• Мое избранное
Жергілікті және зауыттық жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 9-қосымша

9-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
9-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.04.2019 жылғы № 147 Бұйрығымен (19.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Өнімділік бағытындағы жылқылардың бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнімділік бағытындағы жылқыларға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Өнімділік бағытындағы жылқыларды бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Бонитирлеуді жүргізу үшін мыналар болуы қажет:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендіру;
«Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) 6-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша (бұдан әрі – Нысан) жануар туралы деректер.
4. Бір мезгілде жас малдың шығу тегі, бірдейлендіру, зоотехникалық оқиғалар, өсуі мен дамуы туралы деректерді ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда (бұдан әрі – АТЖ) және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында (бұдан әрі – САТЖАҚ) көрсетілген ұқсас мәліметтермен салыстырып тексеру жүргізеді.
5. Жылқыларды өлшеуіш таяқшамен және өлшеуішпен өлшейді. Бұдан басқа бонитерлеу кезінде жылқылардың тірідей салмағы анықталады.
6. Әрбір бонитирленген жылқыға 1-нысан немесе 2-нысан бойынша карточка толтырылады.
7. Жылқыны бонитирлеу жыл сайын жүргізіледі, бірақ әрбір жылқы өмірінде үш рет бонитирленеді:
1) бірінші бонитирлеуді 1,5 жаста сүттілігі және төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштер бойынша жүргізеді. Бұл деректерді аналықты және айғырларды төлінің сапасы бойынша бағалау үшін, сондай-ақ төлдерді асыл тұқымды мақсаттарда өсіру үшін таңдау кезінде пайдаланады. 1,5 жастан асқан жылқыларды бірінші рет бонитирлеу жаңадан ұйымдастырылған фермаларда жүргізіледі.
2) екінші бонитирлеуді 2,5 жаста сүттілігі және төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа барлық көрсеткіштер бойынша жүргізеді;
3) жылқыларды үшінші бонитирлеуді сүттілігі және төлі бойынша бағалауды қоса алғанда, барлық қасиеттерді қамти отырып, 5,5 (бес жарым) жаста жүргізеді.
8. Толық жастағы жылқыларды бонитирлеу төлінің сапасы туралы деректердің жинақталуына қарай нақтылайды.
9. Өнімділік бағытына жылқылардың мынадай тұқымдары мен типтері жатады:
көшім, мұғалжар тұқымдары;
қазақы жабы жылқысы;
қазақы жылқының адай мен найман тұқымдық топтары;
қазақы жылқының етті қаба типі.
10. Табындық жылқы шаруашылығындағы асыл тұқымды жылқылардың қажет етілетін қасиеттері: етті пішімдерінің жақсы дамуы; берік тұяқтары бар орташа сүйекті мықты аяқтар; жоғары сүттілігі (биелерде); жыл бойы жайылымдық-тебіндікте күтіп-бағу жағдайларына жоғары бейімділік.
11. Өнімділік бағытындағы жылқылардың тұқымдары мен типтерін бонитирлеуді қыркүйек – қазан айларында, жануарлардың салмағы бар, қоңды болған кезде жүргізеді.
12. Бонитирлеу нәтижелері бойынша ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жай-күй бойынша 7-нысан және 8-нысан бойынша ведомостер жасалады.
3-тарау. Бонитирлеу қағидаттары
13. Бонитирлеудің негізгі қағидаттары жылқылардың асыл тұқымдық құндылығы мен мақсатын анықтаудағы кешенділік, егжей-тегжейлік және қатаңдық болып табылады.
