Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бір тараптан, және Армения Республикасы, екінші тараптан,
-
Продукты:
Консультации
Консультации
Отправить по почте
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шарт (Минск қ., 2014 жылғы 10 қазанда)
ҚР 24.12.2014 жылғы № 265-V 3аңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы, бір тараптан, және Армения Республикасы, екінші тараптан,
Тараптар мен олардың халықтарын байланыстырып отырған достық қарым-қатынастарды және олардың өркендеуін қамтамасыз етуге деген талпынысты растай отырып,
әлеуметтік прогресс және халықтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Тараптардың неғұрлым тығыз интеграциясын дамытуға, экономикаларының жақындай түсуіне жаңа серпін беруге батыл қадам жасай отырып,
еуразиялық интеграциялық процесті дамытуға деген өз мүдделілігін растай отырып,
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Армения Республикасы басшыларының 2013 жылғы 24 қазандағы Армения Республикасының еуразиялық интеграциялық процеске қатысуы туралы Мәлімдемесін басшылыққа ала отырып,
олардың негізінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру жүзеге асырылған халықаралық шарттар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың негізі болғандығын назарға ала отырып, Армения Республикасының көрсетілген халықаралық шарттарда көзделген міндеттемелерді орындауға дайын екендігін белгілей отырып, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістігіне Армения Республикасының қосылуы жөніндегі қажетті іс-шараларды Армения Республикасының орындағанын ескере отырып,
төмендегі туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Шарт арқылы Армения Республикасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, сондай-ақ осы Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес тізім бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған басқа да шарттарға қосылады және осы Шарт күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болады.
Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген халықаралық шарттарға қосылуына байланысты осы Шартқа № 2 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізіледі.
Армения Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілген басқа да халықаралық шарттардың жекелеген нормаларын қолдануы осы Шартқа № 3 қосымшаға сай талаптарға және өтпелі ережелерге сәйкес және осы Шартқа № 4 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін қолдану жөніндегі уағдаластықтар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Егер осы Шарт күшіне енгенге дейін Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуіне байланысты мәселелер бойынша Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында жасалған және осы Шартқа № 1 қосымшада көрсетілмеген халықаралық шартқа қол қойылатын немесе ол күшіне енетін болса, Армения Республикасы бөлек хаттамаға сәйкес осындай Шарт күшіне енген күні, бірақ осы Шарт күшіне енген күннен кейін осындай халықаралық шартқа қосылу жөніндегі міндеттемені өз мойнына алады.
2-бап
Осы Шарт күшіне енген күннен бастап осы Шарттың күшіне енген күнінде қолданыста болған Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілері, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органының)) шешімдері, Еуразиялық экономикалық комиссияның (Кеден одағы комиссиясының) шешімдері осы Шартқа № 3 қосымшада айқындалған ережелер ескеріле отырып, Армения Республикасының аумағында қолданылуға жатады.
3-бап
Армения Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігіне байланысты мәселелерді реттеу жөніндегі ережелер осы Шартқа № 3 қосымшада айқындалған.
4-бап
Тауарларды және көлік құралдарын, Армения Республикасының аумағын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы болып табылмайтын аумақтар арқылы, Армения Республикасының аумағын қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына өткізу ерекшеліктері осы Шартқа № 5 қосымшаға сәйкес айқындалады.
5-бап
Осы Шарттың ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабына сәйкес шешіледі.
6-бап
Осы Шарт Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.
Осы Шарт ратификациялауға жатады және депозитарий оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннен кейінгі күннен соң күшіне енеді.
Минск қ. 2014 жылғы 10 қазанда орыс тілінде бір данада жасалды.
Осы Шарттың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Шарттың депозитарийі бола отырып, әр Тарапқа оның расталған көшірмесін жібереді.
Беларусь Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Армения Республикасы үшін
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы шартқа № 1 ҚОСЫМША
Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған, Армения Республикасы қосылатын, халықаралық шарттардың ТІЗБЕСІ
1. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың бірыңғай ережесі туралы келісім.
2. 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім (2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2012 жылғы 23 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
3. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Кеден одағының тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттама.
4. 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісім.
5. 2009 жылғы 27 қарашадағы Кеден одағының Кеден кодексі туралы шарт(Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2010 жылғы 16 сәуірдегі Хаттама редакциясында).
6. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім.
7. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім.
8. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 желтоқсандағы Хаттама редакциясында).
9. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім.
10. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім.
11. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту негіздемелері, шарттары және тәртібі туралы келісім.
12. 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы темір жол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісім.
13. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім (2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2011 жылғы 19 қазандағы Хаттама редакциясында).
15. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының кедендік бақылаудың белгілі бір нысандарын қолдануынан босату туралы келісім.
16. 2010 жылғы 18 маусымдағы Жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, сондай-ақ жүктердің және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлер мен темір жол жылжымалы құрамын Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін пайдалану ерекшеліктері туралы келісім.
17. 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім.
18. 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім.
19. 2010 жылғы 5 шілдедегі Жеке тұлғалардың Кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу тәртібі туралы шарт.
20. 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері туралы шарт.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |