Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысы
ID документа скопирован в буфер обмена
Қаулы № 1315 от 2014-12-12г./Қазақстан Республикасының Үкіметі
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысымен бекітілген
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне (бұдан әрі – тізім) енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.06.2019 жылғы № 402 Қаулысына сәйкес (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, тәртібі
2. Тізімге енгізілген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелуді (әкетуді) (бұдан әрі – бақыланатын заттарды әкелу (әкету) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
3. Бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыру үшін заңды тұлғалар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қатаң есептілік бланкісінде ресімделген бақыланатын заттарды әкелуге (әкетуге) рұқсатын (бұдан әрі – рұқсат) алуы қажет.
4. Заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) рұқсат алу үшін уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
5. Өтініш берушінің мөрімен расталған мынадай құжаттардың:
1) егер тиісті мемлекеттің заңнамасында көзделген болса, импорттаушы мемлекеттің құзыретті органының оның аумағына бақыланатын заттардың нақты партиясын әкелуге рұқсатының не көрсетілген рұқсаттың талап етілмейтіні туралы осы органның ресми хабарламасының;
2) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты сыртқы сауда-саттық шартының;
3) комиссия шартының (делдал өтініш беруші болып табылса);
4) қосымша келісімдер мен қосымшаларды қоса бере отырып, бақыланатын заттарға қатысты шарттың;
5) басшының жеке басын куәландыратын құжаттың;
6) лицензиарлар берген бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның көшірмелері өтінішке қоса беріледі.
6. Өтініш берушіге рұқсат үш данада: өтініш берушіге, экспорттаушы елге, импорттаушы елге беріледі.
7. Уәкілетті орган өтініш пен құжаттардың көшірмелері түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тарту себептерінің негіздемесі өтініш берушіге жазбаша нысанда жеткізіледі.
8. Егер өтініш беруші осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаса, уәкілетті орган рұқсат беруден бас тартады.
9. Өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерінің атауы немесе мекенжайы өзгерген жағдайда, рұқсат уәкілетті органға өтініш берілген кезде қайта ресімделеді.
Рұқсатты қайта ресімдеу өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
10. Өтініш беруші рұқсатта қате анықтаған кезде уәкілетті орган көрсетілген құжаттарды оның тиісті өтініші бойынша өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
11. Берілген өтініш бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның болуына қарамастан, өзге заңды тұлғаға берілмеуі тиіс.
12. Рұқсаттың қолданылу мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
13. Егер бақыланатын заттарды әкелу (әкету) рұқсатта белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған болса, онда рұқсат жойылады.
14. Уәкілетті орган берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесіне енгізеді.
15. Өтініш беруші бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асырғаннан кейін уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нақты әкелу (әкету) туралы есеп ұсынады.
16. Бақыланатын заттарды әкелуді (әкетуді) жүзеге асыру кезінде рұқсаттың данасы (экспорттаушы ел немесе импорттаушы ел) және бақыланатын заттардың айналымы саласындағы қызмет түріне лицензияның көшірмесі алушы (жөнелтуші) елдің уәкілетті органына жіберіледі.
3. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеу тәртібі
17. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттеуді (бұдан әрі – бақыланатын заттарды транзиттеу) уәкілетті мемлекеттік орган берген транзиттеуге рұқсаттың негізінде заңды тұлғалар жүзеге асырады.
18. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты ресімдеу үшін өтініш беруші уәкілетті органға:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгiленген үлгiдегi өтiнiшті;
2) өтiнiш берушi ұйымның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);
3) мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтiнiш берушi елдің мемлекеттік органы бақыланатын заттардың айналымына байланысты қызметке берген лицензияның не сертификаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);
4) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы бойынша кодтарды көрсете отырып, транзиттеуге жататын бақыланатын заттардың (физикалық және құндық мәнде) атауы мен көлемін;
5) өтiнiш берушiнiң тарапынан бақыланатын заттарды транзиттеудi жүзеге асыру кезінде ықтимал авариядан келтірілетін залалды өтеу туралы сақтандыру және басқа да қаржылық кепiлдiктердi не өзге де мiндеттемелердi;
6) түпкілікті жүк алушының осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес бақыланатын заттарды пайдаланудың нақты мақсаты туралы өтiнiшi қоса берілетін бақылауға жататын бақыланатын заттарды жеткізуге арналған шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (орыс тіліне аудармасымен);
7) мәлімделетін транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде төтенше жағдайлардағы алдын алу және іс-қимыл жасау жүйесiнiң ықтимал аварияның салдарын жоюға әзірлігі туралы өтiнiш берушi елдің құзыреттi ресми органының растамасын;
8) егер жүкті жүк алушыға беру өзіне байланысты емес себептер бойынша мүмкін болмайтын жағдайда, бақыланатын заттар бар жүкті жөнелтушінің осы жүкті қабылдап алу міндеттемелері туралы растамасын;
9) өтiнiш берушiнiң тасымалдаудың нақты шарттарына тексеру жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптауға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi iс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру қажеттiлігiне және/немесе жүктi экспорттаушы мемлекетке қайтаруға байланысты шығыстарды өтеу туралы pacтамасын ұсынады.
19. Бақыланатын заттарды транзиттеуге арналған рұқсатта осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мынадай мәліметтер:
1) экспорттаушының атауы, ел атауы, заңды мекенжайы, телефоны;
2) импорттаушының атауы, ел атауы, заңды мекенжайы, телефоны;
3) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметтің негізін растайтын лицензия (сертификат) туралы мәліметтер;
4) түпкілікті жүк алушының деректері;
5) ел арқылы өтетін бақыланатын заттар туралы мәліметтер;
6) көлік түрі, бағдар (транзит өтетін шекарадағы кеден органдарын көрсете отырып);
7) бақыланатын заттарды транзиттеудің мақсаты;
8) рұқсат берілген күн;
9) рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетіледі.
20. Өтініш берушіге транзиттеуге рұқсат төрт данада: лицензия берушіге, экспорттаушы елге, импорттаушы елге, кеден органына беріледі.
21. Уәкілетті орган транзиттеуге рұқсат беру туралы шешімді құжаттар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылдайды.
22. Өтініш беруші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты беруден бас тартылуы мүмкін.
Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсатты беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
23. Өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жерінің атауы немесе мекенжайы өзгерген жағдайда, транзиттеуге рұқсат уәкілетті органға өтініш берілген кезде қайта ресімделеді.
Транзиттеуге рұқсатты қайта ресімдеу өтініш түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
24. Өтініш беруші транзиттеуге рұқсатта қате анықтаған кезде уәкілетті орган көрсетілген құжаттарды оның тиісті өтініші бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
25. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсат өтініш берушіге бір транзиттік операцияны жүзеге асыру үшін беріледі.
26. Бақыланатын заттарды транзиттеуге берілген рұқсат өзге заңды тұлғаға берілуге тиіс емес.
27. Бақыланатын заттарды транзиттеуге рұқсаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап алты айдан аспауы керек.
Бақыланатын заттарды транзиттеуге берілген рұқсат ұзартуға жатпайды.
28. Егер бақыланатын заттарды транзиттеу көрсетілген мерзімде жүзеге асырылмаса, онда рұқсаттың күші жойылады.
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 1-қосымша
Қызғылт түсті 1–лицензиатқа «РҰҚСАТ» 2–экспорттаушы елге микроқарпі бар 3–импорттаушы елге нөмiрi бiрдей 3 бланк
Қазақстан Республикасына есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың белгілі бір мөлшерін әкелуге (әкетуге)
№ РҰҚСАТ
(беруге жатпайды, көшірмелері жарамсыз)
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
Қазақстан Республикасының аумағына: _________________________________
____________________________________ әкелуге (әкетуге) рұқсат етілді.
(елдің, ұйымның атауы, заңды
мекенжайы, телефоны)
Р/с | Тізімнің № кестесі позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы (бар болса) | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
|
|
|
|
|
Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: _________________________
_____________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: _________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы _______________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Рұқсаттың берілген күнi 20 __ жылғы «___» _________
Рұқсаттың қолданылу мерзiмi 20 __ жылғы «___» __________
Мөр орны
№ 0000000
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтініш
____________________________________________________________________
(заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру
нөмірі, телефоны)
_____________________________________________________________________
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды (қажет емесін сызып тастау керек) әкелуге (әкетуге) рұқсат беруіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________________
(елдің, алушы (жөнелтуші) ұйымның атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
Р/с | Тізімнің № кестесі, позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы (бар болса) | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
|
|
|
|
|
Бақыланатын заттарды әкелу (әкету) мақсаты: ________________________
____________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі: ________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мөр 20 ___ жылғы «____» ____________
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды нақты әкелу (әкету) туралы есеп
1. Импорттаушының атауы ____________________________________________
____________________________________________________________________
(ел, заңды мекенжайы, телефоны)
2. Экспорттаушының атауы ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(ел, заңды мекенжайы, телефоны)
3. Әкелуге (әкетуге) № __ сертификат 20 __ жылғы «__» _______ берілді
____________________________________________________________________
(сертификат берген органның атауы)
4. Нақты әкелу (әкету) туралы мәліметтер ____________________________
_____________________________________________________________________
Р/с | Тізімнің № кестесі, позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы (бар болса) | Өлшем бірлігі | Сертификатта көрсетілген мөлшері | Саны, нақты әкелінгені/әкетілгені | Айырмашылық |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Әкелінген (әкетілген) күні 20__ жылғы «___»_____________
Кеден органының | Әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған заңды тұлға басшысының |
Мөр Мөр
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
Өтiнiш
____________________________________________________________________
(заңды тұлға ұйымының атауы, мекенжайы, телефоны)
Қазақстан Республикасы арқылы есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорларды транзиттеуге (қажет емесін сызып тастау керек) рұқсат
беруiңiздi сұраймын:
____________________________________________________________________
(экспортташының атауы, елдің атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
____________________________________________________________________
(импорттаушының атауы, елдiң атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
_______________________________________________________________ үшін
(елдiң, ұйымның-түпкілікті жүк алушының атауы, заңды мекенжайы,
телефоны)
Р/с | Тізім кестесінің №, позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы (бар болса) | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
|
|
|
|
|
Көлiк түрi, бағдары _________________________________________________
_____________________________________________________________________
1. Транзиттеу жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi:
1.1. Қазақстан Республикасының аумағына есірткі, психотроптық заттар
мен прекурсорларды әкелу кезiндегi кеден органының атауы:
_____________________________________________________________________
1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан есірткі, психотроптық заттар
мен прекурсорларды әкету кезiндегi кеден органының атауы:
_____________________________________________________________________
Қоса берiлетін құжаттардың тiзбесі __________________________________
Заңды тұлғаның басшысы ______________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мөр 20 ___ жылғы «___» __________________
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 5-қосымша
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланудың нақты мақсаты туралы (түпкілікті жүк алушының) өтiнiш
Бiз ___________________________________________________________
(елi, атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
____________________________________________________________________
(елi, атауы, заңды мекенжайы, телефоны)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға (қажеттісінің астын
сызу керек) ________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құралдың немесе заттың атауы)
_________________________________________ мөлшерінде тапсырыс бердік.
Осы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар
_____________________________________________________________________
(қолдану мақсатының дәл сипаттамасы)
______________________________________________ үшін ғана қолданылады.
Осымен, жоғарыда аталған есірткі, психотроптық заттар мен
прекурсорлар заңнамада рұқсат етілген мақсаттарда ғана
қолданылатынын, бақыланатын заттарды қолданудың нақты мақсаты
көрсетілген осындай өтінішті берген жағдайда ғана клиентке
сатылатынын немесе одан әрі қандай да болмасын өзгеше берiлетiнiн
растаймыз.
Заңды тұлғаның басшысы _____________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мөр 20 ___ жылғы «___» __________________
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларына 6-қосымша
Қызыл түсті | 1 – өтініш берушіге |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ТРАНЗИТТЕУГЕ РҰҚСАТ №
1. Экспорттаушының атауы ___________________________________________
(ел, заңды мекенжайы, телефоны)
2. Импорттаушының атауы ____________________________________________
(ел, заңды мекенжайы, телефоны)
3. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына
байланысты қызметтің негізін растайтын лицензия (сертификат) туралы
мәлiметтер:
_____________________________________________________________________
(рұқсаттың №, берілген күні, қолданылу мерзiмi, лицензия (сертификат)
берген органның деректері)
4. Түпкілікті жүк алушы _____________________________________________
5. Ел арқылы транзитпен өтетін бақыланатын заттар туралы мәліметтер:_
Р/с | Тізім кестесінің №, позиция № | Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА) | Саудалық атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
|
|
|
|
|
|
6. Көлік түрі, бағыты _______________________________________________
6.1. Транзит жүргiзiлетiн шекарадағы кеден органдары көрсетiледi
6.1.1. Қазақстан Республикасының аумағына есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды әкелу кезiндегi кеден органының атауы:
___________________________________________________________________
6.1.2. Қазақстан Республикасының аумағынан есірткі, психотроптық
заттар мен прекурсорларды әкету кезiндегi кеден органының атауы:
_____________________________________________________________________
7. Бақыланатын заттарды транзиттеудің мақсаты: ______________________
Басшы ______________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Рұқсаттың берілген күнi 20 __ жылғы «___» _________
Рұқсаттың қолданылу мерзiмi 20 __ жылғы «___» __________
Мөр орны
№ 0000000
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1315 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 556-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 ақпандағы № 247 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы № 695 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 19, 238-құжат).
5. «Қазақстан Республикасын 2002 жылы есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен қамтамасыз ету мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 79 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 4, 23-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қыркүйектегі № 893 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 361-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 947 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 383-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 261 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 11, 139-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 38 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 4, 32-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1246 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 27-құжат).
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен