Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
8-қосымша
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Шошқаларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Шошқалардың асыл тұқымды құндылығын бонитирлеу және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шошқаларға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Шошқаларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Шошқаларды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Шошқаларды бонитерлеу жыл сайын жүргізіледі. Жануарлардың сырт бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады.
4. Қабандардың, аналық шошқалардың және мал басын толықтыратын төлдердің дене бітімін бағалау шілде-қазан айларында жүргізіледі.
5. Бонитерлеу нәтижелері бойынша 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есеп жасалады.
6. Шоқалар тұқымдары бағыттар және өнімділік деңгейі бойынша мынадай топтарға бөлінеді:
бірінші – ірі ақ, украиндық далалық ақ, ұзынқұлақты ақ, латвиялық ақ, литвалық ақ, сібірлік солтүстік, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қавказдық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқалар топтары;
екінші – ландрас, эстондық бекондық, дюрок, үржүмдік, уэль шошқасы;
үшінші – миргородтық, украиндық далалық ала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы.
7. 85 (сексен бес) килограмнан (бұдан әрі – кг) 110 (жүз он) кг-ға дейінгі салмаққа жеткен кезде, барлық мал басын толықтыратын төлдер осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес шошқаның мал басын толықтыратын төлін қыртыс майының қалыңдығы (сантиметр) бойынша тірі кезінде бағалау үшін шәкіл бойынша алтыншы-жетінші кеуде омыртқалары деңгейінде арқасынан өлшенген қыртыс майының қалыңдығы бойынша тірі кезінде бағаланады.
8. Қабандар мен аналық шошқалардың жетілуін денесінің салмағы мен ұзындығы бойынша зауыттық қоңдылығы жағдайында бағалайды.
Жануарларды 1(бір) кг дейінгі дәлдікпен азықтандыру алдында өлшейді.
Дененің ұзындығын желке жалынан бастап құйрықтың түбіне дейін 1 (бір) сантиметрге (бұдан әрі – см) дейінгі дәлдікпен өлшеуіш таспамен өлшейді. Бастың төменгі жағын өлшеген кезде, мойын және кеуде бір деңгейде болуы керек.
9. Қабандарды 12 (он екі) айлық жастан бастап жыл сайын туылған күнінде салмағын және бойын өлшейді.
Әрбір қабан бойынша жиынтық бонитирлеу ведомосін жасау кезінде салмағы және бойы бойынша соңғы өлшенген деректерді өңдеуге енгізеді.
10. Аналық шошқалар торайлағаннан кейін 5 (бесінші)-10 (оныншы) күні салмағын және бойын өлшейді.
11. Қабандар мен аналық шошқалардың сырт бітімін осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шошқалардың сырт бітімін бағалауға арналған жүз балдық шәкіл бойынша бағалайды.
Қабандар мен аналық шошқалар:
90 (тоқсан) және одан жоғары балл алғандар элита сыныбына жатады;
85 (сексен бес) балдан 89 (сексен тоғыз) балға дейін алғандар бірінші сыныпқа жатады;
80 (сексен) балдан 84 (сексен төрт) балға дейін алғандар екінші сыныпқа жатады.
12. Кемінде 12 (он екі) (6/6) (алтыдан алты) кратерлік емшегі бар, алдыңғы аяқтары икс тәрізді, жауырын астынан немесе белінде бірден белі кететін, арқасы салбыраңқы, тұмсығы иттердің тұмсығына ұқсаған, мұрны қисық, тістеуі дұрыс емес жануарлар бонитирлеуге жатпайды және табыннан шығарылады.
13. Қабандар мен аналық шошқаларды дене көлемі мен сырт бітімі бойынша соңғы рет бонитирлеу үш жаста жүргізіледі.
Ересек жаста қайта бағалау тек сыныптылығын көтеру жағына қарай жүргізілуі мүмкін.
14. Аналық шошқалардың өнімділігі олардан торайлар алынғаннан кейін мынадай көрсеткіштер бойынша бағаланады:
1) көптөлділік – туылған тірі торайлардың саны;
2) сүттілігі – туылғаннан кейінгі енесінің бауырындағы жиырма бір күндік торайлардың салмағы;
3) енесінің бауырындағы екі айлық жастағы торайлардың салмағы.
15. Санамаланған көрсеткіштер үшінбірінші торайтайтын және екі немесе одан да көп торайлаған мегежіндер үшін сыныптар осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қабандар мен мегежіндерді бордақылау және ұрпақтарының етті сапалары бойынша шошқаларды бағалауға арналған шәкіл бойынша айқындалады.
