|
I
буын
|
I буын
|
I буын
|
|
I буын
|
I буын
|
II буын
|
II буын
|
II буын
|
|
II буын
|
II буын
|
II буын
|
III буын
|
III буын
|
|
III буын
|
II буын
|
III буын
|
IY буын
|
IY ұрпақ немесе
таза тұқымдылар
|
|
II ұрпақ
|
III буын
|
IY буын
|
IY буын
|
таза тұқымдылар
|
|
таза тұқымдылар
|
III буын
|
IY буын
|
таза тұқымдылар
|
таза тұқымдылар
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Сырт бітімі мен конституциясы бойынша балдық бағалау төмендетілетін өнімділіктің сүтті және сүтті-етті бағыттарындағы ірі қара малдың дене бітіміндегі кемшіліктері
|
№№
|
Жалпы даму және бөліктері
|
Кемшіліктер тізімі
|
|
21
|
Жалпы көрінісі және дамуы
|
Жалпы жетілмегендік: сүйек бітімі ірі немесе қобыраңқы нәзік, бұлшық еті бос немесе осал дамыған, дене бітімі тепе-тең емес және тұқым типіне сәйкес емес
|
|
22
|
Сырт бітімінің бөліктері:
|
|
|
|
Басы, мойны
|
Басы денесімен тепе-тең емес, ауыр немесе қобыраңқы: сиыр «бұқа басты» және бұқа «сиыр басты», мойыны қысқа, терісі қалың қатпарланған немесе бұлшық еттері әлсіз
|
|
|
Кеудесі
|
Кеудесі қысаң, жалпақ емес, жаурыны ойқы, қабырғалары бір біріне жақын орналасқан, қабырға сүйектері жіңішке, қысқа, соңғы қабырғаның терісі қалың, созылмалы емес
|
|
|
Шоқтығы, арқасы және белі
|
Қосарланған немесе үшкір, арқасы жіңішке, қысқа, салбыраған немесе бүкір, белі тар, салбыраған немесе шатыр тәрізді
|
|
|
Денесінің ортаңғы бөлігі
|
Сиырларда және бұқаларда осал дамыған, бұқаларда қарыны салбыраған
|
|
|
Арты
|
Қысқа, салбыраған, шатыр тәрізді, бөксесі сүйір
|
|
33
|
Желіні және жыныс органдары
|
Желіні шағын салпы, май басып кеткен, бөліктерінің дамуы бір келкі емес, жанасып тұрған, қалыпсыз дамыған және қосымша емшектері бар, сүт тамырлары нашар көрінеді, желіннің терісі қалың, желіннің терісі қалың, бұқаларда жұмалағы нашар жетілген және кішірейген
|
|
44
|
Аяқтары
|
Алдыңғы аяқтары тірсектерінде жақын орналасқан немесе екі жаққа жайылған, артқы аяқтарының қою тұрысы – шораяқты, О – тәрізді, Х – тәрізді, қылыш сияқты
|
|
55
|
Тұяқтары
|
Сүйір, тік қойылған, жалпақ, тұяқ мүйізі болбыр
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Тұқымдық бұқаларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балдар
|
|
1-тарау. Сырт бітімі және конституциясы, барлығы аспайды, оның ішінде:
|
30
|
|
1-параграф. Жалпы көрінісі, оның ішінде барлығы аспайды:
|
9
|
|
1) дене бітімінің пропорционалдығы
|
1 - 3
|
|
2) бұлшық еті
|
1 - 3
|
|
3) сүйек бітімі
|
1 - 3
|
|
2-параграф. Сырт бітімі бөліктері, барлығы аспайды
|
21
|
|
1) бас және мойын
|
1 - 3
|
|
2) кеуде
|
1 - 3
|
|
3) шоқтық, арқасы және белі
|
1 - 3
|
|
4) денесінің ортаңғы бөлігі
|
1 - 3
|
|
5) арты
|
1 - 3
|
|
6) аяқ-қолдары
|
1 - 3
|
|
7) тұяқтары
|
1 - 3
|
|
2-тарау. Дамуы (тірідей салмағы), барлығы аспайды
|
10
|
|
тұқым стандарты
|
10
|
|
тұқым стандартының 95-99%
|
5
|
|
3-тарау. Генотип, барлығы аспайды
|
60
|
|
1) енесінің сыныбы
|
|
|
элита-рекорд
|
25
|
|
элита
|
20
|
|
I-сынып
|
15
|
|
2) енесінің сүтіндегі май мөлшері (%), тұқымдық үлгіден жоғары
|
|
|
0,3 және одан да жоғары
|
5
|
|
0,2 -ге
|
3
|
|
0,1 -ге
|
1
