• Мое избранное
Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 7-қосымша

7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
7-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Тұқымдардың фенотиптік белгілері бойынша жіктеуіші, ешкілердің таза тұқымдылығын анықтау
3. Жаңа тұқымдарды өсіру кезінде пайдаланылған бастапқы тұқымдардың ерекшеліктеріне, асыл тұқымдық жұмыс әдістеріне, жүнді, түбітті және сүтті өнімділігінің айқындылық дәрежесіне және сипатына қарай Қазақстан Республикасында өсірілетін ешкілер үш негізгі бағыт бойынша: жүнді, түбітті және сүтті болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізіне жеке селекцияланатын белгілердің даму дәрежесі мен маңыздылығы жатқызылады.
Жүн бағытындағы ешкілер – советтік жүн тұқымы және оның будандары;
Түбіт бағытындағы ешкілер – таулыалтай тұқымы, орынбор тұқымы және олардың будандары;
Сүт бағытындағы ешкілер – заанен тұқымы, ағылшын-нубия тұқымы және олардың будандары.
4. Ешкілердің тұқымдылығы тұқымның шығу тегі мен айқындылық типін растайтын құжаттардың бар-жоғына тексеріп-қарау және салыстыру арқылы анықталады.
Тұқымды ешкілер таза тұқымды және будандастырылған болып бөлінеді.
Таза тұқымдыға белгілі бір тұқымға тән қасиеттері бар және шығу тегі мынадай талаптардың бірін қанағаттандыратын жануарлар жатады:
1) бір тұқымның таза тұқымды ата-енелерін шағылыстыру;
2) екі тұқымның біреуі бойынша қан құрамы кемінде 75 пайыз болған жағдайда тұқымдар генотипі бойынша жақын, туыс екі жануарды шағылыстыру;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 пайыз болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру;
4) екі және одан көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен жаңа тұқым жасау нәтижесінде алынған жануар.
5. Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілмеген ешкілер будандарға жатады.
3-тарау. Ешкілерді бонитирлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
6. Ешкілерді бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін жауапкершілік бонитирлеу жүргізілетін шаруашылық басшысына, республикалық палатаға және бонитирлеуді жүргізген бонитерге (сыныптаушыға) жүктеледі.
7. Жұмыс басталар алдында бағалауға жататын барлық мал басына асыл тұқымдық және зоотехникалық есепке алу деректері дайын болуы тиіс.
8. Жұмыстарды жүргізу үшін мыналар қажет:
1) құлаққа белгі салуға арналған қысқыштар;
2) цифрлардың толық жиынтығы бар татуировкаға арналған қысқыштар;
3) құлаққа тағатын пластмасса немесе металл сырғалар (радиожиілікті сырғалар);
4) бонитирлеуге арналған өткелек, қалқандардың қажетті саны;
5) халаттар және басқа да мүкәммал;
6) жануарларды өлшеуге арналған таразылар;
7) жануарларды жеке бағалау (бонитирлеу) нәтижелерін жазуға арналған журналдар.
9. Әрбір шаруашылықта ешкілерді бонитерлеуді жүргізген кезде «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар сақталады.
10. Бонитирлеу аяқталғаннан кейін белгіленген нысан бойынша акт және орындалған жұмыс туралы есеп жасалады.
11. Жануарлардың асыл тұқымдық құндылығына байланысты селекцияланатын белгілерге (тірідей салмақ, сүт өнімділігі, сырт бітімі, жүн мен түбіттің сандық және сапалық параметрлері.) жеке немесе сыныптық бонитирлеу қолданылады, олардың нәтижелерін селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі – САТЖАҚ) енгізеді.
4-тарау. Ешкілерді сырт бітімі-конституциялық белгілері бойынша бағалау
12. Жүнді, түбітті және сүтті ешкілердің төлдерін сырт бітімі-конституциялық белгілері бойынша негізгі бағалау 12 (он екі) – 18 (он сегіз) айлық жаста көзбен қарап жүргізіледі.
13. Бағалауға мынадай селекциялық белгілер жатады:
1) жануардың типі, жүнді және түбітті бағытындағы ешкілер көлемі жағынан орташа, сондай-ақ сүтті бағытындағы ешкілер айтарлықтай ірі. Барлық аталған бағыттардағы ешкілердің қозғалысы жылдам, конституциясы мықты, сүйегі дамыған, дене бітімі жіңішке, аяқтары жақсы қойылған, тұяқтары мықты.
2) ешкілердің конституциясы мен сүйектері дене бітімін, сүйегінің беріктігін, сырт бітімі бөліктерін, тері және тері астындағы тіндердің даму сипаттамаларын (қалыңдығы, тығыздығы.), сондай-ақ жүнді жабынын жиынтық бағалау негізінде айқындалады.