16. Ұрпаққа бақылау бордақылауға жүргізілгеннен кейін, аналық шошқалар ұрпағының өнімділігі мынадай көрсеткіштер бойынша қосымша бонитирленеді:
1) 100 (жүз) кг салмаққа жету жасы;
2) 1(бір) кг салмақ өсіміне жұмсалатын шығын;
3) 6 (алтыншы) – 7 (жетінші) кеуде омыртқасындағы қыртыс майының қалыңдығы;
5) артқы бөлігінің үштен бірінің салмағы.
17. Ұрпағының бордақылау және етті қасиеттерін сипаттайтын санамаланған көрсеткіштерге аналық шошқалардың сыныптары осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қабандар мен аналық шошқаларды ұрпағының бордақылау және етті қасиеттері бойынша бағалауға арналған шәкіл бойынша анықталады.
18. Тексерілетін аналық шошқаларды бірінші торайлау нәтижесі бойынша бонитирлейді: екі және одан да көбірек торайлағандарды торайлауды бонитирлеу кезінде барлық есептелген орташа көрсеткіштер бойынша бонитирлейді;
Қандай да бір торайлау жағдайында туылған немесе енесінен айырған кездегі торайлардың саны 6 және одан аз болса, онда мұндай торайлау «апаттық» деп есептеледі және өнімділіктің орташа көрсеткішін есептеу кезінде оның барлық деректері өңдеуден алып тасталады.
Бірден артық «апаттық» торайлаған аналық шошқаларды бонитирлемейді және табыннан жарамсыз деп шығарылады.
19. Қабандармен шағылысқан аналық шошқа торайлағаннан кейін, оны тұқымдарының екі немесе төрт айлық жастағы орташа салмағы бойынша бонитирлейді. Өнімділік көрсеткіші осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес барлық тұқымдардың қабандарын 2 (екі) және 4 (төрт) ай (ең төменгі шарттар) жасындағы ұрпақтарының салмағы бойынша бағалау шәкілі бойынша кемінде бес аналықтан алынған барлық торайлардың орташа салмағы негізінде айқындалады.
Екі айлық және төрт айлық жас төлдің салмағы туралы деректер болған кезде бағалау оның төрт айлық жасындағы салмағы бойынша жүргізіледі.
20. Қабандар өнімділігін негізгі бонитирлеу ұрпағын бордақылауға бақылау жүргізу әдісімен бордақылау және етті сапасын мынадай көрсеткіштер бойынша бағалау болып табылады;
1) 100 (жүз) кг салмаққа жету жасы;
2) 1 (бір) кг салмақ өсіміне жұмсалатын шығын;
3) 6 (алтыншы) – 7 (жетінші) кеуде омыртқасындағы қыртыс майының қалыңдығы;
5) артқы бөлігінің үштен бірінің салмағы.
21. Ұрпағының бордақылау және етті сапасын сипаттайтын көрсеткіштер үшін қабандардың сыныптары осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес қабандар мен мегежіндерді ұрпақтарының бордақылау және етті сапасы бойынша бағалау шәкілі бойынша айқындалады.
22. Ұрғашы шошқалардан торайлар алынғаннан кейін қабандарды өнімділігі бойынша барлық (оның ішінде шығарылған және жарамсыз) кем дегенде есепке алынған бес ұрғашы торай бойынша бонитирлейді.
23. Қабандарды ұрғашы шошқаларының өнімділігі бойынша бонитирлеуді әрбір қабанның ұрғашы шошқаларының көптөлділігі мен сүттілігінің орташа көрсеткіштерінің табын бойынша алғаш торайлайтындар мен екі және одан да көп торайлаған аналық шошқалар (бірдей жастағылар) бойынша орташа көрсеткіштерден ауытқуын есептеу арқылы жүргізеді.
24. Бонитирлеу және сыныптық бағалау нәтижелері бойынша жануарлардың жастық және өндірістік топтары үшін қарастырылған әрбір белгілерден мынадай жиынтық сыныптар белгіленеді:
25. Жануардың жиынтық сыныбы осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес шошқалардың жиынтық сыныбын айқындауға арналған шәкіл бойынша әрбір сыныпқа шартты балл беру арқылы айқындалады.
26. Бағаланған белгілердің әрбір сыныбына тиесілі балдар жинақталады және сомасы қосынды санға бөлінеді. Алынған орташа балл бойынша осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес шошқалардың жиынтық сыныпбын (орташа балл бойынша) айқындауға арналған шәкіл бойынша жиынтық сынып айқындалады.
27. Элита-рекорд жиынтық сыныбы ұрпағының бақылау бордақылауы және элита сыныптарыбойынша бағаланған жануарлар үшін белгіленеді.
28. Егер жануар барлық ескерілген белгілер бойынша екінші сыныппен бағаланса, онда жиынтық бағасы бойынша ол сыныптан тыс деп есептеледі.
29. Мал басын толықтыратын және асыл тұқымды төлдерді алты айлық жасқа дейін әкесінің жиынтық сыныбы, енесінің жиынтық сыныбы, салмақ сыныбы, ал алты айлық жастан кейін дене ұзындығының сыныбы бойынша бағалайды.
