• Мое избранное
Құстарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 11-қосымша

11-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2016 жылғы № 239 Бұйрығына сәйкес (10.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
11-қосымша өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.07.2017 жылғы № 301 Бұйрығымен (27.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
11-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.07.2023 жылғы № 277 Бұйрығына сәйкес (15.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Тұйеқұстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық  
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түйеқұстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және түйеқұстарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Түйеқұстарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Тұйеқұстарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Түйеқұстарды:
бiр жасқа дейiнгi балапандарды енелерінің өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапандарды басып шығару) және 2 айлық жасына дейiн сақталуы бойынша;
өсімін молайтатын балапандарды 1 жылдан 5 жасқа дейiн – енелерінің өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапандарды басып шығару) және өзiнiң өнiмдiлiгi (тiрiдей салмағы және 2 айлық жасына дейiн сақталуы) бойынша;
ересек, бес жастан асқан түйеқұстарды – жұмыртқалағыштығы және жұмыртқалаудың тиісті циклында балапандарды басып шығару, екі ай жасына дейiн жас балапандардың сақталуы және бір жастағы ұрпақтарының тірідей салмағы бойынша бонитирлейді.
4. Түйеқұстарды бонитирлеу кезінде өнімділік сапасына қойылатын ең аз талаптар осы Нұсқаулыққа қосымшада көрсетілген.
Тұйеқұстарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Түйеқұстарды бонитирлеу кезінде өнімділік сапасына қойылатын ең аз талаптар

Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштер

Мекиеннiң бір жылда жұмыртқалағыштығы, дана

40

Жұмыртқаның ұрықтануы, пайыз (бұдан әрі – %)