3) ешкілердің сырт бітімі (дене бітімінің пішіні) өнімділік бағытымен, конституциясымен және саулығының жай-күйімен тығыз байланысты. Дене бітімі жалпақ, арқасы жеткілікті ұзын және тегіс болған кезде аяқтарының дұрыс орналастырылуы, сүйегінің қалыпты дамуы төзімділікті, конституциясының мықтылығын және жануарлардан жоғары өнімділікті ет пен жүн алуға негіз болады. Сондықтан осы бағытта іріктеу белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда өсіруге жақсы бейімделген жоғары өнімді ешкілердің табындарын құруға мүмкіндік береді.
14. Жүнді, түбітті және сүтті ешкілерді сырт бітімі-конституциялық типі бойынша балдық бағалау осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
5-тарау. Ешкілерді тірідей салмағы бойынша бағалау
15. Өнімділіктің әртүрлі бағыттарындағы тұқымдық текелер мен төлдердің тірідей салмағы бонитирлеу жүргізу кезінде таразыда 0,1 (нөл бүтін оннан бір) килограмға дейінгі дәлдікпен, бір жасында аш қарында өлшеу арқылы айқындалады.
16. Мерзімді (туылған кезде, енесінен айырған кезде, 1 (бір) жас, 1,5 (бір жарым) жаста, жыл сайын текелерді бағалау және аналық ешкілерге жеке бекіту кезінде) өлшеуге селекциялық топтардың жануарлары – тұқымдық текелер, ұрғашы ешкілер және олардың төлдері жатады.
17. Ересек ешкілердің тірідей салмағы күзде шағылыстыру алдында азықтандырғанға дейін және суарғанға дейін таңертең жеке (асыл тұқымды табындар) немесе топпен (тауарлық табындар) өлшеу арқылы, лақтардікі – оларды енелерінен айырған кезде анықталады.
18. Жүнді, түбітті және сүтті ешкілерді тірідей салмағы бойынша балдық бағалауосы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
6-тарау. Жүнді және түбітті ешкілерді жүн өнімділігі бойынша бағалау
19. Жүнді және түбітті ешкілерді жүн өнімділігінің сандық және сапалық параметрлері бойынша негізгі бағалау 12 (он екі) – 18 (он сегіз) айлық жаста жүргізіледі. Сараптамалық бағалау бонитирлеу кезінде, ал зертханалық зерттеулер – іріктелген үлгілерді зерделеу кезінде өлшеу құралдары мен аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
20. Көзбен қарап бағалауға мынадай селекциялық белгілер жатады:
1) жүн мен түбіттің қалыңдығы, бұл тері аймағының бірлігіне келетін жүн талшықтарының саны. Тері аймағының бірлігіне жүн талшықтары неғұрлым көп болса, жүн қырқымы соғұрлым жоғары болады. Ешкілердің жүн өнімділігін бағалау кезінде жүннің қалыңдығымен қатар бүйірлерінде, арқада және іш жағында жүннің (түбіттің) көп өсетініне назар аудару қажет.
2) жүннің, түбіттің жіңішкелігі – бонитирлеу кезеңінде сапада көзбен қарап айқындалатын жүн және түбіт талшығының диаметрі. Жүн мен түбіт талшықтары неғұрлым жіңішке болса, шығымдылық соғұрлым жоғары болады және олардан иірілген жіптің сапасы өте жақсы болады. Сондықтан, жүнді және түбітті ешкілерді селекциялық топтарға іріктеу кезінде жүн мен түбіттің жіңішкелігіне ерекше назар аудару қажет.
3) жүн мен түбіттің біркелкілігі – ешкі шаруашылығындағы маңызды селекциялық белгілер. Жүн мен түбіттің жіңішкелігі мен ұзындығы бойынша біркелкілігі неғұрлым жоғары болса, олардан иірілген жіптің сапасы соғұрлым жақсы болады. Жүнді және түбітті ешкілерді іріктеу кезінде жүн мен түбіттің жіңішкелігі мен ұзындығы бойынша біркелкілігіне ерекше назар аудару қажет.
4) шайыры – жүннің технологиялық құндылығын оның құрамындағы май есебінен қамтамасыз ететін құнды көрсеткіш. Жуылған жүн мен түбіттің жоғары өнімділігі өнімділікті арттырудың маңызды өлшемшарты болып табылады. Алайда, жүн мен түбітте ашық түсті шайырлардың жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етуге тырысу қажет.
5) жүн мен түбіттің түсі мен жылтырлығы селекциядағы маңызды көрсеткіштер болып табылады, өйткені бұлар олардан жасалған бұйымдардың сапасына үлкен әсер етеді. Жүннің ақ түсі мен люстр тәрізді жылтырлығы - сапалы шикізат белгісі. Іріктеу кезінде бұйымдарға әдемілік пен әсемдік беретін жүн мен түбітке тән жылтырлығының болуын ескеру қажет. Жүн мен түбітте түрлі-түсті талшықтардың болуы өнімнің сапасын төмендетеді.
6) жүннің ирелеңдігі – оның біртектілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бір жазықтықта өрімнің бүкіл ұзындығы бойынша жүннің ірі ирелеңдігі (гофрленген) оның біркелкілігін анықтайды.
7) кемп – жүн шикізатының сапасын күрт нашарлататын құрғақ өлі қылшық. Жүнді және түбітті ешкілердің, әсіресе тұқымдық текелердің табынымен асылдандыру жұмыстарын жүргізу кезінде селекция жүндегі кемптің құрамын жоюға бағытталуы тиіс.
21. Жүн мен түбіт өнімділігінің мынадай селекциялық белгілері өлшенуге жатады:
1) жүн мен түбіт қырқымы – 12 (он екі) айда жануардан қырқылатын жүннің жалпы салмағы. Жүнді қырқу терінің бірлігіндегі қылшықтардың санына, жүн мен түбіттің жіңішкелігіне және ұзындығына байланысты. Жүнді қырқу, түбітті, әсіресе жіңішке талшықты (17 (он жеті) – 18 (он сегіз) микрометр және одан жіңішке) түбітті тарау және олардың сандық және сапалық параметрлері өнімділіктің осы бағыттарындағы ешкілермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу кезінде маңызды шаруашылықтың пайдалы белгілері болып табылады.
2) түбіттің құрамы – массасы бойынша пайызбен көрсетілген түбіт талшықтарының саны. Бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, түту соғұрлым жоғары болады. Селекциялық ядроның тұқымдық текелері мен аналық ешкілердің түбітін жеке түту әртүрлі типті жүн талшықтарының физикалық-механикалық қасиеттерін белгілей отырып, селекциялық зертханаларда зерттеу жолымен белгіленеді.
3) жүннің, түбіттің жіңішкелігі – микрометрлерде айқындалатын жүн мен түбіт талшығының диаметрі. Жүн мен түбіт талшықтары неғұрлым жіңішке болса, шығымдылық соғұрлым жоғары болады және олардан иірілген жіптің сапасы өте жақсы болады. Сондықтан, жүнді және түбітті ешкілерді селекциялық топтарға іріктеу кезінде олардың жүні мен түбітінің жіңішкелігіне ерекше назар аудару қажет.
4) жүннің, түбіттің ұзындығы – белгілі бір уақыт кезеңінде жүннің өсуі – 12 (он екі ай) ай немесе қырқудан қырқуға дейін. Асыл тұқымды жас төлдерде табиғи күйінде жүн ұзындығы бүйірінде (сызғышпен), мал басын толықтыратын лақтарда – бүйірінде, санында, арқасында және іш жағында өлшенеді.
22. Жүнді ешкілерді жүнді өнімділігі бойынша және түбітті ешкілерді жүнді өнімділігі бойынша балдық бағалауосы Нұсқаулыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
7-тарау. Ешкілерді сүттілігі бойынша бағалау
23. Ешкілердің сүттілігі сырт бітімі-конституциялық типімен, жануардың дене салмағымен және желіннің дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан, сүтті тұқымды ешкілерді іріктеу және таңдау кезінде осы белгілерге үлкен мән беру керек, өйткені олар көбінесе жас төлдердің одан әрі өсуі мен дамуын және оның өнімділігін анықтайды.
24. Лақтардың туылу типі (нешінші болып туылған) болашақ саулық ешкілер мен тұқымдық текелердің өнімділігі мен төлділігін таңдау және болжау кезінде маңызды. Сүтті ешкілердің өнімді-асыл тұқымды қасиеттерін бағалау кезінде егіз боп және үшеу боп туылған жас төлдерге жынысына қарамастан сүтті тұқымды ешкілерді сүт өнімділігі бойынша балдық бағалау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес тиісінше 3 және 5 балл қосымша беріледі.
8-тарау. Жүнді, түбітті және сүтті ешкілерді сыныптарға бөлу
25. Ешкі шаруашылығындағы жалпы сыныптық баға конституциялық-өнімді сапаларының, қасиеттердің және тұқым стандартына сәйкестік дәрежесінің жиынтығы бойынша белгіленеді.
26. Тұқымдық ерекшеліктеріне және өнімділік деңгейіне байланысты ешкілерді 3 сыныпқа бөледі:
1) элита – конституциялық-өнімді сапалары мен қасиеттері бойынша 1-сыныпты ешкілерден асып түсетін, тиісті тұқымдардың стандартына толық жауап беретін жануарлар. Жүнді ешкілердің жас төлдерін элита сыныбына жатқызу үшін жалпы балл саны 65 (алпыс бес) – 85 (сексен бес) балды құрауы тиіс. Түбітті және сүтті ешкілерді элита сыныбына жатқызу үшін балдардың жалпы саны 55 (елу бес) – 70 (жетпіс) болуы керек.
2) бірінші сынып – өзінің конституциялық-өнімді белгілері мен қасиеттері бойынша жүнді, түбітті және сүтті тұқымды ешкілер үшін стандарт талаптарына сәйкес келетін жануарлар. Жүнді ешкілердің жас төлдерін бірінші сыныпқа жатқызу үшін жалпы балл саны 45 (қырық бес) – 64 (алпыс төрт) болуы керек. Түбітті және сүтті ешкілерге ұқсас параметр – 40 (қырық ) – 54 (елу төрт) балл.
