• Мое избранное
Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 10-қосымша

10-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
10-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Түйелерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түйелерді бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түйелерге бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Түйелерді бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Түйелерді бонитирлеуді ұйымдастыру
3. Бонитирлеу жүргізу үшін төмендегілер қажет:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес бірдейлендіру;
«Мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымдық өнімді (материалды) есепке алу нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 3-3/397 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11269 болып тіркелген) 8-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша (бұдан әрі – нысан) жануар туралы деректер.
4. Бонитирлеу жыл сайын жүргізіледі.
5. Әрбір түйе тіршілігінде екі рет бонитирленеді:
1) бірінші рет 2,5 (екі жарым) жасында (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері мен тірдей салмағы, сырт бітімі, жүн өнімділігі және бейімделу қасиеттері бойынша);
2) екінші рет 6,5 (алты жарым) жасында және одан ересек жасында (шығу тегі және типтілігі, дене өлшемдері мен тірідей салмағы, сырт бітімі, сүттілігі және жүн өнімділігі, бейімделу қасиеттері бойынша).
6. Түйелерді бонитирлеуді, оларды өсіріп отырған өңірлерге байланысты қыркүйек-қазан айларында, малдардың негізгі салмағының қоңдылығы жоғары және орташадан жоғары деңгейге жеткен уақытта жүргізеді. Әрбір көрсеткіш (белгі) 10 балдық шәкіл бойынша бағаланады. Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес түйелер табындарының жыныстық-жастық құрылымының шәкілі қолданылады.
7. Түйелерді бонитирлеу үшін шаруашылықтарда әртүрлі топқа арналған қабылдау базасынан, 5 (бес) - 6 (алты) бөлу торларынан, бөлу базасынан және әр түрлі топқа белгіленген түйелерді орналастыру үшін 5 (бес) секциядан тұратын типтік базалар – өткелектер болуы тиіс. Шыға берісте орналасқан бөлу торында 1 (бір) - 3 (үш) тонналық таразылар орнатылады.
8. Түйелердің дене өлшемдерін өлшеуішпен және өлшеуіш таяқшамен өлшейді. Тірідей салмағын жеке өлшей отырып, анықтайды.
9. Әрбір бонитерленген түйеге 1-нысан немесе 2-нысан бойынша карточка толтырылады.
10. Шаруашылықтағы түйелерді бонитирлеу нәтижесінің жиынтық ведомосін республикалық палатаға ұсынады.
11. Бонитирлеудің негізгі қағидаттары түйелердің асыл тұқымдық құндылығын және мақсатын айқындауда кешенділік және нақтылық болып табылады.
12. Сәуір айының аяғында, мамыр айының басында көктемгі қырқу кезінде табын бойынша, жалпы алғанда тұқым бойынша және шаруашылық бойынша жеке жүн қырқымы ескеріледі.
13. Бонитирлеудің кешенділігі мынадай топтарға біріктірілген, түйелерді белгілердің 10 (он) балдық жүйесі бойынша бағалайды:
1) шығу тегі мен типтілігі;
2) конституциялық типі;
3) тірідей салмағы мен дене өлшемдері;
4) сырт бітімі;
5) інгеннің желіні мен сүттілігі;
6) жүн өнімділігі;
7) бейімделу қасиеті;
8) ұрпағының сапасы.
14. Жалпы сынып түйе белгілер тобының бірі үшін алған ең төменгі балл бойынша белгіленеді. Бонитирленген мал басын осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес Түйелерді бағалау шәкіліне (сыныптарға жатқызу үшін қажетті ең төменгі балл) сәйкес мынадай сыныптарға бөледі:
1) элита – тұқымға қойылатын талаптарға толық сәйкес келетін, түйелер тұқымындағы ең жақсысы. Етті-сүтті бағыттағы қазақтың қос өркешті інгендерінен 210 (екі жүз он) күндік лактация кезінде боталар емген сүтті есепке ала отырып, жалпы сауылған сүт кемінде 945 (тоғыз жүз қырық бес) кг, қазақтың нар түйесінен 1680 (бір мың алты жүз сексен) килограмм (бұдан әрі – кг), түрікмен дромедарынан 2100 (екі мың бір жүз) кг. Индекстік бағалау шәкілі бойынша балл сомасы 7 (жеті) белгі бойынша 49 (қырық тоғыз) балдан төмен емес.
2) бірінші сынып – негізінен тұқымға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын түйелер. Етті-сүтті бағытындағы қазақтың қос өркешті аналық түйелерінен 210 (екі жүз он) күн лактация кезінде тиісінше боталар емген сүтті есепке ала отырып, жалпы сауылған сүт кемінде 750 (жеті жүз елу) кг, қазақтың нар түйесінен 1300 (бір мың үш жүз) кг, түрікмен дромедарынан 1800 (бір мың сегіз жүз) кг. Индекстік бағалау шәкілі бойынша балл сомасы 7 (жеті) белгі бойынша 43 (қырық үш) балдан төмен емес.