75

Балапандарды басып шығару, %

60-70

Балапандардың 8-апта жасына дейiн тiрi сақталуы, %

90

Жас балапандардың 12-ай жасындағы тiрiдей салмағы, килограмм

90

Селекциялық ұяның саны (1 еркегi: 3-5 ұрғашысы), дана

10

Құстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құстарды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және құстарға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Құстарды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Құстарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
1-параграф. Тауықтарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Өнімділіктің жұмыртқа бағытындағы тауықтарды:
45 (қырық бес) апталық жасқа дейін – енелерінің 40 (қырық) – 45 (қырық бес) немесе өмірінің 68 (алпыс сегіз) аптасындағы жасында жұмыртқалағыштығы, бонитирленетін құстардың балапандарды басып шығару пайызын ескере отырып, 35 (отыз бес) немесе 52 (елу екі) апталық жасындағы жұмыртқа салмағы, өсіру кезінде осы құстың сақталуы және олардың тірідей салмағы, сондай-ақ 35 (отыз бес) апталық жасында бонитирленетін құстың жұмыртқа салмағы, егер құс осы жасқа толса;
45 (қырық бес) апталық және одан ересек жасында – 45 (қырық бес) немесе өмірінің 68 (алпыс сегіз) аптасындағы жасында бонитирленетін құстардың жұмыртқаларынан балапандарды басып шығару пайызын ескере отырып, өз өнімділігінің көрсеткіштері және сақталуы бойынша бонитирлейді.
4. Өнімділіктің етті бағытындағы тауықтарды:
34 (отыз төрт) апталық жасына дейін – 5 (бес) апталық жасындағы тірідей салмағы және бұлшықеттілігі, 5 (бес) апталық жасқа дейін балапандардың сақталуы және 5 (бестен) – 18 (он сегіз) апталық жасқа дейін енелерінің өмірінің 34 (отыз төрт) немесе 60 (алпыс) апталық жасындағы өнімділік көрсеткіштері бойынша (жұмыртқалағыштық, балапандарды басып шығару пайызы);
34 (отыз төрт) апталық және одан ересек жасында – тірідей салмағы және бұлшықеттілігі, 5 (бес) апталық жасқа дейін сақталуы және 5 (бес) апталық жастан 18 (он сегіз) апталық жасқа дейін 34 (отыз төрт) немесе 60 (алпыс) аптада жұмыртқалағыштығы, бонитирленетін құстардың балапандарды басып шығару пайызы бойынша бинитирлейді.
2-параграф. Үйректерді бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
5. Бастапқы желідегі үйректерді:
50 апталық жасына дейін – енелерінің өнімділік көрсеткіштері бойынша (жұмыртқалағыштығы және жұмыртқа салудың бірінші циклында балапан басып шығару пайызы) және өз көрсеткіштері бойынша (тірідей салмағы және 7 (жеті) (6 (алты)) апталық жасында және (7 (жеті) (6 (алты)) – 25 (жиырма бес) апталық жасына дейін сақталуы);
50 (елу) апталық және одан ересек жасында – жұмыртқалағыштығы және жұмыртқа салудың бірінші 6 (алты) ай циклында балапан басып шығару пайызы, тірідей салмағы және (7 (жеті) (6 (алты)) - апталық жасында сақталуы бойынша бонитирлейді;
6. Бастапқы желідегі ысылдақ үйректерді және популяцияларды:
ұрғашыларды 10 (он) апталық жасында, ал еркектерді 11 апталық жасында тірідей салмақ көрсеткіштері бойынша, осы кезең ішінде сақталуы бойынша және 10 (он) (11 (он бір)) апталық жасынан – 25 (жиырма бес) апталық жасына дейін енелерінің балапан басып шығару пайызы және жұмыртқалағыштығы бойынша бонитирлейді.
3-параграф. Күркетауықтарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
7. Күрке тауықтарды:
50 (елу) апталық жасына дейін – 12 (он екі) немесе 16 (он алты) апталық жасында тірідей салмағы, осы кезең ішінде сақталуы, енелерінің жұмыртқалағыштығы және балапандарды басып шығару пайызы бойынша;
50 (елу) апталық және одан ересек жасында – өз өнімділігінің көрсеткіштері бойынша: 12 (он екі) немесе 16 (он алты) апталық жасында тірідей салмағы және сақталуы бойынша, пайдаланудың бірінші жылында бірінші цикл ішінде балапан басып шығару пайызы және жұмыртқалағыштығы бойынша бонитирлейді.
4-параграф. Қаздарды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
8. Қаздарды:
52 (елу екі) апталық жасына дейін – 9 (тоғыз) (10 (он)) апталық жасында тірідей салмағы және сақталуы бойынша, пайдаланудың бірінші жылында енелерінің жұмыртқалағыштығы және балапандарды басып шығару пайызы;
52 апталық жасынан ересек – өз өнімділігінің көрсеткіштері: 9 (тоғыз) (10 (он)) апталық жасындағы тірідей салмағы және сақталуы, бірінші цикл ішінде жұмыртқалағыштығы және балапандарды басып шығару пайызы бойынша бонитирлейді.
5-параграф. Мысыр тауығын бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
9. Мысыр тауығын:
46 (қырық алты) апталық жасқа дейін мысыр тауығын – 10 (он) (12 (он екі)) аптаға дейін өз өнімділігінің көрсеткіштері, тірідей салмағы және сақталуы, енелерінің өнімділігі – жұмыртқалағыштығы мен инкубациялық көрсеткіштері бойынша;
46 (қырық алты) апталық жасынан және одан ересек жасында – өз өнімділігінің көрсеткіштері: 10 (он) (12 (он екі)) апталық жасындағы тірідей салмағы және осы кезең ішінде сақталуы, бірінші циклда жұмыртқалағыштығы, балапандарды басып шығару пайызы бойынша бонитирлейді.
10. Көрсеткіштер кешені бойынша сынып әр көрсеткіш бойынша сынып негізінде жеке белгіленеді.
11. Элита – рекорд және элита сыныбына жеке шығу тегі (әкесі және енесі бойынша) бар селекциялық топ құсы жатады. Сонымен бірге, элита сыныбына бастапқы желілердің көбейткіш тобының құсы жатуы мүмкін, егер ол селекциялық топтан алынса және өнімділік көрсеткіштері осы сыныптың талабына сәйкес болса.
12. Ата-текті тобының асыл тұқымды құсын ата-ененің өнімділігі және өсіру нәтижелері (сақталуы, тірідей салмағы) бойынша бағалайды, бірақ бірінші сыныптан жоғары емес (ата-тектік топ).
13. Элита және бірінші сыныптардан шыққан ата-текті тобы құсын, бірінші сыныппен бонитирлейді, ал екінші сыныптан шыққан кұсты – екінші сыныппен бонитирлейді, егер ол негізгі және қосымша белгілер бойынша талаптарға сәйкес болса. Бірінші және екінші сыныпты құстардан шыққан барлық түрдегі ата-тектік және ата-енелік табынның құсы осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес екінші сыныппен ғана бағаланады.
14. Ата-тектік және ата-енелік табындарды сыныптан тыс құстардың ұрпақтарымен толықтыру жүргізілмейді.
15. Бастапқы желілердегі құстарды бонитирлеу кезінде алынған деректер асыл тұқымды құстың паспортына енгізіледі, онда бонитирлеу нәтижелерін қосу үшін нысандар болады.
16. Негізгі, бір немесе екі қосымша белгілер бойынша көрсеткіштер сәйкес келмеген жағдайда құс сыныптан тыс бағаланады. Бұл жағдайда ата-енелік табын құстарының жұмыртқалары ата-енелік табындарды көбейту үшін пайдаланылмайды. Ата-енелік табындардың құстарынан алынған жұмыртқалар бонитирленбеген құстан алынған жұмыртқалар ретінде сатылады.
Құстарды бонитирлеу
жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Тауық, үйрек, күрке тауық, қаз, мысыр тауығының ата-тектік және ата-енелік табындарының сыныбын анықтау

Белгілер кешені бойынша бонитирлеу сыныбы

Негізгі белгі-ата-енелер сыныбы

Қосымша белгілер

Жас құстардың сақталуы, %

Жас құстардың тірідей салмағы

Ата-тектік табын

бірінші

элита-рекорд, элита, бірінші

Екі белгісі де бастапқы желідегі құстарды бонитирлеудің ең аз талаптарына сәйкес келеді.

екінші

бірінші

Белгілерінің біреуі бастапқы желідегі құстарды бонитирлеудің ең аз талаптарынан төмен.

екінші

екінші

Екі белгісі бастапқы желідегі құстарды бонитирлеудің ең аз талаптарына сәйкес келеді.

Ата-енелік табын

екінші

үшінші

Екі белгісі де бастапқы желідегі құстарды бонитирлеудің ең аз талаптарына сәйкес келеді.

сыныптан тыс

Белгілері бонитирлеудің ең аз талаптарынан төмен.