Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы
№ 3-3/517 бұйрығына
13-қосымша
Редакция 14.08.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарына бонитирлеу жүргізуді нақтылайды.
2. Иттердің үйлік-ұлттық тұқымдарын бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады.
Ит өсіру шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, оларды өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген.
4. Қызметтік және аңшылық ит өсіру шаруашылығы клубтарындағы асыл тұқымдық жұмыстың мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары ішінде асыл тұқымды иттерді арттыру, сырт бітімі мен конституция сапасын, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) типін, физикалық төзімділігін және иттердің басқа да қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде жоя отырып, үздіксіз жетілдіру болып табылады.
5. Әрбір ит тұқымымен жұмыс жасау оның тұқымішілік типтерін және басқа да өзіне тән қасиеттері мен биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ онда неғұрлым жиі кезігетін кемшіліктерді білуге негізделеді. Әр асыл тұқымды иттің тұқымға тән жалпы сипаттарымен қатар, жеке ауытқушылықтарын және өзгешеліктерін айыра білу қажет.
6. Иттердің өсімін молайту біртекті, сол сияқты әртекті іріктеуді шығармашылық бағытта қолдана отырып таза тұқымдық (таза) өсіру әдісімен жүргізіледі.
7. Клубтар мен питомниктерде асыл тұқымды желілер жүргізуге жағдай жасайтын, асыл тұқымдық сапалары жоғары иттер саны жеткілікті болған жағдайда, желілер бойынша өсіру қолданылады.
8. Есепте тұрған барлық ересек ит:
2) пайланылатын иттер болып екі санатқа бөлінеді.
9. Асыл тұқымдыларға бонитирлеу сыныптылығын алған иттер жатады. Қалған иттер пайдаланылатын иттер санатына жатады.
10. Асыл тұқымды иттерді өсіру жоспарлы сипатта болады және:
2) клуб немесе питомник бес жылға жасайтын әр тұқым бойынша асыл тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Перспективалық жоспардың бір данасы аккредиттелген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі – Қауымдастық) түзету үшін ұсынылады;
3) клуб немесе питомник жыл сайын перспективалық жоспарда есепті жылға көзделген жеке міндеттерді есепке ала отырып жасайтын өсіру жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Өсіру жоспарын клуб немесе питомник (өсіру секциясы) жүргізілген селекциялық іс-шаралар: көрмелер, жас иттерді шығару және бонитирлеу нәтижелерін, асыл тұқымды ит иелерінің қалауларын есепке ала отырып, әзірлейді.
2-тарау. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және таңдау. Өсіру жоспары
11. Өсіру жоспарына енгізу үшін:
қызметтік иттер тұқымын – конституциясы, сырт бітімі, шығу тегі, қызметтік сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін);
аңшылық иттер тұқымын – конституциясы, сырт бітімі, шығу тегі, аңшылық сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін) іріктейді.
12. Иттерді мына жастарында:
қаншықтарды бір жас алты айдан асқаннан кейін;
қызметтік-спорттық тұқымдық төбеттерді екі жастан кейін және аңшылық тұқымдық төбеттерді бір жас алты айдан кейін ұйығуға жібереді.
Асыл тұқымды қаншықтардың ұйығуы жылына бір рет жүргізіледі. Аз күшіктеген (бес күшіктен кем) үш жастан асқан қаншықтарды ұйығуға жылына екі рет жіберуге болады.
13. Қаншықтарға қарағанда, төбеттер ерекше қатаң іріктеледі. Төбеттердің саны және құрамы аталған жылдың өсіру жоспарына енгізілген қаншықтардың құрамына байланысты және олардан алынған ұрпақтарды есепке ала отырып жыл сайын анықталады.
14. Тұқым стандарты бойынша шеттетуге жатқызатын кемістіктері бар, сондай-ақ он жастан асқан иттер өсіру жоспарына енгізілмейді.
15. Жұптарды таңдау екі серіктес иттің барлық жетістіктерін және кемшіліктерін есепке ала отырып қатаң түрде жеке жүргізіледі. Жұптарды жеке таңдау оң белгілерін және қасиеттерін орнықтыруды және жетілдіруді, кемшіліктерін жоюды және ұрпағының жалпы тұқымдылығын жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
16. Бірдей кемістіктері бар қаншықтар мен төбеттерді жұптастыруға жібермейді. Сырт бітіміндегі немесе ұрпағының мінез-құлқындағы жекелеген кемістіктерді нивелирлеу үшін жұптарға кемістіктері жоқ, сырт бітімі дұрыс иттер таңдап алынады.
