• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 06.03.2017 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 211 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9949 тіркелді

Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 6 наурыздан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 309 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.05.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
  • 1
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 жылғы № 147 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдың нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ еселтілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:  
«5) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;  
3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.
Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есебін уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігімен қоса Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші айдың бірінен кешіктірмей банк конгломератының мынадай қатысушылары ұсынады:
еншілес ұйымдары бар банк болып табылатын тікелей немесе жанама тәуелді ұйымы және (немесе) еншілес ұйымы бар банк холдингі, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк;
банк холдингі болып табылатын және еншілес ұйымдары бар банк, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк.»;
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломератының меншікті капиталының 25 (жиырма бес) пайызынан (оның ішінде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттігінің рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктік қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкін болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінің міндеттемелері бойынша банк конгломератының меншікті капиталының 0,10-нан артық емес);»;
1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Осы қаулының 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 211 қаулысына
қосымша
«Банк конгломератына арналған нормативтік
мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
нысандары мен мерзімдеріне
1-қосымша
                                                                Нысан
Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есеп
  ____________________________________________________________________
      (банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес
                    ұйымы бар банктің атауы)
               (қажеттісінің астын сызу қажет)
                 20__ж._______ жағдай бойынша
1-кесте
Банк конгломератының жарғылық капиталын есептеу
 

Атауы

Сома (мың теңгемен)

Банк конгломератының жарғылық капиталы, оның ішінде:







банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық (төленген) капиталы







банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің сатып алынған акциялары (алынған капиталы)







2-кесте
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік
коэффициентінің есебі
Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті
_____________________________
 

Банк конгломераты қатысушысының атауы

Сома (мың теңгемен)

1

банк конгломератының 1 қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері







1.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:







1.1.1

банк конгломератының 2 қатысушысының







1.1.n

банк конгломератының n қатысушысының







1.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)







n

Банк конгломераты n қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері







n.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:







n.1.1

банк конгломератының n қатысушысының







n.1.n

банк конгломератының n қатысушысының







n.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)







Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері







Банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомалары







Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті







Ескерту:
«Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)» деген жол «Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары» деген жол шегерілгенде «Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері» деген жолға тең;
«Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары» деген жол 1.1.1, …, 1.1.n жолдардың қосындысына тең;
«Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері» деген жол 1.2, …, n.2 жолдардың қосындысын білдіреді.
3-кесте
Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін есептеу
 

Коэффициенттің атауы

Тәуекелдің мөлшері (мың теңгемен)

Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер

Борышкердің атауы

Тәуекелдің түрі (қарыз, кепілдік)

Сомасы (мың теңгемен)

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері































Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері































Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктiк қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкiн болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері.































Әрқайсысының мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он пайызынан асатын банк конгломераты тәуекелдерінің сомасы































Басшы
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы)       Тегі, аты, әкесінің
                                                  аты (бар болса)
Бас бухгалтер
(есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы)      Тегі, аты, әкесінің
                                                  аты (бар болса)
Мөр орны
Орындаушы (қолы, телефон нөмірі)           Тегі, аты, әкесінің аты
                                                  (бар болса)».