14. Бонитирлеудің кешенділігі жылқыны бірқатар белгілерімен мынадай 6 (алты) топқа: 1) генотип; 2) өлшемдер және тірідей салмақ; 3) сырт бітімі; 4) биелердің сүттілігі; 5) бейімделу қасиеттері, 6) ұрпақ сапасы біріктірілген белгіленген шәкілдерге сәйкес 10 балдық жүйе бойынша бағалауда болып табылады.
15. Бонитирлеудің егжей-тегжейлілігі әр бөлім бойынша балды анықтау кезінде белгілер мен қасиеттер ескерілетіндігінде.
16. Бонитирлеудің қатаңдығы жалпы сынып жылқы белгілер топтарының бірі үшін алған ең төменгі балл бойынша белгіленетіндігінде.
17. Бонитирленген мал басы мынадай сыныптарға бөлінеді:
1) элита – тұқымға қойылатын талаптарға толық сәйкес келетін тұқымдағы ең жақсы жылқылар;
2) бірінші сынып – негізінен талаптарды қанағаттандыратын жылқылар (тұқым стандарты);
3) екінші сынып – асыл тұқымды маңызы бар жылқылардың қалған бөлігі.
18. Тұқымға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін жылқылар сыныптан тыс болып саналады.
19. Әрбір сынып үшін бонитирлеудің барлық көрсеткіштері бойынша осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес жылқыларды бонитирлеу шәкілі, балдар шәкілінде келтірілген белгілі бір балдар белгіленеді.
20. Жылқылар жеке белгі бойынша ең төменгі балға сәйкес сол немесе басқа сыныпқа жатады. Биенің барлық қасиеттері 7 (жеті) балмен бағаланады, ал сырт бітімі тек 6 (алты) балмен бағаланады - ол элита сыныбы үшін белгіленген талаптарды қанағаттандыратын басқа көрсеткіштерге қарамастан, бірінші сыныпқа жатады.
4-тарау. Генотипті бағалау
21. Жылқының тұқымдылығын (қандылығын) бастапқы зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу материалдары, жануарды АТЖ және САТЖАҚ жүйелерінде тіркеу негізінде айқындайды.
22. Әке және ене жағынан 3 (үш) қатар бойынша шығу тегі туралы құжатталған деректері жоқ жылқылар асыл тұқымды болып есептелмейді және бонитирленбейді.
23. Жылқыларды тұқымы бойынша таза тұқымдыға және будандарға бөледі.
24. Таза тұқымды жануарларға мыналар жатады:
1) таза тұқымдылығы құжаттармен расталатын бір тұқымның таза тұқымды ата-енесін шағылыстыру нәтижесінде алынған (таза тұқымды өсіру) жануарлар;
2) туыстас (генотипі бойынша жақын) тұқымдардың таза тұқымды ата-енесін шағылыстыру нәтижесінде алынған жануарлар. Тұқымда әке қанының 75 (жетпіс бес) пайыздан (бұдан әрі – %) астам үлесі болған кезде оған әкесінің тұқымы, өзге жағдайларда енесінің тұқымы беріледі;
3) бір тұқымның қан үлесі кемінде 93,75 (тоқсан үш бүтін жүзден жетпіс бес) % болған кезде туыс емес тұқымдарды будандастыру нәтижесінде алынған жануар;
4) екі және одан да көп туыс емес тұқымдардың қатысуымен тұқым қалыптастыру процесі нәтижесінде алынған жасалатын тұқымға тән жануарлар (өсімін молайту үшін толық будандастыру) - уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен жаңа тұқымды бекіткеннен кейін тиісті құжат беріле отырып, жатқызу жүзеге асырылады.
25. Будандардың қандылығы ата-енелерінің қандылығының жартылай қосындысымен аз жағына қарай дөңгелектей отырып, айқындалады және осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін анықтау схема бойынша құжаттарда белгіленеді.
26. 1 (бірінші) ұрпақтың тұқымаралық будандарын тұқымды жақсарту шәкілі бойынша бонитирлейді. Көп тұқымды будандарды тегі олардың генотипінде басым болатын тұқымның шәкілі бойынша бонитирлейді.