3) екінші сынып – асыл тұқымды мәні бар түйелердің қалған бөлігі. Етті-сүтті бағыттағы қазақтың қос өркешті інгендерінен 210 (екі жүз он) күндік лактация кезінде тиісінше боталар емген сүтті есепке ала отырып, жалпы сауылған сүт кемінде 600 (алты жүз) кг, қазақтың нар түйесінен 950 (тоғыз жүз елу) кг, түрікмен дромедарынан 1500 (бір мың бес жүз) кг. Индекстік бағалау шәкілі бойынша балл сомасы 7 (жеті) белгі бойынша 37 (отыз жеті) балдан төмен емес.
15. Сүтті бағыттағы інгендер үшін тұқымына қарамастан, жалпы сауылған сүт бойынша шарт 10 (он) %-ға артады. Етті-жүнді бағыттағы қазақтың қос өркешті және қазақтың нар түйесінің інгендері үшін шарт 15 (он бес) %-ға төмендейді.
16. Тұқымға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін түйелер сыныптан тыс деп саналады.
17. Түйелер жеке белгі бойынша ең аз балл көрсеткішіне сәйкес сол сыныпқа немесе басқа сыныпқа жатқызылады. Інгеннің барлық қасиеттері 7 (жеті) балмен бағаланса, ал сырт бітімі 6 (алты) балл болса, онда оны басқа көрсеткіштер бойынша элита сыныбы үшін белгіленген талаптарды қанағаттандыратынына қарамастан бірінші сыныпқа жатқызады.
3-тарау. Тұқымдылықты анықтау және түйелерді шығу тегі бойынша бағалау
18. Түйелердің тұқымдылығын жануардың шыққан тегін растайтын бастапқы зоотехникалық және асыл тұқымдық есепке алу материалдары негізінде анықтайды, ал осы құжаттамалы деректер болмаған жағдайда, тұқымдылық анықталмайды және түйелерді тұқымсыз деп танылады.
19. Тұқымдылығы бойынша түйелерді осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес шағылыстыру кезінде тұқымдылықты айқындау кестесінің талаптарын ескере отырып таза қандылыққа және қаңдылығы әртүрлі будандарға бөледі.
20. Түйелерді шығу тегі бойынша бағалау осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес түйелерді бағалау шәкілі бойынша жүргізіледі.
4-тарау. Түйелерді конституциялық типі бойынша бағалау
21. Түйелерде 7 (жеті) конституциялық тип болады:
1) үйлесімді, жануарлар барлық параметрлері бойынша тұқымның сипаттамасына сәйкес келгенде (10 (он) балл);
2) үйлесімді-мықты – жануарлар негізінен тұқымның сипаттамасына сәйкес келеді (9 (тоғыз) балл);
3) мықты (денелі) – сүйектері мықты, бұлшық еттері жақсы дамыған, терісі тығыз, мінез-құлқы жуас деп сипатталатын мал (8 (сегіз) балл);
4) жеңілденген тип – жеңіл сүйекті, бұлшық еттері жақсы дамыған, терісі тығыз, мінез-құлқы жуас болып сипатталатын мал (7 (жеті) балл);
5) нәзік тип – дене тұрқы жіңішке, дене бітімі құрғақ, терісі жұқа, сүйегі әлсіз, мінез-құлқы тез өзгергіштігімен сипатталатын мал (6 (алты) балл);
6) ірі тип – сүйегі ірі, терісі қалың, дене бітімі өте үлкен, төзімді, қозғыштығы тежелген болып сипатталатын мал (5 (бес) балл);
7) болбыр тип – дене тұрқы кең, бұлшық еттері жақсы дамыған, зат алмасу процесі баяу, жақсы бордақыланады және денесіне майды тез жинайды, мінез-құлқы жуас және қозғыштығы ауыр болып сипатталатын мал (4 (төрт) балл). Конституциясы болбыр типті түйелерді ары қарай селекцияға пайдаланбайды.
5-тарау. Түйелерді денесінің өлшемдері және тірідей салмағы бойынша бағалау
22. Түйелерді дене өлшемдері бойынша бағалау үшін төрт көрсеткіш пайдаланылады:
1) өркеш аралық биіктігі – шоқтық биіктігі (өлшегіш таяқпен) – қос өркешті түйелерде жерден екі өркешінің арасына дейінгі биіктігі, бір өркештілерде жерден шоқтығының ең биік нүктесіне дейінгі биіктігі;
2) денесінің қиғаш ұзындығы (өлшегіш таяқпен) – иық жауырындары буынының шеткі алдыңғы нүктесінен бастап жамбас төмпесінің шеткі артқы нүктесіне дейін;
3) кеуде орамы (таспамен) – қос өркештілерде кеуде мүйізгегінің ортасы және алдыңғы өркештің арты арқылы немесе бір өркештілерде шоқтығының ортасы арқылы;
4) жіліншік орамы (таспамен) – жіліншігінің ең жіңішке жерінен (үш бөліктің жоғарғы және орташа түйіскен жерінен).
23. Бонитирлеу кезінде түйелердің тірі салмағы жеке өлшеу және (немесе) есептеу тәсілімен анықталады. Түйелердің тірідей салмағын есептеу әдісімен анықтау әдісі кеуде орамын және денесінің ұзындығын қиғашынан өлшеуді қамтиды, содан кейін кеуде орамы мен дененің қиғаш ұзындығын көбейтуді, одан әрі мынадай формула бойынша жас коэффициентіне бөле отырып жүргізеді:
  
мұнда:
ТС – тірідей салмағы; КО – кеуде орамы; ДШҰ – дененің қиғаш ұзындығы; ЖС – жас коэффициенті.
Кеуде орамы мен дененің қиғаш ұзындығын өлшеу негізінде 1 (бір) – 2 (екі) – 3 (үш) – 6 (алты) – 12 (он екі) – 18 (он сегіз) – 36 (отыз алты) – 48 (қырық сегіз) айлық жастағы және ересек жай-күйге жеткен кездегі тірідей салмағын айқындау үшін осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес қазақтың қос өркешті түйесінің тірідей салмағын анықтау үшін және осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес түркімен дромедары тұқымы мен қазақ нарының тірідей салмағын анықтау үшін жас коэффициенті қолданылады.
Түйелерді дене өлшемдері және тірідей салмағы бойынша бағалау 2,5 (екі жарым) және 6,5 (алты жарым) жастағы түйелер үшін келтірілген шәкіл бойынша жүзеге асырылады. Дене өлшемдері мен тірідей салмағының барлық көрсеткіштері бір балға сәйкес келмеген жағдайда, түйе төменгі көрсеткіш бойынша бағаланады.
6-тарау. Түйелерді сырт бітімі бойынша бағалау
24. Әрбір түйенің дене бітімі бөліктерін бағалау және сипаттау дене өлшемдері мен тірідей салмағын өлшегеннен кейін жүргізеді. Сырт бітімі бөліктерін сипаттау үшін бонитирлеу құжатының тиісті бағанына қойылған шартты белгілерді пайдаланады.
25. Барлық бөліктеріне қойылған балдың жиынтығы, яғни олардың санына бөлініп және бүтін санға айналдырылған балл сырт бітімі үшін балл болып табылады. Екі немесе одан да көп бөліктері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған мал асыл тұқымға жатқызылмайды. Дене бөліктері мынадай тәсілмен бағаланады:
1) дене бітімінің жалпы типі:
ірі денелі – «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
орташа – «қанағаттанарлық» деген бағанда (10 (он) балл);
болбыр – «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл).
2) Тұрқы:
ұзын – «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
орташа – «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
қысқа – «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
3) басы:
тепе тең - «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
ірі - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
жеңіл - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
4) мойын:
бұлшық еті - «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
жалпақ жіңішке бұлшық ет - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
қысқа - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
5) кеуде қуысы:
кең - «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
орташа - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
саяз - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
6) өркеш:
тік - «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
бір өркеші жатыңқы - «қанағаттанарлық» (7 (жеті) балл);
екі өркеші де жатыңқы - «нашар» (6 (алты) балл);
7) сауыр:
бүкірлеу - «жақсы» деген бағанада (10 (он) балл);
салбыраңқы – «қанағаттанарлық» (7 (жеті) балл);
қысқа - «нашар» деген бағанада (6 (алты) балл);
8) желін және үрпі:
тостақ тәріздес – «жақсы» деген бағанада (10 (он) балл);
дөңгеленген – «қанағаттанрлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
жалпақ пішінді - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
9) алдыңғы аяқтары:
ақаусыз –«жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
аяқ арасы - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
тірсек арасы ашық - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
10) артқы аяқ:
ақаусыз –«жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
қылыш тәрізді - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
тірсегінің жақындығы –«нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
11) сүйегі:
берік – «жақсы» деген бағанада (10 (он) балл);
жіңішке сүйекті – «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
шамадан тыс ірі сүйекті - «нашар» деген бағанда (6 (алты) балл);
12) бұлшық ет:
жақсы дамыған – «жақсы» деген бағанда (10 (он) балл);
қанағатанарлықтай дамыған - «қанағаттанарлық» деген бағанда (7 (жеті) балл);
нашар дамыған – «нашар» деген бағанада (6 (алты) балл).
7-тарау. Інгендерді желіндері мен сүттілігі бойынша бағалау
26. Інгендердің желіндерін бағалаған кезде олардың үлкендігіне және пішініне, негізіне және денеде орналасуына, емшектерінің пішіні мен мөлшеріне, сондай-ақ өзара орналасу қашықтығына назар аударылады. Желін пішініне берілетін балдың саны осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес інген желінінің пішінін бағалау шәкілі бойынша анықталады.
27. Інгендердің желіндерінің мынадай параметрлер бойынша бағаланатын бес түрлі пішіні болады (тостаған тәрізді, домалақ, жалпақ, бөлшектенген және қарапайым):
1) тостаған тәріздес желін, оның емшектерінің ұзындығы 4,0 (төрт) - 6,0 (алты) сантиметр (бұдан әрі – см), емшектері конус тәріздес, аралары алшақ орналасқан, ұштары төмен қарай бағытталған;
2) домалақ пішінді желін – емшектерінің ұзындығы 2,0 (екі) – 6,0 (алты) см, емшектері конус немесе алмұрт тәріздес, араларының алшақтығы орташа, төмен қарай бағытталған;
3) жалпақ пішінді желін – емшектерінің ұзындығы 2,0 (екі) – 4,0 (төрт) см, емшектерінің пішіні алмұрт тәріздес, аралары алшақ, ұштары бүйіріне қарай бағытталған;
4) бөлшектенген пішініді желін – емшектерінің ұзындығы 6,0 (алты) см және одан жоғары, пирамидаға ұқсас, аралары алшақ орналасқан, емшек ұштары бүйіріне қарай бағытталған;
5) қарапайым пішінді желін – емшектерінің ұзындығы 2,0 (екі) см-ге дейін, пішіні алмұрт тәріздес, аралары жақын орналасқан, ұштары бүйіріне қарай бағытталған.
28. Інгендердің сүттілігін бағалау лактацияның 3 (үш) және 4 (төрт) айларында бақылап отырып сауу кезінде алынған сүттің орта сауымы негізінде одан әрі 4-нысанның талаптарына сай орташаландыра отырып, осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес інгенді сүттілігі бойынша бағалау шәкілі (ботасының емген сүтін қоса отырып, лактацияның 3-ші және 4-ші айында тәуліктік сүт өнімділігі, кг) бойынша анықталады.
29. Табынды түйе шаруашылығында сауылмайтын інгендердің сүттілігін алты айлық жасқа дейінгі боталардың дамуы және қоңдылығы бойынша анықтауға болады: ботаның дамуы мен қоңдылығы қанағаттанарлық болса – 6 (алты) - 7 (жеті) балл; ботаның дамуы мен қоңдылығы қанағаттанарлық емес болса – 3 (үш) - 5 (бес) балл.
8-тарау. Түйелерді жүн өнімділігі бойынша бағалау
