• Мое избранное

Отправить по почте

«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы » бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К.Сейдахметов):
1) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы 2 тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2011 жылғы 31 наурыздың № 319 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының күші жойылды деп танылғаннан кейін, бірақ бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы «___»____________ № ____ бұйрығына Анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті)

« Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы » 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-56) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

« Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 41-56) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы» қаулысы



5.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Көзделмейді

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi

Жоба Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің mid.gov.kz электрондық адресі бойынша интернет-ресурсында орналастырылған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)

жоқ

Қазақстан Республикасының  
Инвестициялар және даму
министрлігі Заң  
департаментінің директоры А. Алиакпаров