27. Жылқының генотипін бағалауды осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес жылқылардың генотипін бағалау шәкілі бойынша жүргізеді.
28. Үш белгінің әрқайсысы – бонитирленетін жылқының тұқымын, әкесінің сыныбын, енесінің сыныбын сәйкес балмен бағалайды; осы балдардың қосындысы генотип үшін жалпы балл болып табылады.
29. Егер таза тұқымды жылқыларда әкесінің немесе енесінің шығу тегі дезоксирибонуклеин қышқылы талдауымен расталса, онда генотиптің жалпы бағасына әр ата-ене үшін бір балл қосылады.
5-тарау. Өлшемдер мен тірідей салмақ бойынша бағалау
30. Төрт өлшемнің әрқайсысы - шоқтығының биіктігі, дененің қиғашынан ұзындығы, кеуде орамы және тірідей салмағы тиісті балмен бағаланады; осы балдарды қосады, қосынды 4 (төртке) бөлінеді және бүтін санға дейін дөңгелектенеді. Бұл есептеулерде сирақ орамының көрсеткіші пайдаланылмайды, ол аяқты сипаттау кезінде ескеріледі (бөліктерді сипаттау және бағалау бөлімінде).
31. Денесінің қиғашынан ұзындығының өлшемі шоқтығының биіктігінен асып түсуі керек. Денесінің ұзындығы мен шоқтығының биіктігі көрсеткіштері тең болған кезде жалпы бағаны 1 (бір) балға төмендетеді. Денесінің ұзындығы шоқтық биіктігінен төмен болатын жылқыларда жалпы балл 2 (екі) балға азаяды.
32. Егер бонитирлеу азықтық жағдайы бойынша қолайсыз кезеңде жүргізілсе, онда екінші санаттағы қоңды ересек жылқыларды бағалау кезінде нақты деректерге салмағы бойынша 20 (жиырма) килограмға (бұдан әрі – кг) және кеуде орамы бойынша 3 (үш) сантиметрге үстеме жасайды. Стандартты емес санаттағы жылқылар бонитирленбейді.
33. Егер жылқынын өлшемдері мен тірідей салмағы үшін орташа баға 9 (тоғыз) балл болса, ал оның тірідей салмағы оның тұқымы, жасы және жынысы үшін белгіленген ең жоғарыдан асып кетсе, онда оның орташа бағасына 1 (бір) балл қосылады.
6-тарау. Сырт бітімі бөліктерін бағалау және сипаттау
34. Әр жылқының сырт бітімі бөліктерін бағалау және сипаттау өлшемдерін өлшегеннен және салмағын өлшегеннен кейін жүргізіледі.
35. Сырт бітімін сипаттау дене бөліктеріне баса назар аудару арқылы жүргізіледі. Дене бөліктерін «жақсы», «қанағаттанарлық», «жаман» жүйесі бойынша бағалайды.
36. «Жақсы» деп бағаланған дене бөлігі үшін 2 (екі) балл, «қанағаттанарлық» –1 (бір) балл және «жаман» – 0 (нөл) балл қояды. Барлық дене бөліктері үшін екіге бөлінген және бүтін санға дейін дөңгелектелген балдардың қосындысы сырт бітімі үшін жалпы балл болып табылады.
37. Бонитер жұмысының ыңғайлылығы үшін жылқының сырт бітімі бөліктерінің оң, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз ерекшеліктерінің сипаттамасы осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес жергілікті тұқымды жылқылардың және жылқылар типтерінің (тұқымдары) сырт бітімін бағалаудың қосалқы кестесінде келтіріледі.
38. Екі немесе одан да көп дене бөліктері үшін қанағаттанарлықсыз баға алған жылқыны бонитирлеу кезінде екінші сыныптан жоғары жатқызуға болмайды.
7-тарау. Биелердің сүттілігін бағалау
39. Табынды жылқы шаруашылығында биелердің сүттілігі барлық құлындар бірдей жағдайда, толық емізілген және 1 кг салмақ алу үшін шартты түрде бірдей мөлшерде 10 (он) килограмм сүт тұтынатын бір айлық жастағы құлындардың тірідей салмағының өсімі бойынша анықталады.
