• Мое избранное
Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысы

Редакция 17.02.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамаларды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамалар мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысаны болып белгіленсін.
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.09.2015 жылғы № 766 Қаулысына сәйкес (28.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2015 жылдан бастап)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2016 жылғы № 378 Қаулысына сәйкес (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2016 жылдан бастап)
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;
2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі сот-медициналық сараптама жүргізу бойынша штат санын және материалдық-техникалық базаны заңнамада белгіленген тәртіппен беруді, ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі - қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 683 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысымен (28.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)