17. Егер төбет өсіру талаптарына сәйкес келсе және осы қаншықтарға сай болса, осы клуб осындай комбинация нәтижесінде алынған иттерге толы болмаса, онда алдыңғы күшіктеу кезінде жақсы ұрпақ берген қаншықты сол төбеттермен немесе оның жақын туыстарымен жұптастыру ұсынылады
18. Жұптарды таңдау кезінде олардың жасы ескеріледі. Неғұрлым толық физикалық кемеліне жеткен тұқымдық иттерді шағылыстырған дұрыс. Жас иттерді (асыл тұқымдық пайдаланудың бірінші жылында) барынша шағылыстырмаған дұрыс. Екі кәрі итті шағылыстырмаған дұрыс: жастарына байланысты олардың ұрпақтары әлсіреуі мүмкін.
19. Өсіру жоспары түсіндірме жазбадан және бекітілген нысандағы толтырылған таңдау кестесінен тұрады. Өсіру жоспарының құжаттарын мынадай тәртіппен таңдайды: төбетке жасалған таңдау кестесіне онымен жұптастыру үшін бекітілген қаншықтарға жасалған барлық таңдау кестелері таңдалады. Осындай таңдау кестелерін жоспарда тек дублер ретінде пайдаланылатын төбеттерге де толтырады.
20. Түсіндірме жазбада өсіру жоспарына қосылған ит санын және олардың конституциясы және сырт бітімі бойынша (көрмедегі бағалары), қызметтік немесе жұмыс сапалары (сынақтар және жарыстардағы дипломдары), шығу тегі және ұрпағының сапасы бойынша бағаларын көрсете отырып, асыл тұқымды иттерге егжей-тегжейлі шолу, сондай-ақ жоспардың негізіне алынған принциптерді және ұйғарымдарды мазмұндау қамтылады.
21. Өсіру жоспары екі данада жасалады. Жоспарды Клуб немесе асыл тұқымды иттерді өсіретін питомниктер кеңесі Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен бекітеді. Жоспардың бір данасы есепті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей Қауымдастыққа ұсынылады. Екінші данасы өсіру жұмысында басшылыққа алу үшін клубта қалады. Өсіру жоспары асыл тұқымды ит иелеріне жеткізіледі.
22. Қауымдастық клубтан немесе питомниктен алынған өсіру жоспарын тексеріп, ескертулер мен ұсыныстар бар болған жағдайда, бір ай мерзімде жолдайды.
23. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) Қауымдастықтың ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес дамыту жоспарына қажетті өзгерістер енгізеді.
24. Жоспарға енген төбетті ұйығу үшін пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда, сондай-ақ жаңадан келген асыл тұқымды иттер болған жағдайда, өсіру жоспарына Клубтың немесе питомниктің (өсіру секциясы) кеңесі бекіткен түзетулер мен қосымшалар енгізіледі. Аталған ұйығулар жоспарлы деп есептеледі.
3-тарау. Ұйығуларды, алынған ұялас күшіктерді тіркеу және есепке алу және күшіктерге тұқым-тегі құжатын беру
25. Өсіру жоспары негізінде клуб немесе питомник (өсіру секциясы) ұйығуға бағыттама береді. Бұл ретте қаншықты ветеринар дәрігер қарап, ол жөнінде иесіне тиісті анықтама береді.
26. Қайталама (бақылау) ұйығуды алғашқы ұйығудан кейін 24-48 сағат өткен соң жүргізу ұсынылады.
27. Егер қайталама ұйығу төбеттің жай-күйіне байланысты болмаған және ұйыққан қаншық ұрпақ әкелмеген жағдайда, қаншық иесіне қаншықты дәл сол төбетпен келесі ұйығуға тегін алу құқығы беріледі.
28. Ұйығу ақысын және есеп айырысу тәртібін Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі төбеттің сыныбын мен жергілікті жағдайды есепке ала отырып белгілейді.
29. Жоспарлы ұйығуларды, күшіктеуді және әрбір клуб пен питомниктегі күшіктердің санын есептеу үшін ұйығуды тіркеу кітабы жүргізіледі.
30. Ұйығу кітабында тек қана клуб немесе питомник бағыты бойынша жүргізілген ұйығулар тіркеледі.
31. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі 30 күнге толмаған ұялас күшіктерді зерттеп-қарау, нұсқама беру және қоғамдық бақылау жүргізу үшін жауапты адамды/адамдарды айқындайды.
32. Әрбір ұялас күшік екі рет: туылғаннан кейінгі 3-4 және 29-30 күндері тексеріледі. Тексеруші қаншық иесіне күшіктерді тамақтандыру, тамақтандыратын қаншықты күтіп-бағу туралы және зерттеп-қарау процесінде туындаған басқа сұрақтар бойынша кеңес береді . Әрбір зерттеп-қарау кезінде күшіктердің салмағын өлшейді. Күшіктердің жалпы жай-күйі, олардың отыз күнге толғандағы салмағы, оларды күтіп-бағу сипаты және оны тамақтандыратын қаншықтың жай-күйі негізінде ұялас күшіктерге баға беріледі.
33. Қаншықтардың жай-күйі нашар болса және күшіктер лас жағдайда күтіп-бағылған кезде ұялас күшіктерге берілетін баға бір балға кемиді.
34. Ата-енесінің тұқым-тегі құжаттарының және ұйығуларды тіркеу кітабындағы жазбалардың негізінде әрбір жоспарлы ұялас күшіктерге жалпы ұялас карточка ашылады.
4-тарау. Жас иттер көрмелері
35. Жас иттер көрмелерін клубтар немесе қызметтік және аңшылық ит өсіру шаруашылығы питомниктері (өсіру секциясы) жылына екі рет (күзде және көктемде) мынадай мақсаттарда ұйымдастырады:
1) жас итттерді тұқымдылығы мен өсіру сапасы бойынша бағалау;
2) жас иттердің иелеріне оларды қалай өсіріп-бағу және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар беру;
3) ата-енесін (төбеттер мен қаншықтар) олардың тұқымдары мен ұйығу нәтижелерін бағалау бойынша зерделеу.
36. Жас иттер көрмесі барысында қарап-тексеру тұқымдары бойынша бөлек жүргізіледі. Бір төбеттен тарайтын жас иттердің барлығы бір мезетте және ұяластар бойынша қаралады.
37. Клубтың және питомниктің өсіру секциясы көрмеге 4 (төрт) айдан 10 (он) айға дейінгі жастағы барлық күшіктердің, сондай-ақ осы күшіктер алынған ата-енелерінің шығарылуына шаралар қабылдайды.
38. Күшіктерді қарап-тексеру және бағалау, сондай-ақ өсіру жоспары бойынша жұптарды іріктеу нәтижелерін анықтау үшін сарапшылар, қоғамдық нұсқаушылар және өсіру жоспарын жасауға қатысқан және осы тұқыммен асыл тұқымдық жұмыс жүргізетін өсіру секциясының әбден дайындалған белсенділері тартылады.
39. Жас иттер көрмесіне шығарылған әрбір күшікке анкета толтырылады. Төрт айдан алты айға дейін қоса алғанда күшіктер үшін анкетада бойы, физикалық дамуы, қоңдылығы, тістерінің және құлақтарының жай-күйі, рахиттың болуы немесе болмауы белгіленеді. Алты айдан жас иттер үшін бұдан басқа сырт бітіміне сипаттама беріледі. Күшіктердің салмағы және бойы өлшенеді.
40. Жас иттер көрмесінде қаралған күшіктер тұқымдылығы және өсіру сапасы бойынша мынадай бағаларға ие болады:
тұқымды, үлгілі түрде өсірілген;
тұқымды, дұрыс өсірілген;
тұқымды, орташа өсірілген;
тұқымды, нашар өсірілген;
әдеттегідей, үлгілі түрде өсірілген;
әдеттегідей, дұрыс өсірілген;
әдеттегідей, орташа өсірілген;
әдеттегідей, нашар өсірілген.
41. Тұқымға тән емес күшіктер бағалауға жатпайды. Тістеулері дұрыс емес күшіктер әділ бағасын алады, бұл ретте иесіне берілген анықтамада тістегі кінәраты көрсетіледі. Мұндай күшіктерге марапат берілмейді.
42. «Тұқымды» деген баға тұқымдық белгілері анық көрініп тұрған күшіктерге беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
43. «Әдеттегідей» деген баға сырт бітімі тұқымдық белгілерге сәйкес келетін күшіктерге беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
44. «Үлгілі түрде өсірілген» деген баға өз жасына сай жақсы бойы, мықты қалыпты дамыған сүйегі, жақсы физикалық дамуы және қоңдылығы бар, сыр бітімінде және мінез-құлқында кемістігі жоқ күшіктерге беріледі.
45. «Дұрыс өсірілген» деген баға өз жасына сай қалыпты бойы, мықты сүйегі, жеткілікті түрде физикалық дамуы, қоңдылығы бар және қорқақтық белгіні білдірмейтін күшіктерге беріледі.
46. «Орташа өсірілген» деген баға мынадай кінәраттары бар күшіктерге беріледі:
кеуде тұрқы нашар дамыған;
рахит немесе оның салдары;
47. «Нашар өсірілген» деген баға бой жағынан және физикалық дамуда көп артта қалған, рахиттің ауыр түрлерімен ауыратын немесе одан кейін оның ауыр салдарынан азап шегетін, қорқақтық белгілері айқын білінетін қалжыраған күшіктерге беріледі.
48. Әрбір күшікті жекелеген қарап-тексеру және бағалау аяқталған соң, барлық ұяластар және күшік алынған ата-енесі қарап-тексеріледі. Содан кейін жалпы ұяластарға баға беріледі және жұптарды таңдаудың дұрыстығы анықталады.
49. Көрмеде «тұқымды, үлгілі түрде өсірілген» деген баға алған үздік күшіктер, сондай-ақ үздік ұялас күшіктер ата-енелерімен бірге көрмеге келушілерге арнайы рингте тиісті түсініктемемен көрсетіледі.
50. Көрмеде қарап-тексеруден өткен күшіктердің иелеріне тиісті анықтамалар (немесе экспоненттік қағаздары бар дипломдар) беріледі.
5-тарау. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және бонитирлеу
51. Қызметтік және аңшылық иттердің асыл тұқымдық бастарын іріктеу және бонитирлеу асыл тұқымдық жұмыстың негізгі іс-шараларының бірі болып табылады және ол иттерді конституциясы мен сырт бітімі, қызметтік және жұмыс сапасы, шығу тегі мен ұрпақтары бойынша кешенді бағалаудан тұрады.
52. Бонитирлеу бір-бірімен өзара байланысты мынадай іс-шараларға негізделген:
1) көрмелерге (ит көрмелеріне), сынақтарға және жарыстар;
2) иттердің асыл тұқымдық іс-қимылдары мен олардың ұрпақтарының сапасын бағалау туралы материалдарды зерделеу;
3) иттердің тұқым-тегі кестелері бойынша шығу тегін бағалау. Бонитирлеуді клубтарда немесе питомниктерде (өсіру секцияларында) бір жыл ішінде Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өсіру секциясы мүшелерінің ішінен Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі тағайындайтын комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүргізеді.
53. Клубтарда бонитирлеу жүргізуге арналған негізгі құжат итке арналған есептік карточка болып табылады, онда тұқым-тегі карточкасы, көрме, иттер көрмесі, сынақтар мен жарыстардан алынған дипломдар, есеп берулер негізінде барлық қажетті деректер енгізіледі.
54. Бонитирлеуге көрмелер мен иттер көрмелерінде мынадай бағалар алған иттер жатады:
«үздік» дегеннен төмен емес баға алған төбеттер;
«өте жақсы» дегеннен төмен емес баға алған қаншықтар.
Мұндай иттерге көрмеден кейін бір ай ішінде клуб немесе питомник есеп карточкасын ашады.
55. Бонитирлеу бойынша сыныптылық беру үшін қажетті көрсеткіштер жинаған иттерге комиссия барлық деректерді есеп карточкасынан тұқым-тегі карточкасының түпнұсқасына көшіре отырып бонитирлеу ведомосын құрайды.
Бонитирлеу ведомосімен тұқым-тегі карточкасы Қауымдастыққа иттерді асыл тұқымдық кітапқа енгізу және асыл тұқымдық аттестаттар беру үшін жіберіледі.
56. Бонитирлеу кезінде иттің сыныптылығын анықтауды комиссия мынадай төрт көрсеткіш бойынша жүргізеді:
1) сырт бітімі мен конституциясын бағалау;
2) қызметтік немесе жұмыс сапаларын бағалау;
57. Иттердің қызметтік-спорттық тұқымдары балдарының төменгі саны осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген.
Конституция, сырт бітімі: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
Шығу тегі: тегінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; сырт бітімі: төбет – 3 балл, қаншық ит – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Тегінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Тегінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Тегінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
Ұрпақтары: жұмыс (қызметтік) сапалары мен көрме бағалары үшін дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
Жұмыс сапалары: Төбеттер: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 10 балл, 3-дәрежелі диплом – 5 балл.
Қаншықтар: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 15 балл, 3-дәрежелі диплом – 10 балл. «Элита» және 1-ші асыл тұқымдық сыныбын беру үшін тек ашық сыныпта (ересек жас тобында) алынған көрме бағалары есепке алынады. Егер тұқымдық төбет ұрпақтарының 30 пайызының «үздік» деген көрме бағасы бар болса, оған «Жеңімпаз» деген атақ беріледі.
58. Иттердің аңшылық тұқымдары балдарының ең төменгі саны осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген.
Конституция, сырт бітімі: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
Шығу тегі: Тегінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; сырт бітімі «үздік»: төбет – 3 балл, қаншық – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Тегінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Тегінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Тегінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
Ұрпақтары: жұмыс сапалары мен көрме бағалары үшін дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
Жұмыс сапалары: Жекелеген сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 40 балл, 2-дәрежелі диплом – 35 балл, 3-дәрежелі диплом – 30 балл.
Жұптық сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 18 балл, 3-дәрежелі диплом – 15 балл.
6-тарау. Ұлттық қызметтік және аңшылық иттерді республикалық асыл тұқымдық есепке алу
59. Қауымдастықта тіркеуде тұрған ұлттық қызметтік және аңшылық иттердің асыл тұқымдық басын есепке алу мен тіркеуді Қауымдастық асыл тұқымдық кітап және иттердің анықтамалық картотекасы арқылы жүзеге асырады.
Есепке алу мен тіркеу конституциясы мен сырт бітімінің, жұмыс сапаларының ерекшеліктерін, шығу тегін және иттердің ұрпақтары сапасын зерделеу және айқындау мақсатында жүргізіледі. Алынған деректер клубтар мен қызметтік және аңшылық ит өсіру шаруашылығы питомниктерінің асыл тұқымдық жұмысында пайдаланылады.
60. Иттердің асыл тұқымдық кітабы клубтар немесе ит өсіру шаруашылығы питомниктері (өсіру секциялары) жіберетін түпнұсқалық тұқым-тегі карточкалары мен бағалау ведомостері негізінде жүргізіледі.
61. Анықтамалық картотекаға көрмеден өткен және «жақсыдан» төмен емес баға алған иттер енгізіледі. Сонымен қатар оған шығу тегі, сынақтар мен жарыстар, бонитирлеу нәтижелері енгізіледі.
62. Иттердің асыл тұқымдық кітабы тұқымдар бойынша бөлімдерге бөлінеді. Кітапқа бонитирлеу кезінде екінші асыл тұқымдық сыныбынантөмен емес сыныптылық алған иттер енгізіледі.
63. Бонитирлеу кезінде баға алған барлық иттерге арналған тұқым-тегі карточкасының түпнұсқасы Қауымдастыққа тексеру үшін беріледі.
64. Асыл тұқымдық кітапқа кіретін иттердің тұқым-тегі карточкасындағы жазбалардың дұрыстығы жете тексерілгеннен кейін анықталған деректер иттердің асыл тұқымдық кітабының тиісті бөліміне енгізіледі.
65. Егер клуб немесе питомниктер жіберген иттердің деректері иттердің асыл тұқымдық кітабына енгізілмесе, онда клубқа немесе питомникке бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберіліп, тұқым-тегі карточкасы қайтарылады.
66. Асыл тұқымдық кітапқа жазылған әр итке нөмір беріледі. Иттерді нөмірлеу әр тұқым бойынша бөлек жүргізіледі.
67. Иттерді Республикалық тұқым-тегі картотекасының алдыңғы нөмірінен ажырату үшін иттердің асыл тұқымдық кітабында әр реттік нөмірдің алдына:
Төбеттер үшін «Т» әрпі қойылады;
Қаншықтарға «Қ» әрпі қойылады.
68. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерге аттестат толтырылып, иесіне тапсыру үшін клубқа немесе питомникке жіберіледі.
69. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерді сату немесе беру кезінде, аттестат жаңа иесіне беріледі.
70. Бір жыл ішінде анықталған, асыл тұқымдық иттердің сыныптылығына немесе балдығының (көрмелер мен сынақтардағы анағұрлым жоғары көрсеткіштер) өзгеруіне әсер ететін жаңа деректер, сондай-ақ сырт бітімі бағаларын немесе сынақтарда дипломдар алған ұрпақтардың қосымша деректері Қауымдастыққа жіберіледі.
71. Аттестаттары жоқ иттердің сыныптылығы жоғарылаған кезде, клубтар немесе питомниктер Қауымдастыққа тұқым-тегі карточкасының түпнұсқаларын асыл тұқымдық аттестаттармен алмастыру үшін жібереді.
72. Егер асыл тұқымды иттің иесі басқа қалаға қоныс аударса немесе итті сатса, онда клуб немесе питомник осы иттің есеп карточкасына тиісті белгі қояды және өзгерістер туралы Қауымдастыққа хабарлайды. Сондай-ақ ит өлген жағдайда да осылай болады.
7-тарау. Иттерді белгілеу және асыл тұқымдық есепті жүргізу
73. Таңбалау мақсаты жануарды бірдейлендіру мүмкіндігі болып табылады. Әр итке жеке нөмір беріледі, ол жануардың денесіне татуировка әдісімен (клеймо) жасалады. Клеймо санының ішкі жағына, шапқа не иттің оң құлағына қойылады.
8-тарау. Жеке нөмірлерді (таңбаларды) беру тәртібі
74. Бастапқы есепке алу мен нөмірлерді беруді Қауымдастық басшылығы жүзеге асырады. Тіркеу берілетін нөмірлерді бастапқы есепке алу жүзеге асырылатын арнайы журналда жүргізіледі. Ары қарай, итке тұқым-тегі карточкасын алу кезінде оның жеке нөмірі бірыңғай компьютерлік деректер банкіне енгізіледі.
75. Итті есепке қою және жеке нөмір алу үшін, иттің иесі Қауымдастыққа ұялас күшіктер туралы мынадай деректерді хабарлайды:
2) ит өсіруші (иесі) мүшесі болып табылатын клубтың немесе питомниктің толық атауы;
3) ит өсірушінің (иесінің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы, телефоны және электрондық почтасы (бар болса);
4) питомниктің атауы (зауыттық қондырмасы) – бар болса;
5) иттің әрбір ата-енесіне толық деректер – бар болса;
6) иттің лақап аты, жынысы, реңкі.
76. Туылмаған ұяласқа жеке нөмір берілмейді.
77. Таңбалау фактісі бойынша ұялас күшіктерді таңбалаған жауапты адам «Ұялас күшіктерді таңбалау картасы» нысанын толтырады, оның бір данасы ит өсірушіде қалады және жалпы ұяластар картасымен бірге клубқа немесе питомнике тапсырылады, екінші данасы таңбалаушыда сақталады және ұялас күшіктерді таңбалаған сәттен бастап он күннен кешіктірілмей клубқа немесе питомникке табыс етіледі.
78. Таңбаланған ұяластарға жеке нөмірлерді жалпы ұяластар картасына жазады және онда ұяластарды таңбалағаны туралы белгі қояды.
79. Клубтардың немесе питомниктердің төрағалары тоқсанында кемінде 1 рет «Ұялас күшіктерді таңбалау картасының» екінші нұсқасын Қауымдастыққа тапсырады. Жалпы ұяластар картасына қосымша берілген даналарды төрағалар барлық бағаналарды толтырып, Қауымдастыққа тапсырады.
80. Комиссия ұялас күшіктерді зерттеу актісіне барлық күшіктер таңбаланған жағдайда қол қояды.
81. Күшіктерді таңбалауға жергілікті кинологиялық ұйымда тіркелген адамдар жіберіледі.
82. Микрочиптеу өсірушінің өтініші бойынша жүргізіледі.
10-тарау. Белгілеу регламенті
83. Таңбалауды регламенттеу Қауымдастықтың өңірлік өкілдіктері арқылы жүргізіледі.
84. Жүйе, нөмірлеу түрі, таңбалауға арналған дененің бөлігі (құлақ, қарын немесе санының ішкі жағы), таңбалауға жауаптыларды анықтау, оларды оқыту, таңбалауды ұйымдастыру және уақыты, сондай-ақ тұқым-тегі кітабына енгізу үшін таңбалардың нөмірлерін хабарлау ерекше талқыланады.
85. Микрочиптеуді маман жүргізеді.
11-тарау. Шығу тегі туралы құжатты ресімдеу және беру тәртібі
86. Клубтың немесе питомниктің (өсіру селекциясының) жұмыскері ұялас күшіктерді зерттеу актісінің негізінде толтыратын және қол қоятын күшіктің карточкасы – шығу тегі туралы бастапқы құжат болып табылады.
87. Күшіктің карточкасы мынадай мәліметтерді қамтиды: тұқымы, күшіктің толық лақап аты, жынысы, түсі, толық туылған күні, таңбасының №, күшік өсірушісінің және иесінің аты-жөні және мекенжайы, шығу тегі туралы мәліметтер (әкесі, енесі, олардың тұқым-тегінің нөмірі және олардың түстері).
88. Питомник (зауыттық қондырма) атауы онда туған барлық күшіктердің лақап атына қосылады және лақап атының алдына қойылады. Питомник атауымен ұштастырылған бірдей лақап ат тек 20 жылдан кейін қайталануы мүмкін. Лақап аттағы белгілердің ең көп саны питомник/зауыттық қондырма атауын қоса алғанда – 40 белгі.
89. Күшік карточкасы асыл тұқымдық мақсатта пайдалану құқығын бермейді және көрмеден немесе жас иттер көрмесінен өткеннен кейін ит он бес айлық жасқа жеткен соң тұқым-тегі карточкасына ауыстырылуы тиіс.
90. Бірыңғай үлгідегі тұқым-тегі құжаты эмблемалардан тұрады және иттің шығу тегін куәландырады.
91. Тұқым-тегі құжатын ресімдеуді Қауымдастықтың өңірлік өкілдері немесе Қауымдастықта аттесттаудан өткен, асыл тұқымдық өндірушілер тіркелген аумақтық кинологиялық ұйымдар жүргізеді.
Тұқым-тегі құжаты Қауымдастықта тіркелген бекітілген үлгідегі бланкілерде күшіктің карточкасы негізінде немесе Қауымдастықтың уәкілетті сарапшысы берген тиісті сипаттама негізінде ресімделеді.
Иттердің үйлік-ұлттық
тұқымдарын (тазы, төбет)
бонитирлеу жөніндегі
нұсқаулыққа
1-қосымша
Қызметтік-спорттық тұқымдар балдарының ең төменгі саны
|
Сынып
|
Жынысы
|
Сырт бітімі
|
Шығу тегі
|
Жұмыс сапалары
|
Ұрпақтары
|
Балдар жиыны
|
|
элита
|
төбет
|
40
|
20
|
20
|
20
|
100
|
|
қаншық
|
30
|
20
|
10
|
20
|
80
|
|
бірінші асыл тұқымды
|
төбет
|
40
|
18
|
10
|
20
|
88
|
|
қаншық
|
30
|
18
|
10
|
20
|
78
|
|
екінші асыл тұқымды
|
төбет
|
30
|
16
|
10
|
20
|
76
|
|
қаншық
|
20
|
16
|
10
|
20
|
66
|
Иттердің үйлік-ұлттық
тұқымдарын (тазы, төбет)
бонитирлеу жөніндегі
нұсқаулыққа
2-қосымша
Аңшылық тұқымдар балдарының ең төменгі саны
|
Сынып
|
Жыныс
|
Сырт бітімі
|
Шығу тегі
|
Жұмыс сапалары
|
Ұрпақтары
|
Балдар жиыны
|
|
элита
|
төбет
|
40
|
20
|
40
|
20
|
120
|
|
қаншық
|
30
|
20
|
30
|
20
|
100
|
|
бірінші асыл тұқымды
|
төбет
|
40
|
18
|
35
|
15
|
108
|
|
қаншық
|
30
|
18
|
30
|
15
|
93
|
|
екінші асыл тұқымды
|
төбет
|
30
|
16
|
30
|
10
|
86
|
|
қаншық
|
20
|
16
|
30
|
10
|
76
|