Toggle Dropdown
"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 485 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 қарашада № 9909 тіркелді
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiг» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
003 «Тарату және банкроттық рәсiмдердi жүргiзу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Тарату және банкроттық рәсiмдерін жүргiзу»;
025 «Оқу-әдiстемелiк орталығының қызметтері» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«025 Оқу-әдiстемелiк орталықтың қызметтері»;
072 «Салық әкімшілігін жүргізу жүйесін реформалау» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«072 Салық әкімшілігі жүйесін реформалау»;
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
204 «Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
003 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау»;
4 «Iргелi ғылыми зерттеулер» функционалдық кіші тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
014 «Мемлекеттік сыйлықтар және стипендиялар» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«014 Мемлекеттік сыйақылар және стипендиялар»;
6 «Жалпы кадрлық мәселелер» функционалдық кіші тобында:
622 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
008 «Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты қолдау» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
«006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен 018 Грант есебінен»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiг» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін төтенше табиғи және техногендік сипаттағы жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»;
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындауды қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға іс-қимыл жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер»;
241 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
001 «Энергетика, атом энергиясы, мұнай, газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер»;
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
003 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«003 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары»;
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 және 003 бюджеттік бағдарламалары бар 720 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«720 Облыстың ішкі саясат және дін істері басқармасы
001 Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты және діни қызметті іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
003 Өңірде діни ахуалды зерделеу және талдау