Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
2-қосымша
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және биязы жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитерлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Биязы жүнді қой тұқымдарын бонитирлеу тәртібі
1-параграф. Бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Жүнді, жүнді-етті, етті-жүнді өнімділік бағытындағы биязы жүнді қойлар таза тұқымды қойлар мен будандарға бөлінеді.
4. Таза тұқымды қойларға мыналар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі малды шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануарлар;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануарлар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген қойлар будандарға жатады.
6. Биязы жүнді қой тұқымдары өнімділік бағыты бойынша: жүнді қойлар; жүнді-етті және етті-жүнді қойлар болып бөлінеді.
Жүнді-етті тұқымдарға мыналар жатады: оңтүстік қазақ мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақстандық меринос.
Етті-жүнді тұқымдарға мыналар жатады: қазақтың биязы жүнді, қазақ арқармериносы, «етті меринос».
Қазақстан Республикасында өнімділіктің жүн бағытындағы қойлар өсірілмейді.
7. Биязы жүнді қойлар жеке немесе сыныптық бонитирлеуге жатады.
Жеке бонитирлеу толық және қысқартылған жеке бонитирлеуге бөлінеді.
Ересек қошқарлар (негізгі, резервтік, сынамалар), өсімді молайтатын қошқарлар, селекциялық топтың саулықтары мен тұсақтары, селекциялық топтың саулықтарынан алынған барлық төлдер, өз табындарының өсімін молайтатын және табынға өткізуге арналған барлық асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтар толық жеке бағалауға жатады.
Элиталық және бірінші сыныпты саулықтардан алынған төлдер қысқартылған жеке бонитирлеуге жатады.
Қысқартылған жеке бонитирлеу кезінде жануардың сыныбы 5 балдық шәкіл бойынша жануардың типі, жүн талшықтарының тығыздығы, ұзындығы, тоннасы, тірідей салмағы бойынша жалпы бағалау негізінде белгіленеді.
8. Өз табынының өсімін молайтуға арналған асыл тұқымды емес жануарлардан алынған барлық тұсақтар сыныптық бағалауға жатады. Жануардың сыныбын белгілей отырып, барлық белгілер негізінде (журналға жазбай) бағаланады.
9. Биязы жүнді қойларды бонитирлеу тірідей салмағын, көктемгі және күзгі жүннің, сапасын және жалпы қырқымын ескере отырып, көктемде қырқу алдында жүргізіледі.
10. 4-5 айлық еркек тоқтылар мен тұсақтар алдын ала қысқартылған жеке бонитирлеуге жатады және 5 балдық шәкіл бойынша бағаланады.
11. Табынға қалдырылған еркек тоқтылар он екі айлық жасында негізгі шаруашылықта пайдалы белгілері бойынша толық жеке бонитирлеуден өтеді.
12. Асыл тұқымды табындарда жыл сайын 12 айлық жастағы барлық тұсақтарға сыныптық және жеке бонитирлеу жүргізіледі.
13. Бонитирлеу нәтижелерін бонитер (сыныптаушы) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына енгізеді және растайды.
14. Мынадай селекциялық белгілер бонитирленуге жатады:
жануардың типі және терісінің қатпарлығы;
жүн талшықтарының жіңішкелігі;
тұтас жүннің біркелкілігі;
арқасында, ішінде және мұрынында жүн өсуі;
сүйегінің конституциясы және беріктігі;
15. Жануардың сыныбы конституциялық-өнімділік қасиеттерінің, жеке қасиеттерінің және тұқым стандартына сәйкестік дәрежесінің жиынтығы бойынша белгіленеді.
16. Биязы жүнді қой тұқымдарына бонитирлеу жүргізу кезінде мыналар қолданылады:
1) асыл тұқымды құжаттарда қойларды жекелей бонитирлеуді жазу үшін осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдарының бонитирлеу кілті қолданылады;
2) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдарының негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары;
3) осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қой тұқымдары жүн талшықтарының микрометрдегі жіңішкелік сыныбы.
17. Жануарлар сыныбы жануардың мөлшерін, дамуын, конституциясын, сүйегін, типі мен сырт бітімін, ет пішіндерінің көрінімділігін, тірідей салмағын, жүн қырқымы мен жүн сапасын, терінің қатпарлануын кешенді бағалау негізінде анықталады.
18. Тұқымдық типінің көрінімділігіне, конституциялық ерекшеліктеріне, дамуына, дене бітіміне және өнімділік деңгейіне қарай биязы жүнді қойларды бонитирлеу кезінде мынадай сыныптарға бөлінеді:
19. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетілмеген биязы жүнді қойлар жарамсыз болып танылады.
20. Жеке немесе сыныппен бонитирленген және сыныптарға жатқызылған биязы жүнді қой тұқымдары және олардың будандары оң құлақтарына мынадай тәртіппен ен салу арқылы белгіленеді:
элита – оң құлақтың ұшына бір «жебе» енін салу;
I сынып – оң құлақтың төменгі жиегіне бір ен салу;
II сынып – оң құлақтың төменгі жиегіне екі ен салу.
Сыныптық жануарлардың талаптарына сай келмейтін қойлардың оң құлақтарының ұшын кесіп тастайды.
2-параграф. Асыл тұқымдық есепке алуды жүргізу
21. Асыл тұқымды қойлардың әрбір табынында асыл тұқымдық есепке алу деректері негізгі тұқымдық қошқарларға және селекциялық топтағы саулықтарға (№1-о және №2-о нысандары) «Асыл тұқымды жануардың жеке карточкасының, сондай-ақ селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануары карточкасының нысандары мен оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13488 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) 7-қосымшаға сәйкес селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына асыл тұқымды қошқардың жеке карточкасына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыты), сондай-ақ осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды қойдың жеке карточкасына (биязы жүнді, жартылай биязы жүнді және етті-майлы бағыты) жүйелі түрде енгізіледі.
Биязы жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Биязы жүнді қой тұқымдарының бонитирлеу кілті
|
Биязы жүнді қой тұқымдары
|
Шартты белгілер
|
Шифр
|
|
Етті-жүнді
|
|
Қазақтың арқармериносы
|
ҚА
|
1302
|
|
Қазақтың биязы
|
ҚБ
|
1303
|
|
«Етті меринос»
|
ЕМ
|
1109
|
|
Жүнді-етті
|
|
Қазақтың оңтүстік мериносы
|
ҚОМ
|
1107
|
|
Қазақтың солтүстік мериносы
|
ҚСМ
|
1108
|
Биязы жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Биязы жүнді қой тұқымдарының негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары
|
Шифр
|
Селекциялық белгілер
|
Оның белгісінің көрінімділік дәрежесі
|
Шартты белгілер немесе өлшем бірліктері
|
Белгінің көрінімділік шифры (балл)
|
|
2
|
Малдың типі және терісінің қатпарлығы
|
тері қатпары аз немесе мүлдем жоқ, жүн өнімділігі төмен жануарлар
|
С-
|
1
|
|
мойны мен денесіндегі қатпарлары өте көп, жүн бағытындағы типке жақын жануарлар
|
С+
|
2
|
|
Жүн және ет өнімділігі бойынша тұқым стандартына сай жануарлар
|
С
|
3
|
|
21
|
Жүннің
қалыңдығы
|
сирек, тұқым стандартына сай емес
|
Т-
|
1
|
|
қанағаттанарлық
|
Т
|
2
|
|
тығыз
|
Т+
|
3
|
|
өте тығыз
|
ТТ
|
4
|
|
31
|
Жүннің ұзындығы
|
санында
|
сантиметр (бұдан әрі – см)
|
0,5-ке дейін
|
|
арқасында
|
см
|
0,5-ке дейін
|
|
бауырында
|
см
|
0,5-ке дейін
|
|
52
|
Жүн талшықтарының жіңішкелігі
|
бүйірінде
|
микрометр (бұдан әрі – мкм)
|
1мкм-ге дейін
|
|
санында
|
мкм
|
|
|
арқасында
|
мкм
|
|
|
61
|
Жүннің біркелкілігі
|
2 сападан немесе 4 мкм-ден артық
|
БК-
|
1
|
|
біркелкілігі жеткілікті, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 1 сапаға тең немесе 2-ден 4 мкм-ге дейін
|
БК
|
2
|
|
біркелкілігі жақсы, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 2 мкм-ден аз
|
БК
|
3
|
|
41
|
Жүннің иректілігі – малдың бүйір жүні бойынша көз өлшемімен анықталады:
|
жүн иректілігі білінбейді немесе әлсіз байқалады
|
И-
|
1
|
|
жүн иректілігі жақсы көрінеді, ұнамды пішінде, бірақ анық емес
|
И
|
2
|
|
жүн иректілігі ұнамды пішінде, барлық жүн талшықтары ұзындығы бойына анық көрінеді
|
И+
|
3
|
|
71
|
Шайыр мөлшері
|
жеткіліксіз
|
Ш-
|
1
|
|
артық
|
Ш+
|
2
|
|
сапасы мен мөлшері жеткілікті
|
Ш
|
3
|
|
72
|
Шайыр түсі
|
сарғыш
|
С
|
1
|
|
ашық-сарғыш
|
АС
|
2
|
|
ақ
|
А
|
3
|
|
101
|
Арқасында, бауыры мен бетінде жүн өсуі
|
Бағалау кезінде арқасында жүні көп жануар ұнамды болып табылады
|
бал
|
5 ең жоғары
|
|
81
|
Конституциясы және сүйегінің мықтылығы
|
Сүйегі нәзік
|
Н
|
1
|
|
Сүйегі ірі, үлкен
|
Ө
|
2
|
|
Жақсы дамыған ірі емес
|
Ж
|
3
|
|
91
|
Сырт бітімі
|
|
бал
|
5 ең жоғары
|
|
111
|
Тірідей салмағы мына жаста анықталады:
|
туылғанда (1-2 күн)
|
килограм (бұдан әрі – кг)
|
1-ге дейін
|
|
енелерінен 4-4,5 айлығында бөлінгенде
|
кг
|
1-ге дейін
|
|
1 жасында
|
кг
|
1-ге дейін
|
|
123
|
Жүн қырқымы
|
Жуылмаған (табиғи) жүн қырқымы
бір жыл өскен тезексізқырқылған жүннің барлық массасы
|
кг
|
0,1-ге дейін
|
|
Таза жүн шығымы
Жуылмаған жүннен таза жүн шығымының проценті (бұдан әрі - %) үлгіні, кір жүнді жуған кезде анықталады
|
%
|
1-ге дейін
|
|
Таза жүн қырқымыесептеу әдісімен анықталады
|
кг
|
0,1-ге дейін
|
|
131
|
Жануардың сыныбы қырқуға дейін анықталады:
|
элита
|
элита
|
5
|
|
бірінші сынып
|
I
|
4
|
|
екінші сынып
|
II
|
3
|
|
жарамсыз
|
жр
|
1
|
Биязы жүнді қой
тұқымдарын бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Биязы жүнді қой тұқымдары жүн талшықтарының микрометрдегі жіңішкелік сыныбы
Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
|
Жүн талшықтарының жіңішкелік сыныбы, микрометрмен
|
Жүннің жіңішкелік сыныбын микрометрге айналдыру кестесі
|
|
сапа
|
микрометрлер
|
сапа
|
микрометрлер
|
|
80
|
14,5-18,0
|
80
|
16
|
|
70
|
18,1-20,5
|
80-70
|
18
|
|
64
|
20,6-23,0
|
70
|
20
|
|
60
|
23,1-25,0
|
70-64
|
21
|
|
58
|
25,1-27,0
|
64
|
22
|
1. Осы Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Етті бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малға бонитирлеу жүргізу тәртібі
3. Өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара малды бонитирлеу жыл сайын барлық шаруашылықтарда, олардың меншік және шаруашылық нысандарына қарамастан, тамыздан қазанға дейін (жануарлардың аймағы мен жай-күйіне байланысты) жүргізіледі. Асыл тұқымды жануар мәртебесі бар өнімділіктің етті бағытындағы ірі қара мал бонитирленуі тиіс .
Асыл тұқымды жануар мәртебесі жоқ ірі қара малдың иелері бонитирлеу жүргізуге құқығы бар және өз қалауы бойынша оны жүргізу үшін бонитерлерді (сыныптаушыларды) шақыра алады.
Алты айға дейінгі төлдер, бордақыдағы жануарлар, өгіздер және піштірілген жануарлар бонитирлеуге жатпайды.
4. Ірі қара малдың иелері бонитирлеуді өткізер алдында мынадай дайындық іс-шаралары өткізіледі:
1) жануарлардың жоғалған түгендеу нөмірлерін тексеру, нақтылау және қалпына келтіру;
2) жануарларды түгендеу нөмірлерінің деректерін асыл тұқымды жануардың жеке карточкаларындағы және (немесе) ауыл шаруашылығы жануарының карточкасындағы жазбалармен салыстыру.
5. Бонитерлер (сыныптаушылар) электрондық цифрлық қолтаңба қойылған бонитирлеу жөніндегі толық ведомостер мен жиынтық есептерді республикалық палаталарға және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасына (1 қарашадағы жай-күй бойынша) ұсынады.
1-параграф. Тұқымды айқындау
6. Жануарлардың тұқымдылығын бонитер (сыныптаушы) асыл тұқымды жануардың жеке карточкасында және (немесе) селекциялық процеске тартылған ауыл шаруашылығы жануарының карточкасында көрсетілген оның ата-енесінің тұқымдық тиесілілігі және олардың тұқымдылығы туралы деректер негізінде айқындайды.
Тұқымдылығы (қаны) бойынша таза тұқымдылар және будандар топтары бөлінеді.
Таза тұқымды жануарларға:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстырудан;
2) құрамында екі тұқымның біреуінің қаны кемінде 75 пайыз (бұдан әрі – %) болғанда, туыстас, тұқымдарының генотипі бойынша жақын екі жануарды шағылыстырудан;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 % болатын туыс емес тұқымдарды шағылыстырудан;
4) екі және одан да көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасаудан алынған жануарлар жатады.
Шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.
2-параграф . Өнімділікті анықтау
7. Сиырлардың сүттілігі алты айлық төлдің тірідей салмағы бойынша бағаланады. Жас сиырлардың сүттілігін бағалау кезінде ең аз талаптар бірінші бұзаулағанда 10 %, екінші бұзаулағанда 5%-ға төмендейді.
8. Үш және одан да көп бұзаулаған сиырлардың сүттілігі ең жоғары тірідей салмағы алты айлық бұзау туылған кездегі деректер бойынша бағаланады.
3-параграф. Сырт бітімі-конституциялық ерекшеліктері бойынша бағалау
9. Сиырлар конституциясы және сырт бітімі бойынша 3, 4 және 5 жасында, бұқалар бес жасқа дейін жыл сайын бағаланады.
Сиырларды сырт бітімі-конституциялық ерекшеліктері бойынша бағалау кезінде тұқым типінің көрінімділігіне және дене бітімінің үйлесімділігіне ерекше назар аударылады.
10. Бұқаларды бағалау осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес тұқымдық бұқалардың сырт бітімі және конституциясын бағалау шәкілі бойынша жүргізіледі, сиырлар осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес сиырлардың конституциясы сырт және бітімін бағалау шәкілі бойынша бағаланады.
Сырт бітімі және конституциясын бағалау кезінде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес балдық баға төмендететін конституциясы және сырт бітімінің кемшіліктері ескеріледі. Балдық бағалаудан басқа, шығыңқы бөліктер, сондай-ақ негізгі кемістері және сырт бітімінің кемшілістері атап өтіледі.
11. Жас төлдің дене бітімі жалпы түрі және дамуы бойынша 5 балдық шәкілді қолдана отырып, өте жақсы-5, жақсы – 4, қанағаттанарлық – 3, қанағаттанарлықсыз – 2 болып бағаланады. Бағаны жарты балл қосу арқылы нақтылауға жол беріледі (4, 5; 3, 5).
12. Тұқымы мен жынысы жақсы көрінетін, жақсы жетілген және өскен, кеуде жақсы дамыған (кең, жалпақ), арқасы, белі, сегізкөзі түзу, жамбасы жақсы дамыған, аяғы дұрыс орналасқан және сүйектері аса ірі емес, бірақ мықты жануарлар «өте жақсы» деген баға алады.
4-параграф. Тұқымдық бұқалар сыныбын анықтау
13. Тұқымдық бұқалардың сыныбы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сай тұқымдық бұқаларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес мынадай көрсеткіштер кешені бойынша анықталады: тірідей салмағы, сырт бітімі және конституциясы, ұрпақтарының сапасы және өз өнімділігі бойынша бағалау, тұқымдылығы және шығу тегі (генотипі).
14. Элита-рекорд сыныбына тірідей салмағы элита және одан жоғары сыныптардың талаптарына сәйкес келетін, тұқымдылығы IV ұрпақтан төмен емес, ал жаңадан шығарылған тұқымдарының тұқымдылығы III ұрпақтан төмен емес тұқымдық бұқалар жатқызылады. Сырт бітіміне берілетін ең төменгі балл 90-нан төмен болмайды.
15. Элита сыныбына тірідей салмағы I сыныптан төмен емес, тұқымдылығы IV ұрпақтан төмен емес, ал жаңадан шығарылған тұқымдар үшін III ұрпақтан төмен емес тұқымдық бұқалар жатқызылады.
16. Тұқымдық бұқаларды өсімді молайтуға пайдалануға олардың әкесі бойынша шығу тегінің дұрыстығы анықталғаннан және 1-санаттағы асыл тұқымды мәртебе алынғаннан кейін, сондай-ақ өз өнімділігі бойынша бағалаудан (сынақтардан) және/немесе ұрпақтарының сапасы бойынша бағалаудан өткеннен кейін жол беріледі.
5-параграф. Сиырлардың сыныбын анықтау
17. Сиырлардың сыныбы өсімді молайту қабілетін ескере отырып (жыл сайын төл әкеледі, әкелмейді) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген сиырларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкіліне сәйкес мынадай көрсеткіштер кешені бойынша анықталады: тірідей салмағы, сырт бітімі және конституциясы, сүттілігі, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип).
18. Бонитирлеу кезеңінде төлдері алты айлық жасқа жетпеген алғаш бұзаулаған сиырлардың кешенді сыныбы осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес жас төлдерді белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі бойынша айқындалады.
Бұқалар мен сиырлардың тірідей салмағы бойынша тұқым стандартын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
19. Элита-рекорд кешенді сыныбына тірідей салмағы мен сүттілігі элита сыныбы талаптарынан төмен емес, дене бітімінде айқын кемістігі жоқ, IV буыннан төмен емес, ал жаңадан шығарылған тұқымдар үшін жыл сайын ұрпақ беретін III буыннан төмен емес сиырлар жатады.
20. Элита сыныбына тірідей салмағы мен сүттілігі I сыныптың талаптарынан төмен емес, дене бітімінде айқын кемістігі жоқ, III буыннан төмен емес, ал жаңадан шығарылған тұқымдар үшін жыл сайын ұрпақ беретін II буыннан төмен емес сиырлар жатады.
21. Егер сиыр бір рет бұзауламаса, онда оның кешенді белгілер бойынша бағалау бір сыныпқа төмендетіледі.
22. Екі және одан да көп рет бұзауламаса сиырлардың кешенді сыныбын ең төменгі деңгейге дейін түсіріп, одан кейін жарамсыз етеді.
6-параграф. Жас төлдердің сыныбын анықтау
23. Жас төлді 6 (алты) айлық жастан бастап бонитирлейді.
Жас төлдің сыныбы тірідей салмағы, конституциясы және сырт бітімі, тұқымдылығы және шығу тегі (генотипі), бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша бағалау белгілері кешені бойынша белгіленеді.
Белгілер кешені бойынша тұқым стандартын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
24. Элита-рекорд пен элитаның кешенді сыныптарына сырт бітімі және конституциясы жағынан сәйкесінше 4,5 (төрт бүтін оннан бес) және 4 балдан төмен емес, ал тірідей салмағы бойынша I-сыныптың талаптарынан төмен емес жас төлдер жатады.
25. Кешенді I және II-сыныпқа сырт бітімі және конституциясы жағынан кемінде 3,5 (үш бүтін оннан бес) және 3,0 (үш бүтін оннан нөл) балы бар, тірідей салмағы II-сыныптың талаптарынан төмен емес жас төлдер жатады.
26. Жаңа тұқымдарды, типтерді шығару немесе будандастырылған табындарды жинақтау кезінде II-сынып талаптарынан 10%-ға және I сыныптың талаптарынан 5%-ға төмен тірідей салмағы бар қашарлар егер басқа белгілері бойынша I-сыныптың және одан жоғары талаптарға сәйкес болса II-сыныпқа жатқызылады. элита және элита-рекорд сыныбыныңтаза тұқымды бұқалары мен II буыннан төмен емес сыныпқа жатпайтын сиырлардан алынған қашарларды егер салмағы мен сырт бітімі бойынша I сынып және одан жоғары талаптарға сәйкес келсе екінші сынып деп бағалауға болады,
7-параграф. Белгілер кешені бойынша сыныпты анықтау
27. Белгілер кешені бойынша бағалау кезінде жануарлар мынадай сыныптарға жатқызылады: элита-рекорд, элита, I-сынып, II-сынып, сыныптық емес. Кешенді сыныпты анықтайтын қажетті деректер болмаған кезде жануарлар сыныптар бойынша бөлінбегендерге жатқызылады.
28. Тұқымдық бұқалар, сиырлар және жас төлдер сыныбын белгілер кешені алынған балдар қосындысына сәйкес шәкіл бойынша белгіленеді: элита-рекорд – 81 балл және одан жоғары; элита – 71-80 балл; I сынып– 81-70 балл; II сынып – 51-60 балл; сыныптан тыс – 50 балл және одан аз.
29. Тұқымдық бұқалардың тірідей салмағы бойынша тұқым стандартын Заңның 1-бабы 41-тармағына сәйкес республикалық палата бекітеді.
8-параграф. Жануарлардың мақсатын айқындау
30. Малды белгілер кешені бойынша бағалау нәтижелері негізінде жануарлардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мақсатын айқындайды және мынадай топтарға бөледі:
асыл тұқымдық ядро – сиырлардың жалпы санының 50-60% құрайтын табынның ең жақсы бөлігі;
асыл тұқымды ядроға кіретін селекциялық – топ жалпы аналық малдың 18-20%.
31. Асыл тұқымдық ядродағы сиырлардан өз табындарының өсімін молайту үшін қашарлар алынады, селекциялық топтағы сиырлардан өсімді молайтатын бұқалар өсіріледі. Асыл тұқымды топ – асыл тұқымдық ядроға кіргізілмеген сиырлар.
32. Осы сиырлардан шыққан ең жақсы асыл тұқымды жас төл шаруашылықта өткізіледі, ал асыл тұқымды құндылығы жоқ жас төл бордақыланғаннан кейін етке тапсырылады.
33. Бонитирлеу нәтижелері бойынша табыннан шығарылатын жануарлар анықталады.
9-параграф. Бағалау материалдарын талдау және асыл тұқымдық жұмысты жақсарту жөніндегі іс-шаралар
34. Малды бонитирлеу деректері бойынша жиынтық ведомость және мына мәселелерді талдай отырып, есеп жасалады:
1) қайта бонитирленген малдың саны және оны тұқымдылығы, сыныптары, мақсаты және генетикалық топтары бойынша бөлу;
2) асыл тұқымдық ядродағы табынның және жеке сиырлардың сипаттамалары тірідей салмағы, сырт бітімі және конституциясы, сүттілігі, жас төлдің дамуы бойынша сипаттамалары;
3) алғашқы ұрықтандыру кезіндегі қашарлардың жасы мен тірідей салмағы;
4) өткізілген асыл тұқымды жас төлдің сыныптылығы.
Бонитирлеу нәтижелері бойынша жануарлардың асыл тұқымды және өнімділік қасиеттерін жақсартуды ескере отырып, іріктеу жоспары жасалады. Жұптарды таңдау кезінде алдыңғы жұптасудың нәтижелері және дарақтар арасындағы туыстық ескеріледі.
35. Бонитирлеу материалдарының негізінде жас төлді өсіру және асыл тұқымды мал сатып алу есебінен табынды толықтыру жоспарлары әзірленеді. Келесі жылға бұқаларды өз өнімділігі бойынша және бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау жоспары әзірленеді. Ветеринариялық іс-шараларды өткізу жоспары жасалады.
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін анықтау
|
Енесінің тұқымдылығы
|
Әкесінің тұқымдылығы
|
|
|
II
|
III
|
IY
|
таза қанды
|
|
тұқымсыз
|
I ұрпақ
|
I
ұрпақ
|
I ұрпақ
|
I ұрпақ
|
|
I ұрпақ
|
I ұрпақ
|
II ұрпақ
|
II ұрпақ
|
II ұрпақ
|
|
II ұрпақ
|
II ұрпақ
|
II ұрпақ
|
III ұрпақ
|
III ұрпақ
|
|
III ұрпақ
|
II ұрпақ
|
III ұрпақ
|
IY ұрпақ
|
IY ұрпақ немесе таза қанды*
|
|
IY ұрпақ
|
III ұрпақ
|
IY ұрпақ
|
IY ұрпақ
|
таза қанды
|
|
таза қанды
|
III ұрпақ
|
IY ұрпақ
|
таза қанды
|
таза қанды
|
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Тұқымдық бұқалардың сырт бітімі және конституциясын бағалау шәкілі
|
Жануардың сырт бітімінің бөліктері және жалпы дамуы
|
Жоғары балмен бағалау үшін қойылатын талаптар
|
Бағалау
|
|
негізгі
балдар
|
коэффи-
циент
|
Жалпы балл
|
|
Жалпы түрі,
тұқым типінің дамуы және көрінімділігі
|
Пропорционалды дене бітімі, кең және дөңгелек денесі, тұқымның ет түрі жақсы анықталған.