30. Бағалау жүн түлеген кезде жиналған жүнді есепке ала отырып, әр дарақтан нақты қырқылған жүн туралы деректердің негізінде жүргізіледі.
31. Буаз немесе бір жасқа дейінгі боталары бар аналықтардың жүн өнімділігін бағалаған кезде қырқу бойынша қойылатын талап 0,5 (нөл бүтін оннан бес) кг-ға кемітіледі.
32. Қазақтың қос өркешті түйелерін жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі осы Нұсқаулыққа 9-қосымшада көрсетілген, түркімен дромедар тұқымды түйелерді жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі осы Нұсқаулыққа 10-қосымшада, ал қазақтың нар түйелері жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі осы Нұсқаулыққа 11-қосымшада көрсетілген.
9-тарау. Түйелерді бейімделу қасиеті бойынша бағалау
33.Түйелердің бейімделу қасиетін бағалу қысқа түсер алдындағы қоңдылығы бойынша жүргізеді. Бұл ретте жылдың ауа райы және табындағы түйелер қоңдылығының жалпы дәрежесі, сондай-ақ аналық түйенің физиологиялық жай-күйі (буаздылығы, еметін ботаның бар болуы) назарға алынады.
34.Түйелердің қоңдылығын бір жасынан бастап мынадай сипатты белгілеріне қарай анықтайды:
1) жоғары қоңдылық (10 (он) балл) - өркештері майға толық толысқан, тік, нығыз, қозғалмайтын қалпында, өркештің етегінде май жастығы білініп тұрады, бұлшық еттері жақсы дамыған, денесі жұмыр болып келеді;
2) ортадан жоғары қоңдылық (9 (тоғыз) балл) - өркештері майға толысқан, тік, нығыз және қозғалмалы, өркештің етегінде май жастығы сәл білінеді, бұлшық еттері жақсы дамыған, денесі жұмыр;
3) орта қоңдылық (8 (сегіз) балл) - өркеші бірнеше өлшемге кішілеу және сәл иілген, өркешінің етегінде май жастығы білінбейді, бұлшық еттері орташа дамыған;
4) ортадан төмен қоңдылық (7 (жеті) балл) - өркештері азғантай май қоры бар тері қатпарларынан тұрады, бір жағына салбырап құлап жатады немесе көлемі кішірейген, бұлшық еттері нашар дамыған, сүйектері білініп тұрады. Қоңдылықтары орта немесе ортадан төмен сауын інгендер үшін баға бейімделу қасиеті үшін 1 (бір) баллға ұлғаяды.
10-тарау. Түйелерді бонитирлеу негізінде жүргізілетін іс-шаралар
35. Түйелердің асыл тұқымды құндылығын белгілер кешені бойынша белгілеу нәтижелерінің негізінде, жануарлардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың белгіленуін айқындайды және мынадай топтарға бөледі:
асыл тұқымды ядро – табынның өнімділігі жоғары бөлігі;
жаңа генетикалық материалдар пайдаланылатын асыл тұқымды ядроға енетін селекциялық;
өндірістік – тауарлық өнімді шығаратын аналықтың өнімді бөлігі.
36. Ағымдағы бонитирлеу материалдары талданады және өткен жылғы нәтижелермен салыстырылады.
37. Бонитирлеу материалдарының негізінде тұқымдық түйелер үшін аналықтарды таңдаудың жеке және топтық жоспарлары әзірленеді, сондай-ақ отармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізіледі.
38. Бонитирлеу нәтижесі бойынша жарамсыздыққа шығаратын жануарларды анықтайды.
39. Аналық және тұқымдық түйелердің бонитирлеу карточкаларындағы мәліметтер асыл тұқымды жануарлардың сатылу бағасын анықтау және түйе шаруашылығындағы өнімді табынында асыл тұқымдық кітапты құруға бастапқы матерал болып табылады.
Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Түйелер табындарының жыныстық-жастық құрылымы

Жыныстық-жастық құрылымы

Шифр

Барлығы, бас

А

Б

В

Тұқымдық түйелер 5 (бес) жас және одан жоғары

02


 

Буралар 3 (үш) – 4 (төрт) жасқа дейін

03


 

Буралар 2 (екі)- 3 (үш) жасқа дейін

04


 

Аналық түйелер 5 (бес) жас және одан жоғары

05


 

Ұрғашы түйелер 4 (төрт) жастан 5 (бес) жасқа дейін

06


 

Ұрғашы түйелер 3 (үш)жастан 4 (төрт) жасқа дейін

07


 

Ұрғашы түйелер 2 (екі) жастан 3 (үш) жасқа дейін

08


 

Боталар туылғаннан енесінен айырғанға дейін (12 (он екі) ай)

09


 

Азбан түйелер (мерины) 3(үш) жастан жоғары

10


 

Бордақыланатын мал басы

11


 

Жарамсыз ересек мал басы

12


 

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Түйелерді бағалау шәкілі (сыныптарға жатқызу үшін қажетті ең төменгі балл)

Көрсеткіштер

элита

бірінші сынып

екінші сынып

тұқымды түйелер

аналық

жас төлдер

тұқымды түйелер

аналық

жас төлдер

тұқымды түйелер

аналық

жас төлдер

Шығу тегі мен типтілігі

7

7

7

7

7

7

7

7

7

Конституциялық типі

7

7

7

6

6

6

5

5

5

Тірідей салмағы мен дене өлшемдері

7

7

7

6

6

6

5

5

5

Дене бітімі

7

7

7

6

6

6

5

5

5

Желіні мен сүт өнімділігі

-

7

-

-

7

-

-

5

-

Жүн өнімділігі

7

7

7

6

6

6

5

5

5

Бейімделу қасиеті

7

7

7

6

6

6

5

5

5

Ұрпағының сапасы

7

7

-

6

6

-

5

5

-

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Шағылыстыру кезінде түйелердің тұқымдылығын анықтау

Анасының тұқымдылығы

Әкесінің тұқымдылығыы

таза тұқымды

төртінші ұрпақ немесе таза тұқымды

үшінші ұрпақ

таза тұқымды

таза тұқымды

таза тұқымды

төртінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

таза тұқымды

таза тұқымды

үшінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

екінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

екінші ұрпақ

бірінші ұрпақ

екінші ұрпақ

екінші ұрпақ

екінші ұрпақ

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Түйелерді шығу тегі бойынша бағалау шәкілі

Белгілер

Балл саны

Жас төл

Ересек мал

тұқымды түйелер

аналықтар

Түйенің ата-енесі белгілі, асыл тұқымдық кітапқа енгізілген немесе оның талаптарына сай келеді.

10

10

10

Түйенің ата-енесінің бірі асыл тұқымдық кітапқа енгізілген немесе оның талаптарына сай келеді.

9

9

9

Түйенің ата-енесі белгілі, бірақ асыл тұқымдық кітапқа енгізілмеген немесе оның талаптарына сай келмейді.

8

8

8

Түйенің ата-енесі белгісіз, бірақ жануар жалпы тұқымға қойылатын нұсқаулықтағы талаптарға сай келеді.

7

7

7

Түйенің ата-енесі белгісіз, жануар жалпы тұқымға қойылатын нұсқаулықтағы талаптарға сай келмейді.

6

6

6

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Қазақтың қос өркешті түйесінің тірідей салмағын анықтау үшін жас коэффициенті

Жасы

Ұрғашы мал

Еркек мал

Туылғанда

150

150

1 ай

110

110

2 ай

105

105

3-5 ай

100

100

6-11 ай

95

95

12-17 ай

90

90

18-23 ай

80

70

24-35 ай

75

65

36-47 ай

70

60

48-60 ай

67

65

Ересек мал ( 5 жас және одан жоғары)

64

52

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Түркімен дромедары тұқымы мен қазақ нарының тірідей салмағын анықтау үшін жас коэффициенті

Жасы

Ұрғашы мал

Еркек мал

Туылған кезінде

140

140

1 ай

120

120

2 ай

110

110

3-5 ай

105

105

6-11 ай

100

100

12-17 ай

95

95

18-23 ай

75

70

24-35 ай

70

67

36-47 ай

68

65

48-60 ай

65

63

Ересек малдар ( 5 жас және одан жоғары)

63

62

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Інген желінінің пішінін бағалау шәкілі