Элиталық және бірінші сыныпты аналықтар өз табындарын өсіру және мал басын толықтыру, сондай-ақ оны асыл тұқымды мақсаттарға сату үшін жас төлдерді алу мақсатында қолданылады.
3) екінші сынып – тұқым стандартына толық сәйкес келмейтін, сондай-ақ өнімділікте немесе сырт бітімі-конституциялық типте кейбір кемшіліктері бар жануарлар. Олар өнімділігі жағынан бірінші сыныпты ешкілерден едәуір төмен, бірақ пайдаланылатын табындарда тауарлық өнімді алуға, ал асыл тұқымды табындарда, сонымен қатар, тұқымға жақсартылған жас төлдерді алу және сату үшін өте қолайлы. Кешенді бағалау кезінде 30 (отыз) – 44 (қырық төрт) балл жинаған бонитирлеу жасындағы жүнді ешкілердің жас төлі екінші сыныпқа жатады. Түбітті және сүтті ешкілер үшін бұл көрсеткіш 25 (жиырма бес) - 39 (отыз тоғыз) балл деңгейінде белгіленген.
4) конституциясы әлсіреген, сырт бітімінде кемістігі бар, өнімділігі төмен, жалпы жиынтық бойынша – жүн бойынша 30 (отыз) балл және түбітті және сүтті ешкілер бойынша 25 (жиырма бес) балл жинамаған жануарлар жарамсыз малға жатады.
27. Ешкілерді жеке нөмірлермен таңбалау мынадай тәсілмен жүргізіледі:
1) құлақтарына ен салу;
2) құлақтарына металл немесе пластмасса (радиожиілік) сырғалар салу;
3) мүйіздеріне күйдіріп салу.
28. Селекциялық топтардың аналық ешкілері мен ақ түсті тұқымдық текелер үшін құлақтарына таңба салу таңбалаудың негізгі әдісі болып табылады. Нөмірлер құлақ қабығының ішкі жағының түксіз жағына қойылады.
Нөмірлердің цифрлары құлақтың ұзындығына параллель және оның ортасында, сол жақ құлаққа нөмір бас жағынан бастап, оң жақ құлаққа – бас жағына қарай қойылады. Таңбаның құрамы 5 (бес) – 10 (он) % глицерин қосылған спиртте сұйылтылған күйеден дайындалады.
9-тарау. Ешкілерді таңбалау
29. Асыл тұқымды ешкілерді таңбалау мынадай тәртіппен жүргізіледі: селекциялық топтағы аналықтардан және ұрпақтарының сапасы бойынша ешкілерді бағалау жүргізілетін аналықтардан алынған лақтарға енесінен айырғанға дейін туылған кезде сол жақ құлағына анасының нөмірі, ал оң жақ құлағына – олардың жеке нөмірінің таңбасы қойылады. Жеке нөмірдің алдына туылған жылы (жылдың соңғы цифры) қойылады.
30. Өнімділіктің барлық бағыттарындағы ешкілер және олардың асыл тұқымдық және пайдаланушы табындардағы, жеке немесе сыныптық бонитирленген және сыныптарға жатқызылған будандары оң жақ құлағына мынадай тәртіппен ен салумен белгіленеді:
элита – оң жақ құлақтың ұшында «жебе» тәрізді бір ен салу;
бірінші сынып – оң жақ құлақтың төменгі жиегіне бір ен салу;
екінші сынып – оң жақ құлақтың төменгі жиегіне екі ен салу.
Жануарлар сыныптарының талаптарына сәйкес келмейтін ешкілердің оң жақ құлағының ұшын кесіп тастайды.
10-тарау. Асыл тұқымдық есепке алуды жүргізу
31. Асыл тұқымдық есепке алу асыл тұқымды ешкілердің әрбір табынында жүйелі түрде жүргізіледі. Оған тұқымдық текелерді, селекциялық топтардың аналықтарын және олардың селекциялық топтар аналықтарының мал басын толықтыру үшін іріктелген ұрпақтарын жеке есепке алудың, шығу тегінің, асыл тұқымды пайдаланудың барлық деректері мен өнімділік көрсеткіштері, сондай-ақ қалған асыл тұқымды аналықтар мен олардың төлдерінің қырқылған жүнін және тірідей салмағын жеке есепке алу деректері кіреді.
32. Жас төлдерге және қалған аналықтарға жыл сайын жүнді қырқу, тірідей салмақ және ұрпақ алу бойынша зоотехникалық есепке алудың жиынтық ведомостары жасалады.
33. Асыл тұқымдық есепке алу деректері САТЖАҚ-ға енгізіледі.
34. Жеке есепке алу «Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.
35. Негізгі тұқымдық текелердің және селекциялық топтар аналықтарының тірідей салмағы, жүн қырқымы және оның сапалы сипаттамалары оларды асыл тұқымдық пайдаланудың барлық кезеңінде ескеріледі.
36. Асыл тұқымды ешкілердің өнімділігін есепке алу үшін осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес Асыл тұқымды ешкілердің өнімділігін есепке алу кітабы жүргізіледі.
Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Жүнді, түбітті және сүтті ешкілерді сырт бітімі-конституциялық типі бойынша балдық бағалау

