• Мое избранное
Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 3-3/539 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9901 тіркелді

Қазақстан Республикасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі бекітілсін.
2.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысына (А.Қ. Евниев) жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 21 қазандағы
№ 3-3/539 бұйрығымен
бекітілген
Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі
Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткiзу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағына және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізуді айқындайды.
2.Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1)патентке қабілеттілігі - жануарлардың шығарылған тұқымдарының, ішкі тұқымдық (аймақтық) және зауыттық үлгілерінің, зауыттық желілерінің, тұқым топтарының, құстар кростарының жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемдеріне сәйкестігі;
2) сынықтан өткізу - болжанып отырған селекциялық жетістіктің негізгі селекциялық белгілер мен ең аз құрылымдық бірліктерге сәйкестігіне бағалау; 
3) байқаудан өткізу - болжанып отырған жаңа селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сәйкестігін тексеру. 
3.Тұқымды сынақтан және байқаудан өткізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Тұқымдарды сынақтардан және байқаулардан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 13-бабының 22) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.
4.Мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу бойынша жұмыстың қорытындылары Комиссия төрағасы бекітетін қорытынды ретінде рәсімделеді.
5.Мал шаруашылығындағы селекция жетістіктерін байқаудан өткізу бойынша қорытындысы үш данада ұсынылады.
2. Ауыл шаруашылығы малдары мен мамық жүнді аңдарға сынақ жүргізу
6. Ірі қара малды (Bos primigenius Воjanus) сынақтан өткізген кезде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кемінде 6 айлық 50 қашар және 50 еркек тана, 50 құнажын (5-6 ай буаздылықтағы) және 24 айлық 20 бұқа іріктеледі. Жануарлардың ұрпақ сапасы бойынша көбінесе бағалаудан өтпеген жас өндіруші бұқалардан кездейсоқ таңдау әдісімен іріктеу өткізіледі.
Егер типтік емес жануарлар саны сапалық белгілері бойынша 6%-дан (сынауға 50 бас таңдап алған), 3 және 2 % (сәйкесінше 100-200 бас) кем емес, ал сандық белгілері бойынша сыналатын тұқымның варияция коэффициенті жалпыға мәлім тұқым көрсеткішінен 1,4 есе аспаған жағдайда ғана, ірі қара малдың тұқымы біртекті және тұрақты болып есептеледі. Ерекшелік селекцияланып жатқан сандық белгілердің математикалық нақтылықпен құрбыларынан (құрбыластарынан) асып түсетін және сапалық белгілерінде анық айырмашылықтардың ерекшеліктерімен айқындалады.
Ірі қара малдың есебін осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес ірі қара малдың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес ірі қара мал белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
7. Қойларды (Ovis L) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 100 аналық және 30 қошқар, 100 тұсақ пен 100 еркек тоқты іріктеледі. 
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 5%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана қойдың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады. 
Қойдың есебін осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес қойдың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес қой белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
8.Ешкілерді (Capra aegagrus Erxleben) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде бағаланатын тұқымнан кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 2,5 және одан да жоғары жастағы 10 теке мен 40 аналық ешкі және 12-18 айлық 60 еркек лақ пен 60 ұрғашы лақ санап алынады.
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 9%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана ешкілердің тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Ешкілердің есебін осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес ешкілердің сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес ешкі белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
9.Шошқаларды (Sus scrofa L) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 36 айлықтан асқан 50 аналық пен 20 қабан, сонымен бірге салмағы 100-ға жеткен бір туылымдағы 400 бас төл алынады.
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 4%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана шошқалардың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Шошқалардың есебін осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес шошқалардың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес шошқа белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
10.Жылқыларды (Eguus Caballus L) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 2,5 жастағы 10 ұрғашы және 10 еркек құлын, 5 жастан жоғары 20 бие мен 5 айғыр санап алынады.
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 5%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,5 есе аспаған жағдайда ғана жылқылардың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Жылқылардың есебін осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес жылқылардың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес жылқы белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
11.Түйелерді (Camelus) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 2,5 жастағы 8 ұрғашы және 8 еркек мал, 5 жастағы 15 інген мен 3 бура санап алынады.
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 7%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,5 есе аспаған жағдайда ғана түйелердің тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Түйелердің есебін осы Әдістемеге 11-қосымшаға сәйкес түйелердің сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 12-қосымшаға сәйкес түйе белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
12. Қаздарды (Anser anser L.) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде бір күндік 30 еркек және 30 ұрғашы балапан, 9 апталық 30 еркек және 30 ұрғашы балапан, 52 аптадан асқан 15 қораз бен 45 мекиен қаздар және кездейсоқ таңдау әдісімен алынған 50 жұмыртқа алынады. 
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 10%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана қаздардың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Қаздардың есебін осы Әдістемеге 13-қосымшаға сәйкес қаздардың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 14-қосымшаға сәйкес қаз белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
13. Үйректерді (Anas platyrhynchos L.) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде бір күндік 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 7 апталық 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 52 аптадан асқан 20 қораз бен 80 мекиен үйрек және кездейсоқ таңдау әдісімен алынған 100 жұмыртқа алынады. 
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 10%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана үйректердің тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Үйректердің есебін осы Әдістемеге 15-қосымшаға сәйкес үйректердің сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 16-қосымшаға сәйкес үйрек белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
14. Тауықтар (Gallus gallus L.) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде 100 жұмыртқа, бір күндік 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 5 апталық ет бағытындағы 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 52 аптадан асқан 15 қораз бен 100 мекиен алынады. 
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 10%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана тауықтардың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Тауықтардың есебін осы Әдістемеге 17-қосымшаға сәйкес тауықтың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 18-қосымшаға сәйкес тауық белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
15. Күре тауықтарды (Mellegris gallopavo) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде бір күндік 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 16 апталық 30 еркек және 30 ұрғашы балапан, 50 аптадан асқан 20 қораз бен 50 мекиен түйетауық және кездейсоқ таңдау әдісімен алынған 50 жұмыртқа алынады. 
Егер типтік емес дарақтардың саны сапалық белгілер бойынша зерттеліп отырған мал басынан 10%-дан артық емес, ал сандық белгілері бойынша варияция коэффициенті қолда бар жалпыға белгілі тұқымнан 1,6 есе аспаған жағдайда ғана күре тауықтардың тұқымы біртекті және түрақты деп танылады.
Күре тауықтардың есебін осы Әдістемеге 19-қосымшаға сәйкес күре тауықтардың сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдарына (сыналатын типі, линиясы және бастапқы тұқым бойынша) арналған белгілер кестесіне сәйкес сыналатын және жалпыға белгілі ұқсас тұқымдар бойынша (сыналатын типі, линиясы және батапқы тұқым бойынша) осы Әдістемеге 20-қосымшаға сәйкес күре тауық белгілерінің айқындылық дәрежесін бағалауды сынау (байқаудан өткізу) кезінде басшылыққа алуға арналған Индекстер кестесінде (түсініктемелер мен әдістер) көрсетілген әдістерді қолдана отырып, жүргізеді;
16. Мысыр тауықтарды (Numida meleagris L.) сынақтан өткізу кезінде бағаланатын тұқым белгілерінің айқындылық дәрежесінің патентке қабілеттігін бағалау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен кемінде бір күндік 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 10 апталық 50 еркек және 50 ұрғашы балапан, 52 аптадан асқан 20 қораз бен 50 мекиен және кездейсоқ таңдау әдісімен алынған 50 жұмыртқа алынады.