Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2014 жылғы 17 қазандағы
№ 147 бұйрығына
8-қосымша
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Toggle Dropdown
="color:#FF0000;">Редакция 29.07.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Toggle Dropdown
5. Департаменттің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070003, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 9/1 үй.
Toggle Dropdown
9. Департаменттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаменттің өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Департаменттің негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) медициналық қызметтерді көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау саясатын іске асыру;
Toggle Dropdown
2) халық пен денсаулық сақтау ұйымдарын: қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуін мониторингілеу;
Toggle Dropdown
3) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Toggle Dropdown
14. Департаменттің функциялары:
Toggle Dropdown
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық қызмет көрсету;
Toggle Dropdown
2) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;
Toggle Dropdown
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;
Toggle Dropdown
5) медициналық қызметтер көрсету және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында мемлекеттік бақылау саясатын іске асыру;
Toggle Dropdown
6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын), келісім беруді жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
7) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге келісім беру;
Toggle Dropdown
8) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін айқындау;
Toggle Dropdown
9) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау;
Toggle Dropdown
10) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
Toggle Dropdown
11) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауды өткізу;
Toggle Dropdown
12) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Toggle Dropdown
13) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізу;
Toggle Dropdown
14) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу шеңберінде тестілеуді өткізу;
Toggle Dropdown
15) аккредиттелген субъектілер мен денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшылардың дерекқорын қалыптастыруға қатысу;
Toggle Dropdown
16) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысу;
Toggle Dropdown
17) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін бақылау;
Toggle Dropdown
18) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау;
Toggle Dropdown
19) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылау;
Toggle Dropdown
20) медициналық қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау;
Toggle Dropdown
21) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындауға қатысу;
Toggle Dropdown
22) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерінің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды тануға қатысу;
Toggle Dropdown
23) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын бақылау;
Toggle Dropdown
24) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау;
Toggle Dropdown
25) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау;
Toggle Dropdown
26) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу шеңберінде тестілеу өткізу;
Toggle Dropdown
27) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
15. Департамент құқықтары мен міндеттері:
Toggle Dropdown
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
2) халық денсаулығын қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жетілдіру, тұжырымдамаларды, стратегияларды, нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеуде өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
3) медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы бақылау бойынша бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстар енгізу, сондай-ақ азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік және салалық (секторалды) бағдарламаларды, сондай-ақ аурухана ішіндегі менеджмент бағдарламаларын әзірлеуге және денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының тиімділігін бағалауға қатысу;
Toggle Dropdown
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
Toggle Dropdown
6) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Toggle Dropdown
3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
Toggle Dropdown
16. Департаментте басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты Басшы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
17. Департаменттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Toggle Dropdown
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Toggle Dropdown
19. Департамент басшысының өкілеттігі:
Toggle Dropdown
1) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымдық тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, заңнамаға сәйкес Департамент қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және жұмыстан босатады;
Toggle Dropdown
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
Toggle Dropdown
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Департамент қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
4) заңнамалық актілерге сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымдық тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамай өзге де ұйымдарда Департамент атынан өкілдік етеді;
Toggle Dropdown
6) заңнамаларға сәйкес Департаменттің атынан заңды және жеке тұлғаларға наразылықтар мен талап-арыздар қою туралы шешімдер қабылдайды;
Toggle Dropdown
7) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды және құқықтық актілерге қол қояды;
Toggle Dropdown
8) Департаментте жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды;
Toggle Dropdown
9) азаматтарды қабылдайды.
Toggle Dropdown
Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
20. Департамент Басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.
Toggle Dropdown
4. Департаменттің мүлкі
Toggle Dropdown
21. Департаменттің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Toggle Dropdown
Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Toggle Dropdown
23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлік өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Toggle Dropdown
5. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
Toggle Dropdown
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.