|
5
|
4
|
20
|
|
|
Бұлшық етттері жақсы дамыған, күшті, бірақ сүйегі ірі емес
|
5
|
2
|
10
|
|
II. Сырт бітімі бөліктері: Басы, мойны
|
Басы тұқымға тән ,
Мойыны жақсы бұлшықетті
|
5
|
1
|
5
|
|
Кеудес
|
Кең, жалпақ және дөңгелек,
Жауырын асты шыңқыр емес; жақсы дамыған, кең, төсі алға шығыңқы
|
5
|
2
|
10
|
|
шоқтығы, арқасы, белі
|
Кең етті, жоғарғы жағы тегіс; арқасы мен белі жалпақ, ұзын, бұлшықеттері жақсы дамыған
|
5
|
3
|
15
|
|
Құйымшағы
|
Тегіс, жалпақ және ұзын,
бұлшықеттеріжақсы жетілген; құйрығы дұрыс жетілген
|
5
|
3
|
15
|
|
Саны
|
Бұлшықеті шабыс буынына дейін төмендеп жақсы дамығані; санның ішкі жағы етті; шабы денесінің төменгі жағында орналасқан
|
5
|
2
|
10
|
|
Аяқтары
|
Дұрыс қойылған, тұяқтары мықты
|
5
|
3
|
15
|
|
|
Барлығы:
|
|
|
100
|
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Сиырлардың конституциясы мен сырт бітімін бағалау шәкілі
|
Көрсеткіш
|
Жоғары балмен бағалауға қойылатын талаптар
|
Ең жоғары балл
|
Коэффи-циент
|
Балдар қосындысы
|
|
Жалпы түрі, бұлшықеттің дамуы және дене бөліктері
|
Пропорционалды дене бітімі, жалпақ және денесі жұмыр, бұлшықеттері жақсы дамыған, мықты сүйегі ірі емес. Сырт бітімінде кемістік жоқ
|
|
|
|
|
5
|
3
|
15
|
|
Желіні
|
Пішіні дұрыс, жеткілікті дамыған,
|
5
|
2
|
10
|
|
Аяқтары
|
Дұрыс қойылған, сау, тұяқтары мықты
|
5
|
1
|
5
|
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Балдық баға төмендететін конституциясы және сырт бітімінің кемшіліктері
|
Жануардың дене бітімінің бөліктері және жалпы дамуы
|
Кемшіліктер тізімі
|
|
1. Жалпы дамуы
|
Дамымаған, дене бітімі үйлесімді емес, сүйегі ірі і немесе нәзік, аяқтары ұзын (тұқымға тән емес), бұлшықеттері нашар дамыған, денесі жіңішке, жұмалағы дамымаған, тұқымның типі нашар көрінеді.
|
|
2. Дене бітімі бөліктері:
|
|
|
1) Басы және мойыны
|
Басы ауыр, ірі, тұқымға тән емес;
Мойыны жіңішке, күрт біткен.
|
|
2) Кеудесі
|
жалпақ емес, жіңішке, жауырын асты шұңқыр, бұлшықеттері нашар дамыған, кеудесі көрінбейді.
|
|
3) Шоқтығы, арқасы, белі
|
шоқтығы жіңішке, үшкір; арқасы мен белі жіңішке, бұлшық еттері нашар дамыған; арқасы салбыраңқы немесе дөңкиген, белі салбыраңқы (жұмсақ).
|
|
4) Саны
|
саны және аяқтарының ішкі жағы бұлшықеттері нашар дамыған.
|
|
5) Құйымшағы
|
Қысқа, салбыраған, шатыр тәрізд, бұлшықеттері нашар дамыған
; құйрығы жоғары немесе тым төмен орналасқан.
|
|
6) Желіні
|
Жеткілікті дамымаған, пішіні дұрыс емес.
|
|
7) Аяқтары
|
Дұрыс қойылмаған, артқы аяқтары қылыш тәріздес, алдыңғы және артқы буындарда жақын орналасқан (х тәріздес), тұяқтары әлсіз.