|
|
3) әкесінің сыныбы:
|
|
|
элита-рекорд
|
30
|
|
элита
|
20
|
|
Балдар қосындысы
|
100
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Сиырларды сүт өнімділігі белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Тұқым стандартынан пайызбен сүт өнімділігінің (сүт майының мөлшері) деңгейі
|
Балдар
|
|
60 - 69
70 - 79
80 - 89
90 - 99
100 - 109
110 - 119
120 - 129
130 - 139
140 - 149
150 - 159
160 және жоғары
|
35
38
41
44
47
50
53
56
59
62
65
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Сиырларды сырт бітімі және конституциясы белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балдар
|
|
1. Жалпы түрі және дамуы (дене бітімінің тепе-теңдігі, конституциясының мықтылығы, типтің көрінімділігі, кеудесінің жалпақтығы, жамбасы мен құйымшағының жетілуі)
|
3
|
|
2. Желіні (көлемі, сүт безділігі, желіннің алдыңғы және артқы бөліктерінің жетілуі, денеге бекітілуі, емшектерінің мөлшері және орналасуы, желіннің орналасу биіктігі)
|
5
|
|
3. Алдыңғы және артқы аяқтары (алдыңғы және артқы аяқтарының қойылғаны және мықтылығы, тұяқтарының пішіні және қаттылығы)
|
2
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Сиырларды дамуы және тірідей салмағы белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балдар
|
|
1. Тұқым стандарты және одан жоғары
|
5
|
|
2. Тұқым стандартының 95-99%
|
3
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Сиырларды майдың пайызбен тұқым стандартынан артуы белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Майдың пайызбен тұқым стандартынан артуы
|
Балдар
|
|
0,3
|
10
|
|
0,2
|
7
|
|
0,1
|
5
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Сиырларды белгілер кешені, генотипі бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балдар
|
|
1. Енесінің сыныбы
|
|
|
элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I-сынып
|
3
|
|
II-сынып
|
-
|
|
2. Әкесінің сыныбы
|
|
|
элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I -сынып
|
3
|
|
Жиыны (А+б+в+г + д) балдар қосындысы
|
100
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Жас төлді белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балдар
|
|
бұқашықтар
|
қашарлар
|
|
1-тарау. Генотип (шығу тегі) - барлығы
50 балдан жоғары емес
оның ішінде:
1) енесінің сыныбы
элита-рекорд
элита
I -сынып
II -сынып
2) сүттегі майдың мөлшері ( % )
енесінің тұқым стандартынан жоғары:
0,3 және одан да көп
0,2
0,1
3) әке сыныбы:
элита-рекорд
элита
I- сынып
2-тарау. Сырт бітімі (барлығы 20 баллдан жоғары емес)
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық
3-тарау. Дамуы (тірідей салмағы)–барлығы 30 баллдан жоғары емес тұқым стандарты
Тұқым стандартының 95-99%
Тұқым стандартының 90-94%
Балдар қосындысы
|
20
15
10
-
5
3
1
25
20
-
20
15
12
30
20
15
100
|
20
15
10
5
5
3
1
25
20
15
20
15
12
30
20
15
100
|
Өнімділіктің сүтті және
сүтті-етті бағыттарындағы
ірі қара малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
Белгілер кешені бойынша жас төлдің сыныбын анықтау
|
Сынып
|
Бұқашықар
|
Қашарлар
|
|
элита-рекорд
элита
I -сынып
II -сынып
|
85 - 100
75 - 84
65 - 74
-
|
85 - 100
75 - 84
65 - 74
55 - 64
|