Фенотиптік және селекциялана

тын белгілер

Сипаттауы

Шартты белгілер. немесе өлшем бірлігі

Ешкілердің өнімділік бағытын ескере отырып, белгі үшін балдар

жүнді

түбітті

сүтті

1

Негізгі өнімділік типінің айқындығы

(жүнді, түбітті, сүтті)

Негізгі өнімділік типінің (жүн, түбіт, сүт) айқындығы қанағаттанарлық емес жануарлар

С-

-

-

-

Негізгі өнімділік типінің айқындығы қанағаттанарлық жануарлар

С

1-5

1-5

1-5

Негізгі өнімділік типінің (жүн, түбіт, сүт) айқындығы жақсы жануарлар

С+

6-8

6-8

6-8

Негізгі өнімділік типінің (жүн, түбіт, сүт) айқындығы өте жақсы жануарлар

СС

9-10

9-10

9-10

2

Дене бөліктерін жиынтық бағалау негізінде анықталатын сүйек

Сүйегі нәзік

Н

-

-

-

Сүйегі үлкен, ірі

Г

1-3

1-3

1-3

Сүйегі•жақсы дамыған, бірақ ірі емес

К

4-5

4-5

4-5

3

Сырт бітімі

Дененің бір немесе одан да көп бөліктері бойынша кемістер бар

Э-

-

-

-

Дене бөліктерінің кемістері байқалмайды

Э

1-3

1-3

1-3

Тұқым стандартына толығымен сәйкес келеді

Э+

4-5

4-5

4-5

Сырт бітімі үшін ең жоғары балл жиыны:

20

20

20

Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Жүнді, түбітті және сүтті ешкілерді тірідей салмағы бойынша балдық бағалау

Селекцияланатын белгі, өлшем бірлігі

Жынысы

Белгінің мәні, килограмм (бұдан әрі – кг)

Ешкілердің өнімділік бағытын ескере отырып, белгі үшін балдар

жүнді

түбітті

сүтті

1

1 (бір) жастағы тірідей салмағы, кг.

Текешіктер

25 кг және кем

-

-

-

26-28

-

1-3

-

29-31

1-5

4-6

1-3

32-34

6-7

7-9

4-6

35-37

8-9

10

7-9

38 және артық

10

10

10

Шыбыштар

23 кг және кем

-

-

-

24-26

-

1-3

-

27-29

1-5

4-6

1-2

30-32

6-7

7-8

3-7

33-35

8-9

9-10

8-10

36 кг және артық

10

10

10

2

1,5 (бір жарым) жастағы тірідей салмағы, кг.

Текешіктер

30 кг және кем

-

-

-

31-33

-

1-5

-

34-36

1-5

6-8

1-4

37-39

6-8

9-10

5-7

40-42

9-10

10

8-9

43 кг және артық

10

10

10

Шыбыштар

28 кг және кем

-

-

-

29-31

-

1-3

-

32-34

1-2

4-5

1-3

35-37

3-7

6-7

4-7

38-40

8-9

8-9

8-9

41 кг және артық

10

10

10

Тірідей салмағы үшін ең жоғары балл жиыны:


 

10

10

Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Жүнді өнімділігі бойынша жүнді ешкілерді балдық бағалау

Фенотиптік және селекцияланатын белгілері

Сипаттамасы

Шартты белгілер, белгінің мәндері, сантиметр (бұдан әрі – см), килограмм (бұдан әрі – кг)

Белгі үшін балдар

1

Жүннің қалыңдығы ұстап сезу арқылы және бүйірі мен арқасында тері тігісінің шамасымен анықталады

Жүні сирек, тұқым стандартына сәйкес келмейді

М-

-

қанағаттанарлық

М

1-2

қалың

М+

3-4

өте қалың

ММ

5

2

Өлі және құрғақ талшық (бұдан әрі – кемп) құрамы

кемп жоқ

К-

5

кемп 1 пайыздан (бұдан әрі – %) аспайды

К

1-4

кемп 1%-дан артық

К+

-

3

Бүйіріндегі жүннің ұзындығы жауырынның дәл артқы жағындағы бүйірінің ортаңғы сызығынан жоғары созылмаған жүн тұлымдарының биіктігі бойынша сызғышпен өлшеніп анықталады

Текешіктер

15,0 см және кем

-

15,1-16 см

1

16,1-17 см

2-3

17,1-18,0 см

4-5

18,1 см және артық

5

Шыбыштар

13,0 см және кем

-

13,1-14 см

1

14,1-15 см

2-3

15,1-16,0 см

4-5

16,1 см және артық

5

4

Жүн талшықтарының сапасы немесе микрометрлердегі (бұдан әрі – мкм) жіңішкелігі - микроскоптың немесе зертханалық жабдықтың көмегімен көзбен көріп анықталады

Текешіктер

жіңішке 58 к.-(25,1-27,0)

-

58-56 (25,1-29,0)

1

56-(27,1-29,0)

2-3

56-50-(31,1-34,0)

4-5

жуан 50 к.-(29,1-31,0)

5

Шыбыштар

60-(23,1-25)

-

58-(25,1-27,0)

1

56-(27,1-29,0)

2-3

50-(29,1-31,0)

4-5

48-(31,1-34,0)

5

5

Жүннің биязылығы бойынша біркелкілігі

Жүн біркелкі емес, бүйірі мен сандарындағы талшықтардың биязылығындағы айырмашылық 2 (екі) сападан немесе 4 (төрт) мкм жоғары

Б-

-

Жүн біркелкі, бүйірі мен сандарындағы талшықтардың биязылығындағы айырмашылық 1 (бір) сапа немесе 2-ден (екіден) 4 (төрт) мкм-ге дейін

Б

1-4

Жүннің біркелкілігі жақсы, бүйір мен сандарындағы талшықтардың биязылығындағы айырмашылық 2 (екі) мкм-ден аз

Б+

5

6

Жүннің ирелеңдігі - бүйірінде көзбен көріп анықталады:

Ирелеңдігі әлсіз, бірақ көрінеді

И-

-

Ирелеңдігі қажетті пішінде, жақсы көрінеді, бірақ анық емес

И

1-4

Ирелеңдігі қажетті пішінде, штапельдің бүкіл ұзындығы бойынша анық көрсетілген

И+

5

7

Шайыр, шайыр мөлшері (жүннің жалпы салмағынан шайырдың үлестік салмағы %)

Кемшілік, 5 % кем

Ш-

-

Артықшылық, 10 % артық

Ш+

1-4

Жеткілікті мөлшер (5 (бес)-10 (он))

Ш

5

8

Жүннің жылтырлығы (люстр)

Қалыпты жылтырлық

К

5

Әлсіз күңгірт

С

1-4

Жоқ

Б

-

9

Арқа мен қарнында жүннің өсуі

Арқа жағындағы жүннің ұзындығы 2 см-ге қысқа және бүйіріндегіге қарағанда көп – өсуі қанағаттанарлықсыз.

Ө-

-

Арқа жағындағы жүннің ұзындығы 1,5 (бір жарым) –2 (екі) см-ге қысқа – өсуі қанағаттанарлық.

Ө

1-3

Арқа жағындағы жүннің ұзындығы бүйіріндегіге қарағанда 1,5 (бір жарым) см-ге қысқа және одан аз – өсуі жоғары

Ө+

4-5

10

Жүн қырқымы. Жуылмаған жүн қырқымы, бір жылда қырқылған тезексіз жүннің салмағы

Текешіктер

0,9 кг және кем

-

1,0-1,1 кг

1-4

1,1-1,2 кг

5-9

1,2 кг және артық

10

Шыбыштар

0,8 кг және кем

-

0,9-1,0 кг

1-4

1,0-1,1 кг

5-9

1,1 кг және артық

10

Жүн өнімділігі үшін ең жоғары балл жиыны:

55

Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Түбітті ешкілерді жүн өнімділігі бойынша балдық бағалау

Фенотиптік және селекцияланатын белгілер

Сипаттамасы

Шартты белгілер немесе өлшем бірлігі., белгінің мәні

Белгі үшін балдар

1

Түбіттің қалыңдығы (салмағы) – ұстап сезу арқылы немесе бүйіріндегі тері тігісінің көлемі бойынша анықталады

Түбіті сирек, тұқым стандартына сәйкес емес

С-

-

Түбітінің қалыңдығы қанағаттанарлық

С

1-2

Түбіті қалың

С+

3-4

Түбіті өте қалың

СС

5

2

Бүйіріндегі түбіттің ұзындығы – жауырын артындағы созылмаған жүн тұлымының биіктігі бойынша сызғышпен өлшеп анықталады

Текешіктер

5,5 сантиметр (бұдан әрі – см) см және кем

-

5,6-6,0 см

1

6,1-6,5 см

2-3

6,6-7,0 см

4-5

7,1 см және артық

5

Шыбыштар

5,0 см және төмен

-

5,1-5,5 см

1

5,6-6,0 см

2-3

6,1-6,5 см

4-5

6,6 см және артық

5

3

Түбіттің жіңішкелігі сапада немесе микрометрах (бұдан әрі – мкм) мкм-де – көзбен көріп немесе микроскоптың, арнайы зертханалық . жабдықтар көмегімен анықталады

Текешіктер

18,0 мкм және жіңішкерек

5

18,1-18,5 мкм

3-4

18,6-19,0 мкм

2

19,1 мкм жіңішке

1

Шыбыштар

17,0 мкм және жіңішкерек

5

17,1-17,5 мкм

3-4

17,6-18,0 мкм

2

18,1 мкм жуанырақ

1

4

Жүн бойынша түбіт құрамының біркелкілігі оның бүйірі мен санындағы құрамының айырмашылығымен анықталады

Түбіт құрамы біркелкі емес, айырмашылық 10 (он) пайыз (бұдан әрі – %)-дан асады

Б-

-

Түбіттің құрамы біркелкі , айырмашылық – 5 (бес) – 10 (он) %

Б

1-4

Түбіттің құрамы біркелкі, айырмашылық – 5 %-дан аз

Б+

5

5

Арқасы мен құрсағы түбітінің өсуі - оның бүйіріндегі және дененің көрсетілген аймақтары арасындағы ұзындығының айырмашылығымен анықталады