30. Мал басын толықтыратын төлде тірі кезінде анықталатын қыртыс майының қалыңдығы салмағы 85 (сексен бес) кг-дан 110 (жүз он) кг-ға дейін жеткен кезде тұрақты көрсеткіш ретінде жазылады және асыл тұқымды қабандар мен аналық шошқалардың табыннан шыққанға дейінгі барлық кейінгі бағалауларына енгізіледі.
31. Аналық шошқаларды салмағы, дене ұзындығы, қыртыс майының қалыңдығы, көптөлділігі, сүттілігі, екі айлық жаста ұядағы салмағы сыныбы бойынша сыныптарға бөледі.
Осы тармақта көрсетілген белгілер жиынтық сыныпты анықтау үшін қажет.
32. Аналық шошқалардың ұрпақтарын бақылау бордақылағаннан кейін осы Нұсқаулықтың 32-тармағында көрсетілген көрсеткіштерге:
ұрпақтарының 100 (жүз) кг салмаққа жету жасы;
1 (бір) кг салмақ өсіміне жұмсалатын азық шығыны;
6 (алтыншы)-7 (жетінші) кеуде омыртқасындағы қыртыс майының қалыңдығы;
артқы үштен бір бөлігінің салмағы үшін сыныптар қосылады,
Бұл ретте жиынтық сыныпты он екі белгіні бағалу бойынша анықтайды.
33. Қабандар (торайлаудан кейін олармен ана шошқаларды бүркеу) мыналар бойынша сыныптарға бөлінеді:
қыртыс майының қалыңдығы;
Екі немесе төрт айлық жастағы ұрпақтың салмағы туралы деректер болған кезде, жиынтық сыныпты анықтау үшін тек төрт айлық ұрпақтың салмағы бойынша сынып қолданылады.
Жиынтық сыныпты анықтау үшін қажетті осы тармақта көрсетілген белгілер және осындай бағалаудан кейін қабан негіз топқа ауыстырылады.
34. Қабан ұрпақтарын бақылау бордақылағаннан кейін жиынтық сынып мынадай белгілер бойынша сыныптық бағадан орташа көрсеткіш ретінде алынады:
тірі кезінде өлшенген қыртыс майының қалыңдығы;
100 (жүз) кг салмаққа жету жасы;
1 (бір) кг салмақ өсіміне жұмсалатын шығын;
6 (алтыншы) – 7 (жетінші) кеуде омыртқасындағы қыртыс майының қалыңдығы;
артқы бөлігінің үштен бірінің салмағы.
Шошқаларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Шошқаның мал басын толықтыратын төлін қыртыс майының қалыңдығы бойынша тірі кезінде бағалау шәкілі (сантиметр)
|
Салмағы килограмм
|
Тұқымның 1 (бірінші) тобы
|
Тұқымның 2 (екінші) тобы
|
Тұқымның 3 (үшінші) тобы
|
|
Сыныптар
|
Сыныптар
|
Сыныптар
|
|
элита
|
бірінші
|
екінші
|
Сыныптан тыс
|
элита
|
бірінші
|
екінші
|
вне класса
|
элита
|
бірінші
|
екінші
|
Сыныптан тыс
|
|
85 (сексен бес) -90 (тоқсан)
|
3 және одан кем
|
3,1-3,4
|
3,5-3,8
|
3,9 және одан артық
|
2,7 және одан кем
|
2,8-3,1
|
3,2-3,5
|
3,6 және одан артық
|
3,2 және одан кем
|
3,3-3,5
|
3,6-3,9
|
4,0 және одан артық
|
|
|
|
91 (тоқсан бір) – 95 (тоқсан бес)
|
3,1 және одан кем
|
3,2-3,5
|
3,6-3,9
|
4,0 және одан артық
|
2,8 және одан кем
|
2,9-3,2
|
3,3-3,6
|
3,7 және одан артық
|
3,3 және одан кем
|
3,4-3,6
|
3,7-4,0
|
4,1 және одан артық
|
|
|
|
96 (тоқсан алты) -100 (жүз)
|
3,2 және одан кем
|
3,3-3,6
|
3,7-4,0
|
4,1 және одан артық
|
2,9 және одан кем
|
3,0-3,3
|
3,4-3,7
|
3,8 және одан артық
|
3,4 және одан кем
|
3,5-3,7
|
3,8-4,1
|
4,2 және одан артық
|
|
|
|
101 (жүз бір)-105 (жүз бес)
|
3,3 және одан кем
|
3,4-3,7
|
3,8-4,1
|
4,2 және одан артық
|
3,0 және одан кем
|
3,1-3,4
|
3,5-3,8
|
3,9 және одан артық
|
3,5 және одан кем
|
3,6-3,7
|