|
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Тұқымдық бұқаларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балл
|
|
1) тірідей салмағы, сыныбы: элита-рекорд
|
35
|
|
элита
|
30
|
|
I сынып
|
25
|
|
2) сырт бітімі және конституциясы, сыныбы:
|
|
|
100 балдық шәкіл бойынша
|
|
|
элита-рекорд 90 және одан жоғары
|
20
|
|
элита 85
|
15
|
|
I сынып 80
|
10
|
|
3) өз өнімділігі бойынша бағалау, сыныбы:
|
|
|
элита-рекорд
|
10
|
|
элита
|
5
|
|
I сынып
|
2
|
|
4) генотип (барлығы-35 балл):
|
|
|
оның ішінде:
|
|
|
- ұрпағының сапасы бойынша бағалау (селекциялық индексі 100 және одан жоғары болған кезде)
|
|
|
элита-рекорд
|
10
|
|
элита
|
8
|
|
I сынып
|
7
|
|
Тұқымдылығы: таза тұқымды
|
10
|
|
II ұрпақ
|
8
|
|
III ұрпақ
|
7
|
|
енесінің сыныбы: элита-рекорд
|
5
|
|
Элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
әкесінің, сыныбы: элита-рекорд
|
5
|
|
Элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
Ұрпағының сапасы бойынша әкесін бағалау, сыныбы:
|
|
|
элита-рекорд
|
5
|
|
Элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
Балдар қосындысы
|
100
|
Тұқымаралық шағылыстыру әдісімен жаңа тұқымдарды, типтерді, желілерді бағалау кезінде III, IV ұрпақтардың будандары таза тұқымды жануарларға теңестіріледі, яғни 10 балл белгіленеді.
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Сиырларды белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балл
|
|
1) сүттілігі, сыныбы: элита-рекорд
|
35
|
|
элита
|
30
|
|
I сынып
|
25
|
|
II сынып
|
23
|
|
2) тірідей салмағы, сыныбы: элита-рекорд
|
25
|
|
элита
|
20
|
|
I сынып
|
15
|
|
II сынып
|
12
|
|
3) сырт бітімі және конституциясы, сыныбы:
|
|
|
30-балл бойынша шәкілі
|
5 балл бойынша шәкілі
|
|
|
элита рекорд
|
27 және одан жоғары
|
4,5 және одан жоғары
|
15
|
|
элита
|
24
|
4,0
|
10
|
|
I сынып
|
21
|
3,5
|
6
|
|
II сынып
|
18
|
3,0
|
3
|
|
4) генотип (барлығы - 25 балл), оның ішінде:
|
|
|
тұқымдылығы: таза тұқымды
|
10
|
|
IY ұрпақ
|
7
|
|
III ұрпақ
|
8
|
|
II ұрпақ
|
6
|
|
енесі, сыныбы: элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
II сынып
|
2
|
|
әкесі, сыныбы: элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
II сынып
|
2
|
|
Әкесі ұрпақтарының сапасы бойынша бағаланады, сынып:
|
|
|
элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
Балдар қосындысы
|
100
|
Тұқымаралық шағылыстыру әдісімен жаңа тұқымдарды, типтерді, желілерді өсіру кезінде III және IV ұрпақтарының будандары таза тұқымды жануарларға теңестіріледі, яғни 10 балл белгіленеді.
Өнімділіктің етті
бағытындағы ірі қара
малды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Жас төлдерді белгілер кешені бойынша бағалау шәкілі
|
Белгілері
|
Балл
|
|
1) тірідей салмағы, сыныбы: элита-рекорд
|
45
|
|
элита
|
35
|
|
I сынып
|
27
|
|
II сынып
|
23
|
|
2) сырт бітімі-конституциясы, сыныбы: 5 балдық шәкіл бойынша
|
|
|
элита-рекорд 5
|
20
|
|
элита 4
|
15
|
|
I сынып 3
|
10
|
|
II сынып 2
|
5
|
|
3) генотип (барлығы - 35 балл), оның ішінде:
|
|
|
тұқымдылығы: таза тұқымдылығы
|
10
|
|
IY ұрпақ
|
8
|
|
III ұрпақ
|
7
|
|
II ұрпақ
|
6
|
|
ене, сынып: элита-рекорд
|
10
|
|
элита
|
8
|
|
I сынып
|
7
|
|
II сынып
|
6
|
|
әке, сынып: элита-рекорд
|
10
|
|
элита
|
8
|
|
I сынып
|
7
|
|
ұрпағының сапасы бойынша әкесін бағалау, сынып:
|
|
|
элита-рекорд
|
5
|
|
элита
|
4
|
|
I сынып
|
3
|
|
Балдар қосындысы
|
100
|