Арқа жағындағы түбіттің ұзындығы бүйір жағына қарағанда 1 (бір) см-ге және одан да көп қысқа – өсуі қанағаттанарлықсыз

Ө-

-

Арқа жағындағы түбіттің ұзындығы 0,5 (нөл бүтін оннан бес) – 1 (бір) см-ге қысқа – өсуі қанағаттанарлық

Ө

1-3

Арқа жағындағы түбіттің ұзындығы бүйір жағына қарағанда 0,5 (нөл бүтін оннан бес) см-ге және одан да аз қысқа – өсуі жоғары

Ө+

4-5

6

Түбіттің түсі

Ақ

А

5

Ақшыл сұр

АС

4

Сұр

С

3

Қою сұр

ҚС

1-2

7

Екі мәрте тарағанда таралған түбіттің жиынтығы

Текешіктер

239 г және кем

-

240-259 грамм (бұдан әрі – г).

1-3

260-279г

4-6

280-299 г

7-9

300 г және артық

10

Шыбыштар

159 г. және кем

-

160-179 г

1-3

180-199 г

4-6

200-219г

7-9

220 г және артық

10

Жүн өнімділігі үшін ең жоғары балл жиыны:

40

Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Сүтті тұқымды ешкілерді сүт өнімділігі бойынша балдық бағалау

Фенотиптік және селекцияланатын белгілер

Сипаттамасы

Шартты белгілер немесе өлшем бірлігі., белгінің мәні

Белгі үшін балдар

1

Бонитирлеу кезіндегі жануардың көлемі

Текешіктер: өте ірі

ірі

орташа

ұсақ

өте ұсақ

ӨІ

5

І

4

О

3

Ұ

2

ӨҰ

1

Шыбыштар: өте ірі

ірі

орташа

ұсақ

өте ұсақ

ӨІ

5

І

3-4

О

2

Ұ

1

ӨҰ

1

2

Желіннің дамуы

Желіні өте үлкен, дұрыс пішінді

Ж++

10

Желіні үлкен, дұрыс пішінді

Ж+

9

Желіні көлемі бойынша орташа, дөңгелек немесе алмұрт тәрізді

Ж

6-9

Желіні үлкен емес, бірақ дұрыс пішінді

Ж-

3-5

Желіннің бөліктері біркелкі дамымаған, салбыраңқы, әртүрлі ұзындықтағы емшектер немесе өте кішкентай емшектер

Ж--

1-2

3

Сүт сауыны

Бірінші лактация бойынша сүт сауыны

С 1

369 л және кем

-

370-389

1-2

390-409

3-4

410-429

5-7

430-449

8-9

450 л және артық

10

Екінші лактация бойынша сүт сауыны

С 2

504 л және кем

-

505-535

1-2

536-565

3-4

566-595

5-7

596-625

8-9

626 л және артық

10

Үшіншіі лактация бойынша сүт сауыны

С 3

649 л және кем

-

650-680

1-2

681-710

3-4

711-740

5-7

741-770

8-9

800 л және артық

10

5

Сүттің майлылығы-зертханалық жолмен анықталады

Өте төмен

3,59 % және кем

-

Төмен

3,60-3,65 %

1-2

Қанағаттанарлық

3,66-3,70 %

3-4

Жеткілікті

3,71-3,75 %

5-7

Жоғары

3,76-3,80 %

8-9

Өте жоғары

3,81 % және жоғары

10

6

Туу типі, (қанша дарақ ішінде лақтар туылды)

Біреу ішінде

Т 1

-

Екеу ішінде

Т 2

3

Үшеу ішінде

Т 3

5

Сүт өнімділігі үшін ең жоғары балл жиыны:

40

Түбітті, сүтті және жүнді
ешкілерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Асыл тұқымды ешкілердің өнімділігін есепке алу кітабы  
  Ауыл шаруашылығы құралымының атауы, мекенжайы ______________________________
  _____________________________________________________________________________
  _____________________________________________________________________________
  Аналықтар отары ________________________ № ________, сыныбы___________________
  Аға шопан ____________________________________________________________________
  ____________________________________________(аты, әкесінің аты, тегі (болған кезде))  

Р/с

Жануардың нөмірі

Туылған жылы

Өнімділігі

Жануардың сыныбы

Ескертпе

жүнінің қырқымы (түбіттің түтілуі)

тірідей салмағы

сүт сауыны

жуылмаған

жуылған