3,9-4,2
|
4,3 және одан артық
|
|
|
|
106 (жүз алты) - 110 (жүз он)
|
3,4 және одан кем
|
3,5-3,7
|
3,9-4,2
|
4,2 және одан артық
|
3,1 және одан кем
|
3,2-3,5
|
3,6-3,9
|
4,0 және одан артық
|
3,6 және одан кем
|
3,7-3,8
|
4,0-4,3
|
4,4 және одан артық
|
Шошқаларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Шошқалардың сырт бітімін бағалау шәкілі
|
Сырт бітімінің жеке бөліктері және жалпы түрі
|
Жоғары балл
|
|
Қабандар
|
Мегежіндер
|
|
Жалпы түрі, конституциясы, тұымдық белгілері, тері, қылшық
|
20
|
20
|
|
Бас, мойын
|
5
|
5
|
|
Иық, шоқтық, кеуде
|
10
|
10
|
|
Арқа, бел, бүйір
|
15
|
15
|
|
Құйымшақ, сан
|
20
|
20
|
|
Алдыңғы аяқ
|
7
|
7
|
|
Артқы аяқ
|
8
|
8
|
|
Аналық малдың емшектері, желіні
|
5
|
15
|
|
Қабанның жыныс органдары
|
10
|
(-)
|
|
Барлығы:
|
100
|
100
|
Шошқаларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Қабандар мен мегежіндерді ұрпақтарының бордақылау және етті сапасы бойынша бағалау шәкілі
|
Тұқым тобы
|
Cыныбы
|
100 килограмм (бұдан әрі – кг) салмаққа жету (күн) жасы
|
1ц салмақ өсіміне жұмсалатын азық шығыны (бірлік)
|
6-7 кеуде омыртқасындағы қыртыс майының қалыңдығы сантиметр (бұдан әрі – см)
|
Денесінің ұзындығы (см)
|
Артқы бөлігінің үштен бірінің салмағы (кг)
|
|
1
|
элита
|
190 және одан кем
|
3,9 және одан кем
|
3,1 және одан кем
|
93 және одан артық
|
10 және одан артық
|
|
бірінші
|
191-200
|
3,91-4,2
|
3,2-3,5
|
91-92
|
9-9,9
|
|
екінші
|
201-210
|
4,21-4,4
|
3,6-4,0
|
89-90
|
8-8,9
|
|
сыныптан тыс
|
211 және одан кем
|
4,41 және одан артық
|
4,1 және одан артық
|
88 және одан кем
|
7,9 және одан кем
|
|
2
|
элита
|
190 және одан кем
|
3,8 және одан кем
|
2,8 және одан кем
|
94 және одан артық
|
11 және одан артық
|
|
бірінші
|
191-200
|
3,81-4,0
|
2,9-3,2
|
92-93
|
10-10,9
|
|
екінші
|
201-210
|
4,01-4,2
|
3,3-3,6
|
90-91
|
9-9,9
|
|
сыныптан
тыс
|
211 және одан артық
|
4,21 және одан артық
|
3,7 және одан артық
|
89 және одан кем
|
8,9 және одан кем
|
|
3
|
элита
|
190 және одан кем
|
4 және одан кем
|
3,3 және одан кем
|
92 және одан артық
|
10 және одан артық
|
|
бірінші
|
191-200
|
4,01-4,3
|
3,4-3,6
|
90-91
|
9-9,9
|
|
екінші
|
201-210
|
4,31-4,5
|
3,7-4,0
|
88-89
|
8-8,9
|
|
сыныптан
тыс
|
211 және одан артық
|
4,51 және одан артық
|
4,1 және одан артық
|
87 және одан кем
|
7,9 жә не одан кем
|
Шошқаларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Барлық тұқымдардың қабандарын 2 (екі) және 4 (төрт) ай (ең төменгі шарттар) жасындағы ұрпақтарының салмағы бойынша бағалау шәкілі
|
Көрсеткіштер
|
Қабандар сыныбы
|
|
элита
|
бірінші
|
екінші
|
|
Бір ұрпақтың 2 (екі) айлық жастағы орташа салмағы килограмм (бұдан әрі – кг)
|
18
|
16
|
14
|
|
Бір ұрпақтың 4 (төрт) айлық жастағы орташа салмағы (кг)
|
44
|
40
|
35
|
Шошқаларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Шошқалардың жиынтық сыныбын анықтау шәкілі (орташа балмен)
|
Сынып
|
Орташа балл
|
|
элита-рекорд
|
4,0*
|
|
элита
|
3,6-4,0
|
|
бірінші
|
2,6-3,5
|
|
екінші
|
2,1-2,5
|
|
сыныптан тыс
|
2,1 және азырақ
|
Ескертпе: Бақылау бордақылау әдісімен ұрпақтары бойынша бағалау.