Желін пішіні

Желін бөліктерінің дамуы

Балл

Тостаған тәріздес

бірқалыпты

10

әртүрлі

9

Домалақ

бірқалыпты

8

әртүрлі

7

Жалпақ

бірқалыпты

6

әртүрлі

5

Бөлшектенген

бірқалыпты

4

әртүрлі

3

Қарапайым

бірқалыпты

1-2

әртүрлі

0

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Інгенді сүттілігі бойынша бағалау шәкілі (ботасының емген сүтін қоса алғанда, лактацияның 3 (үш) және 4(төрт) айындағы тәуліктік сүт өнімділігі, (килограмм))

Қазақтың қос өркешті түйесі

Түркімен дромедары

Қазақ нары

Балл

6,0 және одан жоғары

14,0 және одан жоғары

11,0 және одан жоғары

10

5,5

13

10

9

5,0

12

9

8

4,5

10

8

7

4,0

9

7

6

3,5

8

6

5

3,0

7

5

4

3,0-тен төмен

6 және төмен

4 және төмен

3

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Қазақтың қос өркешті түйелерін жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі

Жүн қырқымы, килограмм

Балл

Еркек мал

Ұрғашы мал

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

3,6

4,4

5,0

6,0

7,0

10,0

3,3

4,2

4,6

5,5

6,4

7,5

10

3,4

4,2

4,8

5,8

6,7

9,5

3,1

4,0

4,4

5,1

6,0

7,0

9

3,2

4,0

4,6

5,5

6,4

9,0

2,9

3,8

4,2

4,8

5,6

6,5

8

3,0

3,8

4,4

5,2

6,1

8,5

2,7

3,6

3,8

4,5

5,2

6,0

7

2,8

3,6

4,2

4,9

5,7

8,0

2,5

3,4

3,6

4,2

4,8

5,5

6

2,5

3,4

3,9

4,6

5,3

7,5

2,3

3,2

3,4

3,9

4,4

5,0

5

2,2

3,2

3,7

4,3

4,8

7,0

2,0

3,0

3,2

3,6

3,9

4,5

4

2,0

3,0

3,5

4,0

4,5

6,5

1,8

2,8

3,0

3,3

3,5

4,0

3

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Түркімен дромедар тұқымды түйелерді жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі

Жүн қырқымы, килограмм

Балл

Еркек мал

Ұрғашы мал

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

2,8

3,3

4,0

4,5

4,8

5,5

2,8

3,1

3,3

3,5

3,6

3,8

10

2,6

3,0

3,5

4,0

4,3

5,0

2,6

2,9

3,0

3,1

3,2

3,3

9

2,4

2,7

3,0

3,5

3,9

4,5

2,4

2,6

2,8

2,9

3,0

3,1

8

2,2

2,5

2,8

3,0

3,4

4,0

2,2

2,4

2,5

2,7

2,8

2,9

7

2,0

2,2

2,4

2,5

2,9

3,5

2,0

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

6

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

3,0

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

2,4

5

1,5

1,7

1,9

2,0

2,2

2,5

1,5

1,7

1,8

1,9

2,0

2,1

4

1,3

1,5

1,7

1,8

2,2

2,3

1,2

1,4

1,6

1,7

1,9

2,0

3

Түйелерді бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
Қазақтың нар түйелерін жүн өнімділігі бойынша бағалау шәкілі

Жүн қырқымы, килограмм

Балл

Еркек мал

Ұрғашы мал

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

3,0

3,5

4,3

5,0

5,3

6,0

3,0

3,3

3,5

3,8

4,0

4,3

10

2,8

3,3

4,0

4,5

4,8

5,5

2,8

3,1

3,3

3,5

3,6

3,8

9

2,6

3,0

3,5

4,0

4,3

5,0

2,6

2,9

3,0

3,1

3,2

3,3

8

2,4

2,7

3,0

3,5

3,9

4,5

2,4

2,6

2,8

2,9

3,0

3,1

7

2,2

2,5

2,8

3,0

3,4

4,0

2,2

2,4

2,5

2,7

2,8

2,9

6

2,0

2,2

2,4

2,5

2,9

3,5

2,0

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

5

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

3,0

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

2,4

4

1,5

1,7

1,9

2,0

2,2

2,5

1,5

1,7

1,8

1,9

2,0

2,1

3