Toggle Dropdown
Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 18 қарашада № 9876 тіркелді
Редакция 14.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 210 қаулысымен
бекітілген
Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді- көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары
Осы Эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді, эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде тіркеу, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының номиналды ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы ақпаратты орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша табыс ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 36-бабының 1-тармағына, 38-бабының 1-тармағына, 57-бабының 3-тармағына, 61-бабының 1 және 4-тармақтарына, 62-бабының 1-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу, номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде эмитенттердің эмиссиялық бағалы қағаздары бойынша міндеттемелері жөнінде талап ету құқықтарын басқаға беру тәртібін және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді-көшірме беру талаптары мен тәртібін, сондай-ақ орталық депозитарийдің және эмитенттің талап етуі бойынша номиналды ұстаушының клиенттері, номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар туралы ақпаратты беру тәртібін белгілейді.
1. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиентке ашылған және оның бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алуға арналған жеке шот;
2) жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің жеке шоты - эмитентке номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған, пайларды қоспағанда, орналастырылмаған бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;
3) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға беру сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;
4) қаржы ұйымы - банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
5) номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі операция - номиналды ұстауды есепке алу жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекеттерінің жиынтығы;
6) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушыға ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алуға арналған жеке шот;
7) операциялық күн - номиналды ұстаушы бұйрықтарды қабылдауды, өңдеуді, жеке шоттар бойынша операцияларды тіркеуді және ақпараттық операцияларды жүзеге асыратын уақыт кезеңі;
8) «репо» операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын («репо» операциясына қатысушылар), «репо» операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;
9) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
10) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
11) электрондық құжат - өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін клиентке номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шот және орталық депозитарийге осы клиентке бірегей код беру үшін жүгінеді, сондай-ақ егер бұл номиналды ұстаушы мен оның клиенті арасында жасалған шартта көзделсе, орталық депозитарийдің және (немесе) шетелдік есеп айырысу ұйымының есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17920 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен бекітілген Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – № 307 Қағидалар) 18-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, жасырын жеке шоттар мен қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған атауларға жеке шоттар мен қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.
Осы Қағидалардың мақсатында шетелдік есеп айырысу ұйымы болып мыналар ұғынылады:
Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі;
Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис) және Fitch (Фич) рейтингтік агенттіктердің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген міндеттерді жүзеге асыратын номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым;
Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (International Securities Services Association) (Интернэшнл Секьюритис Сервисес Ассоциэйшн) мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-ұйымы;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидалары, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібінің 8-тармағында көрсетілген шетелдік есеп айырысу ұйымдары.
2-1. Қағидалардың мақсаттары үшін шетелдік есепке алу ұйымы деп ол тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес орталық депозитарийдің депоненті болып табылатын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген номиналды ұстаушының функцияларына ұқсас функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйым түсініледі:
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүшесі, ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының мүшесі немесе байқаушысы және (немесе) Еуропа Кеңесінің Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шараларын бағалау жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылатын мемлекеттегі мекеме орны бар шетелдік ұйым;
осы шетелдік ұйымның шыққан мемлекетінің шетелдік қадағалау органы Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының консультациялар, ынтымақтастық және ақпарат алмасу мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы көпжақты меморандумға қол қойды.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының жеке шотын ашу, жүргізу және жабу Қағидаларға және № 307 қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесіндегі клиенттің шотындағы бағалы қағаздарға қатысты құқықтарды есепке алу және мәмілелерді тіркеу ол тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шетелдік есептік ұйымның жеке шотынан үзінді көшірмені орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) шетелдік есептік ұйымның есепке алу жүйесінде беру тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағымен айқындалады.
3. Жеке тұлға-клиентке жеке шот (қосалқы шот) ашу кезінде номиналды ұстаушы жеке тұлға-клиент ұсынған мәліметтер негізінде осы жеке тұлға-клиенттің салық резиденттігін белгілейді.
4. Номиналды ұстаушының операциялық күні бір күн ішіндегі жұмыс уақытының кемінде жеті сағатын құрайды.
5. Номиналды ұстаушы жеке шотқа жеке нөмір береді. Номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі клиенттің жеке шоты мыналар туралы мәліметтерді қамтиды:
1) тіркелген тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер, экономика секторы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес) заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі – БСН), почта және заңды мекенжайлары, банк деректемелері (оның ішінде бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға қағидалар жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қосалқы шотты және (немесе) тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын ақпарат);
2) осы жеке шотта (қосалқы шотта) тіркелген бағалы қағаздардың саны, түрі және сәйкестендіру нөмірі;
3) эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының саны және сәйкестендіргіші;
4) ауыртпалық салынған бағалы қағаздардың (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығының) саны;
5) пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған тұлғалар туралы (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы);
6) оқшауланған бағалы қағаздардың саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығы);
7) «репо» операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздардың саны;
8) осы жеке шот бойынша тіркелген мәмілелер және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетілген операциялар:
оны тіркеу күні және уақыты;