40. Биелерді сүттілігі бойынша бағалау осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес бір айлық жастағы құлындардың нақты өсуін есепке алу негізінде толық жастағы биелерді сүттілігі бойынша бағалау шәкілі бойынша жүргізіледі.
8-тарау. Бейімделу қасиеттері бойынша бағалау
41. 1,5 (бір жарым) және 2,5 (екі жарым) жас аралығындағы құнандар мен байталдардың бейімделу қасиеттері осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес төлдер мен биелерді жайылымда-тебіндікте күтіп-бағу жағдайларына бейімделуі бойынша бағалау шәкілібойынша бағалайды. Биелерді бағалау кезінде олардың физиологиялық жай-күйі: құлын емізетіндігі, қысыр екендігі ескеріледі.
42. Жылқының бейімделу қасиеттері үшін жалпы бағаны тірідей салмағы мен қоңдылығы үшін балдарды қосып шығарады. Егер 1 (бірінші) санаттағы құнанның немесе байталдың қоңдылығы олардың жасына және тұқымына (типіне) тірідей салмақ бойынша белгіленген ең жоғары балдан асып кетсе, онда жалпы бағалау 1 (бір) балға көтеріледі. Сондай-ақ, құлын емізетін биелердің бейімделу қасиеттерінің жалпы бағасы 1 (бір) балға көтеріледі, ал қысыр биелерде 1(бір) балға төмендейді.
43. Тұқымдық айғырларды бейімделу қасиеттері бойынша бағалау осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес тұқымдық айғырларды табында күтіп-бағу жағдайларына бейімделуі бойынша бағалау шәкілі бойынша жүргізіледі.
44. Айғырдың жалпы бағасы үйірде түйсігінің көрінуі, ұрықтандыру қабілеті мен қоңдылығы үшін балдар қосылып шығарылады.
45. Егер айғырдың ұрықтандыру қабілеті 85 (сексен бес) %-дан жоғары болса, онда жалпы бағалау 1 (бір) балға көтеріледі. Егер айғырда үйірінде 20 (жиырмадан) астам бие болса, жалпы бағаға 1 (бір) балл қосылады.
9-тарау. Бонитирлеу нәтижелерін пайдалану
46. Жылқыларды белгілер кешені бойынша бағалау нәтижелері негізінде жануарлардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың мақсатын анықтайды және мынадай топтарға бөледі:
1) асыл тұқымды ядро – биелердің жалпы санының 50 (елу) %-ын құрайтын табынның өнімділігі жоғары бөлігі;
2) асыл тұқымды ядроға кіретін және құрамдас бөлігі – асыл тұқымды ядроның аналықтарынан алынған биелердің аналық контингентінің жалпы санының 15 (он бес) – 20 (жиырма) %-ы өз табындарының өсімін молайту үшін, ал селекциялық топтың биелерінен өсімді молайтатын айғырларды өсіру үшін пайдаланылады.
3) өндірістік – асыл тұқымды ядроға енгізілмеген биелер. Осы аналықтардан алынған жоғары сыныпты жас жануарлар басқа шаруашылықтарға сату үшін пайдаланылады.
47. Қымыз жасайтын фермалар үшін асыл тұқымды айғырлар тек жоғары сүттілігімен ерекшеленетін биелердің ең жақсы төлдерінің арасынан таңдалады.
48. Ағымдағы бонитирлеу материалдары талданады және өткен жылдардың нәтижелерімен салыстырылады. Бонитирлеу материалдарының негізінде шағылыстыру науқанына айғырға биелерді іріктеу жоспарлары әзірленеді (конкурстық ведомость), зауыт желілерін салу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бонитирлеу нәтижелері бойынша табыннан шығарылатын және жарамсыз болып танылатын жануарлар анықталады.
49. 1-нысан және 2-нысан бойынша толтырылған жылқылардың карточкаларында қамтылған мәліметтер асыл тұқымдық кітаптарды жасау үшін бастапқы материал болып табылады.
Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Жылқыларды бонитирлеу шәкілі, балдар

Белгілер (көрсеткіштер)

Сынып

элита

бірінші сынып

екінші сынып

айғырлар

биелер

айғырлар

биелер

айғырлар

биелер

Генотипі

8

7

6

5

4

3

Дене өлшемдері және тірідей салмағы

8

7

6

5

4

3

Сырт бітімі

8

7

6

5

4

3

Сүттілігі

-

7

-

5

-

3

Бейімделу қасиеті

8

7

6

5

4

3

Ұрпақтарының сапасы

8

7

6

5

4

3

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Шағылыстыру кезінде жануарлардың тұқымдылық дәрежесін анықтау

Енесінің қандылығы

Әкесінің қандылығы

1/2

3/4

7/8

15/16

таза тұқымдық

1/2

1/2

1/2

3/4

3/4

3/4

3/4

1/2

3/4

3/4

7/8

7/8

7/8

3/4

3/4

7/8

7/8

15/16

15/16

3/4

7/8

7/8

15/16

т/т

таза тұқымдық

3/4

7/8

15/16

т/т

т/т

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Жылқы генотипін бағалау шәкілі

Белгілер (көрсеткіштер)

Балл

Бонитирленетін жылқының тұқымдылығы:


 

Таза тұқымды немесе 4-ұрпақ (15/16)

3

3-ұрпақ (7/8)

2

2-ұрпақ (3/4)

1

1-ұрпақ (1/2)

-

Әкесінің сыныбы:


 

элита

3

бірінші сынып

2

екінші сынып

1

Енесінің сыныбы :


 

элита

2

бірінші сынып

1

екінші сынып

-

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Жергілікті тұқымды жылқылардың және жылқылар типтерінің(тұқымдары) сырт бітімін бағалаудың қосалқы кестесі

Дене бөліктері

Бағалау

жақсы

қанағаттанарлық

жаман

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Бір айлық жастағы құлындардың нақты өсуін есепке алу негізінде толық жастағы биелерді сүттілігі бойынша бағалау шәкілі  

Құлындардың көрсеткіштері

Тәуліктік сүттілік

өнімділік, кг

Балл

%

килограмм

12 және жоғары

50,4 және жоғары

16,8 және жоғары

10

11,0-11,9

46,2-46,1

15,4-16,7

9

10,0-10,9

42,0-46,1

14,0-15,3

8

9,0-9,9

37,8-41,9

12,6-13,9

7

8,0-8,9

33,6-37,7

11,2-12,5

6

7,0-7,9

29,4-33,5

9,8-111

5

6,0-6,9

25,2-29,3

8,4-9,7

4

5,0-5,9

21,0-25,1

7,0-8,3

3

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Төлдер мен биелерді жайылымда-тебіндікте күтіп-бағу жағдайларына бейімделуі бойынша бағалау шәкілі

Белгілер (көрсеткіштер)

Балл

1) Бонитирленетін жануардың тірідей салмағы мыналарға сәйкес келеді:


 

элита сыныбы

5

1-сынып

4

2-сынып

3

сыныптан тыс

0

2) Қоңдылығы:


 

1-санат

4

2-санат

3

стандартты емес (арық)

0

Өнімділік бағытындағы
жылқыларды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Тұқымдық айғырларды табында күтіп-бағу жағдайларына бейімделуі бойынша бағалау шәкілі

Белгілер (көрсеткіштер)

Балл

1) үйірлік сезімнің айқындылығы,

үйірдегі биелер саны:


 

15-20

3

9-14

2

8 және одан аз

1

2) ұрықтану қабілеті:


 

81-85%

3

76-80%

2

70-75%

1

3) айғырдың қондылығы:


 

1-санат

2

2 -санат

1