Toggle Dropdown
1
"А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 30 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 23 желтоқсанда № 9993 тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Агенттік Төрағасының орынбасары Ахметжанов С.Қ. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Toggle Dropdown
Төраға Қ. Қожамжаров
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлықққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 30 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмысының сапасы мен тиімділігін айқындау үшін өткізіледі.
Toggle Dropdown
3. Бағалау «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап үш айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
Toggle Dropdown
4. Бағалау «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау және одан босату құқығы бар тұлғалармен (органдармен) (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) жүргізіледі. Олардың өкілеттік беруі бойынша бағалауды өзге лауазымды тұлға жүргізуі мүмкін.
Toggle Dropdown
5. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысын бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі жүргізеді.
Toggle Dropdown
6. Бағалау мынадай кезекті кезеңдерден тұрады:
Toggle Dropdown
1) әңгімелесуде бағалау жүргізуге материалдарды дайындау;
Toggle Dropdown
2) жыл өтуі бойынша әңгімелесу.
Toggle Dropdown
7. Бағалау құралады:
Toggle Dropdown
1) уәкілетті тұлғаның қызметшімен «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымына қызметшінің тағайындалған сәттен бастап бір ай ішінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған жыл сайынғы келісімнің басымдықтарын орындауын бағалаудан. Сонымен бірге, келісім жыл сайын алдыңғы келісім жасалғаннан кейін бір жыл өткеннен кейін бір ай ішінде қайта жасалады.
Toggle Dropdown
2) кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттерін бағалаудан.
Toggle Dropdown
8. Бағалаудың ұйымдастырушылық сүйемелдеуі мемлекеттік органның персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) не ол болмаған жағдайда – бағалауды жүргізетін тұлғалардың (органдардың) бағыныстылығында тұратын, уәкілетті тұлға айқындайтын өзге құрылымдық бөлімшемен (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қамтамасыз етіледі.
Toggle Dropdown
2. Келісімді орындауды бағалау
Toggle Dropdown
9. Келісімді орындауды бағалау бағаланатын жылға уәкілетті тұлғамен келісімде қызметшінің жұмыс басымдықтарына негізделеді және келесілерден шығады:
Toggle Dropdown
1) жауапты хатшылар, аппарат басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бірінші санаттың бірінші тобы) үшін:
Toggle Dropdown
орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін көрсеткіштерге жетуіне, оның ішінде бюджет қаражаттарын бөлу мен пайдалану тиімділігіне ықпал ету дәрежесі мен сапасы;
Toggle Dropdown
2) құрылымдық бөлімшелер жетекшілері (бірінші санаттың екінші тобы бірінші кіші тобы) үшін:
Toggle Dropdown
бағаланатын «А» корпусының қызметшісі басқаратын құрылымдық бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру тиімділігі;
Toggle Dropdown
3) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары лауазымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қаладағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары (бірінші санаттың екінші тобының екінші кіші тобы):
Toggle Dropdown
бағаланатын «А» корпусы қызметшісінің қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жұмыс жоспарларының көрсеткіштерге жетуіне ықпал ету дәрежесі мен сапасы;
Toggle Dropdown
4) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары үшін:
Toggle Dropdown
бағаланатын «А» корпусы қызметшісінің қызметінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы бойынша тиімділік көрсеткіштерге жетуіне ықпал ету дәрежесі мен сапасы;
Toggle Dropdown
5) облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері (бірінші санаттың екінші тобының үшінші кіші тобы) үшін:
Toggle Dropdown
бағаланатын «А» корпусы қызметшісінің Елді аумақтық-кеңістікте дамыту болжамды схемасы, аумақтарды дамыту бағдарламалары, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көрсеткіштеріне жетуіне;
Toggle Dropdown
жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыру тиімділігіне;
Toggle Dropdown
өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне жету үшін бюджет қаражаттарын бөлу мен пайдалану тиімділігіне өз құзыреті шегінде ықпал ету дәрежесі мен сапасы;
Toggle Dropdown
6) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері (екінші санат) үшін:
Toggle Dropdown
облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары қызметінің тоқсандық жоспарлары және жылдық жоспары;
Toggle Dropdown
7) уәкілетті тұлғамен айқындалатын қосымша материалдар.
Toggle Dropdown
10. Басымдық қызметшінің басшысы болып табылатын құрылымдық бөлімшенің, мемлекеттік органның ол жұмыс істейтін не жетекшілік ететін саладағы қызметіндегі белгілі бір өзгерістердегі жетістіктен тұрады.
Toggle Dropdown
Басымдықтар қызметшінің уәкілеттіктерін және ол оның лауазымдық міндеттеріне сәйкес онымен пайданылатын ресурстарды ескере отырып белгіленеді.
Toggle Dropdown
Келісімдегі басымдық саны төрттен көп емес, оның жартысынан кем емес өлшенетін болады.
Toggle Dropdown
11. Қызметші белгіленген басымдықтармен келіспеген жағдайда уәкілетті тұлға келісім жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс органына (бұдан әрі – жұмыс органы) жолдайды.
Toggle Dropdown
Жұмыс органы келісім жобасын қарайды және қажет болған жағдайда оны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) қарауына енгізеді.
Toggle Dropdown
Ұлттық комиссия келісім жобасын қарау қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін шығарады:
Toggle Dropdown
1) келісімді уәкілетті тұлғаның түзетулерімен қызметшіге қол қоюға ұсыным беру;
Toggle Dropdown
2) келісімді түзету енгізусіз уәкілетті тұлғаға қол қоюға ұсыным беру.
Toggle Dropdown
12. Қол қойылған келісім персоналды басқару қызметіне сақтауға беріледі.
Toggle Dropdown
3. Әңгімелесуге дайындық
Toggle Dropdown
13. Әңгімелесуге дайындық персоналды басқару қызметімен осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген мерзім басталған күннен он бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады және бағалау өткізу үшін қажетті материалдарды дайындауды және бағалау өткізу кестесін айқындауды қамтиды.
Toggle Dropdown
14. Персоналды басқару қызметі уәкілетті тұлғаның келісімі бойынша бағалау өткізу кестесін әзірлейді.
Toggle Dropdown
15. Бағалау өткізу үшін қажетті материалдарға:
Toggle Dropdown
1) қызметшінің келісімді іске асыруы туралы ақпараты;
Toggle Dropdown
2) бағалау кезеңі үшін қызметшінің қызметін сипаттайтын материалдар;
Toggle Dropdown
3) уәкілетті тұлғаның тапсырмасы бойынша өзге де материалдар жатады.
Toggle Dropdown
16. Қызметшінің персоналды басқару қызметіне оның кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттеріне қатысты қосымша ақпарат ұсынуға рұқсат етіледі.
Toggle Dropdown
17. Персоналды басқару қызметі қызметшіні әңгімелесу өткізу туралы оны өткізерден он бес жұмыс күн бұрын хабардар етеді.
Toggle Dropdown
4. Әңгімелесу
Toggle Dropdown
18. Уәкілетті тұлға қызметшінің «А» корпусында мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген мерзімдерде әңгімелесу өткізеді.
Toggle Dropdown
Әңгімелесуге қызметші, персоналды басқару қызметінің өкілі, сондай-ақ уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша қызметшінің тікелей басшысы және қызметшімен қызметтік өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын өзге лауазымды тұлғалар қатысады.
Toggle Dropdown
19. Әңгімелесуде уәкілетті тұлға осы Әдістеменің
Toggle Dropdown
15-тармағында көрсетілген материалдарды қарастырады.
Toggle Dropdown
Әңгімелесуді өткізу нәтижесі бойынша уәкілетті тұлға келісімді іске асыру бағасының орташа балын, кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттеріне бағаның орташа балын, қорытынды бағаны көрсете отырып, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтырады және қол қойылады.
Toggle Dropdown
20. Бағалау өткізу қорытындысы бойынша уәкілетті тұлға осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысанда қызметшінің қызметі туралы пікірге қол қояды.
Toggle Dropdown
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысының қызметі туралы пікір қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның бірінші басшысымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен қол қойылады.
Toggle Dropdown
21. Қызметшінің қорытынды бағасы келесі формула бойынша есептеледі:
Toggle Dropdown
a = 0,6b + 0.4c
Toggle Dropdown
a – қызметшінің қорытынды бағасы,
Toggle Dropdown
b – келісімде көзделген басымдықтарды іске асыру бағасының орташа балы;
Toggle Dropdown
c – кәсіби деңгейі мен тұлғалық қасиеттері бағасының орташа балы.
Toggle Dropdown
22. Қортынды баға келесі мәндегі шкала бойынша қойылады:
Toggle Dropdown
3 және одан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
Toggle Dropdown
3-тен жоғары және 4-тен төмен – «қанағаттанарлық»,
Toggle Dropdown
4 және одан жоғары – «тиімді».
Toggle Dropdown
23. Персоналды басқару қызметі қызметшіні қызметшінің бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен екі жұмыс күн ішінде таныстырады.
Toggle Dropdown
Қызметші бағалау парағына қол қояды. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметші бағалау парағына өз қарсылықтарын қысқаша жазып, қол қояды.
Toggle Dropdown
5. Бағалау нәтижелерін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға жолдау
Toggle Dropdown
24. Қызметшінің бағалау нәтижесі оның қызметтік тізіміне персоналды басқару қызметімен енгізіледі
Toggle Dropdown
25. Мемлекеттік орган бағалау аяқталған сәттен соң он жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға мынадай материалдарды жолдайды:
Toggle Dropdown
1) персоналды басқару қызметімен куәландырылған қызметшінің бағалау парағының көшірмесін, бұл ретте бағалау парағының түпнұсқасы персоналды басқару қызметінде сақталады;
Toggle Dropdown
2) қызметшінің қызметі туралы пікірдің түпнұсқасы, бұл ретте оның көшірмесі персоналды басқару қызметінде сақталады.
Toggle Dropdown
26. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Toggle Dropdown
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізіп, оны Ұлттық комиссияның жұмыс органына енгізеді.
Toggle Dropdown
27. Ұлттық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен ұсынылған материалдар негізінде оларды Ұлттық комиссияның қаруына шығару туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
28. Ұлттық комиссия жұмыс органымен ұсынылған материалдарды қарау және қызметшімен әңгімелесу өткізу қорытындысы бойынша келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) атқаратын лауазымына сәйкес;
Toggle Dropdown
2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.
Toggle Dropdown
29. Ұлттық комиссияның шешімі қызметші жұмыс істейтін мемлекеттік органның қызметшімен еңбек шартын ұзарту не оны бұзу туралы шешімді қабылдауға негіз болып табылады.
Toggle Dropdown
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Toggle Dropdown
Бағаланатын жылға жұмыстың басымдықтары туралы келісім
Toggle Dropdown
| № | Басымдық | Ескерту* |
| 1 |
|
|
| 2 |
|
|
| … |
|
|
Toggle Dropdown
*қажет болған жағдайда өлшем бірлігі, іске асыру мерзімі, басымдықтарға жету үшін қажетті шаралар көрсетіледі
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлға
Toggle Dropdown
Лауазымы _______________________________________
Toggle Dropdown
Қолы _________________ Күні __________________
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________________
Toggle Dropdown
Қолы _________________Күні __________________
Toggle Dropdown
Осы келісімнің __________________________________ интернет ресурсында
Toggle Dropdown
(мемлекеттік орган)
Toggle Dropdown
жариялануына келісемін _________________
Toggle Dropdown
(қызметші қолы)
Toggle Dropdown
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Toggle Dropdown
Бағалау парағы
Toggle Dropdown
| № п/п | Бағаланатын көрсеткіштер | Балл (2-ден 5-ке дейін) |
| 1 | 2 | 3 |
| Келісімді іске асыру |
| 1 | Басымдық № 1 |
|
| 2 | Басымдық № 2 |
|
| 3 | Басымдық № 3 |
|
| 4 | Басымдық № 4 |
|
| Орташа балл (көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы) |
|
| Кәсіби деңгей мен тұлғалық қасиеттер |
| 1 | Лауазымдық міндеттерін орындау |
|
| 2 | Ұжымда қолайлы моральды-психологиялық климат құруға бағытталуы |
|
| 3 | Қызмет этикасын сақтауы |
|
| 4 | Мемлекеттік органның ұжымдық мәдениетін дамытуға үлесі |
|
| Орташа балл (көрсеткіштер санына бөлінген барлық баллдардың сомасы) |
|
| ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА |
|
Toggle Dropdown
Уәкілетті тұлғаны жүргізген басшы
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымы ____________________________________________________________
Toggle Dropdown
Қолы _________________Күні __________________________________________
Toggle Dropdown
Нәтижелерімен таныстым:
Toggle Dropdown
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _______________________________________
Toggle Dropdown
Лауазымы ___________________________________________________________
Toggle Dropdown
Қолы _________________Күні _________________________________________
Toggle Dropdown
Келіспеген жағдайда негізі _________________________________________
Toggle Dropdown
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілердің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Toggle Dropdown
Ұйым хатының бланкі (немесе лауазымды тұлға)
Toggle Dropdown
Күні және хат №
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Кадр саясаты жөніндегі
ұлттық комиссия
Toggle Dropdown
«А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметі туралы пікір
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(аты-жөні)
Toggle Dropdown
Бағалау кезеңі ______________________________________________________
Toggle Dropdown
(бағалау кезеңі көрсетіледі)
Toggle Dropdown
Бағалау кезеңі үшін қызметіне бағалау алды __________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(бағалау кезеңіне «А» корпусы қызметшісінің бағасы көрсетіледі)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(бағалау кезеңіне «А» корпусы қызметшісінің
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
қызметіне сипаттама беріледі)
Toggle Dropdown
Қосымша ақпарат:
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Лауазым қолы Уәкілетті тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)