• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 01.06.2016 г

Отправить по почте

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 27 қарашадағы № 200 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 01.06.2016 жылғы № 467 Бұйрығына сәйкес
Редакция 28.05.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 26-бабының 2-тармағына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментінің директоры А.Қ. Әлиақпаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушысының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 06.02.2015 жылғы № 113 Бұйрығымен (27.11.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 жылғы № 626 Бұйрығына сәйкес (06.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы

Бейбіт Бәкірұлы

Атамқұлов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы, төраға

 

Айдар Қуанышұлы

Алиақпаров

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры, төрағаның орынбасары

 

Ғани Әбжани

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің Заңға тәуелді актілер басқармасының бас сарапшысы, хатшы

 

Самат Мұратұлы

Мақажанов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің Заңға тәуелді актілер басқармасының сарапшысы, хатшы

 

Асавбаев

Әсет Асанұлы

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы

 

Аманияз Қасымұлы

Ержанов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

 

Біржан Бисекенұлы

Қанешев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы

 

Талғат Амангелдіұлы

Мұсабаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы

 

Базарбай Нұрабайұлы

Қанаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

 

Мереке Құдайбергенұлы

Пішембаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы

 

Сәкен Сейітжаппарұлы

Сәрсенов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің төрағасы

 

Бекен Кәнелұлы

Сейдахметов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы

 

Ерлан Қартайұлы

Хаиров

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы

 

Вера Васильевна

Абоимова

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Қаржы департаментінің директоры

 

Азамат Байқуанышұлы

Батырқожа

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаментінің директоры

 

Темір Талашұлы

Дүйсенғалиев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті директорының міндетін атқарушысы

 

Айгүл Жантасқызы

Закирьянова

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаментінің директоры

 

Марат Несіпқалиұлы

Иғалиев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаментінің директоры

 

Олжас Қайырбекұлы

Раев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Экономикалық интеграция департаментінің директоры

 

Дәурен Қуанбекұлы

Сәбитов

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Транзит және көліктік логистиканы дамыту департаментінің директоры

 

Гүлдана Тілегенқызы

Садықова

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры

 

Темір Серікұлы

Тоқтабаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры

 

Серік Қанатұлы

Буштаев

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының басшысы

 

Юрий Жұматайұлы

Тілеумұратов

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті хатшылығының хатшысы (келісім бойынша)

 

Өмірсерік Көзітайұлы

Ержанов

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Машина жасау және металл өндіру комитеті хатшылығының хатшысы (келісім бойынша)

 

Болат Бектұрсынұлы Зульпибеков

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің хатшылығы хатшысысының орынбасары (келісім бойынша)

 

Әлия Қадырқызы

Баймағанова

-

Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының сарапшысы (келісім бойынша)

 

Раиса Қасымқызы

Адамова

-

«Кеме иелері және теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Әміржан Қашқарбайұлы

Қалиев

-

«КазАлко» Қазақстан алкоголь өнімдерін адал өндірушілер және сатушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Заңғар Мақсұтұлы

Ногайбай

-

«KazEnergy» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешенді ұйымдастыру қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі заң департаментінің басшысы (келісім бойынша)

 

Өмірбек Жәрменұлы

Кеңесбаев

-

«Қазақстан кіші авиация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

 

Галина Александровна

Баймаханова

-

«Қазақстан Республикасының геологиялық өндірістік ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Темір Ерсаинұлы

Нұғманов

-

«Қазақстан ұлттық индустриялық палатасы» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма өкілі (келісім бойынша)

 

Эльмира Оразқызы

Шаймерденова

-

«Қазақстан Республикасының экономикалық аймақтар кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма өкілі (келісім бойынша)

 

Салтанат Элшатқызы

Элшатова

-

«Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Иван Генрихович

Янсон

-

«Қазақстан Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдау одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің Астана қаласындағы өкілдігінің директоры (келісім бойынша)

 

Николай Васильевич

Юдин

-

«Теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар коммерциялық емес бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Галина Викторовна

Артюхина

-

«Тұрақты дамуға арналған табиғат пайдаланушылардың қазақстандық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Олег Владимирович

Савеленко

-

«Қазақстанның техникалық реттеу және метрология жүйесі мүшелерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

 

Вера Владиленовна

Мұстафина

-

«KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

 

Александр Иванович

Полонский

-

«Автокөлік құралдарын техникалық тексеру орталықтарының республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Лариса Иосифовна

Смирнова

-

«Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Виктор Петрович

Когай

-

«Қазақстан Республикасы Автобуспен тасымалдаушылар және автобекеттер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Марат Амангелдіұлы

Нұрмағамбетов

-

«Қазақстан Республикасы Автобуспен тасымалдаушылар және автобекеттер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің заңгері (келісім бойынша)

 

Рашида Рашидқызы

Шайкенова

-

«Қазақстандық туристік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры және «Қазақстанның қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы» түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Илья Павлович

Сегал

-

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

 

Әлібек Райымқұлұлы

Адамбаев

-

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы» және «Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторларының қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Нұрлан Құрманғалиұлы

Исин

-

«IT - компанияларының Қазақстандық Қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Гүльнұр Мешітбайқызы

Рахимова

-

«Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Талғатбек Зиябекұлы

Жүсіпов

-

«Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің бас сарапшысы (келісім бойынша)

 

Парланқызы Бахыт

Манасбаева

-

«Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

 

Ербол Қызайбайұлы

Закариянов

-

«Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша)

 

Асылбек Есенбекұлы

Хайрушев

-

«Қазақстан Ұлттық телекоммуникация қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Заида Мүбарәкқызы

Ақпеисова

-

«Қазақстан Республикасы «Парасат» темір жол жолаушыларын тасымалдау қауымдастығы және агенттіктері» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Андрей Сергеевич

Лаврентьев

-

«Қазақстандық АвтоКәсіпкерлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

 

Наталья Юрьевна

Пак

-

«Қазақстандық АвтоКәсіпкерлік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі президентінің кеңесшісі (келісім бойынша)

 

Елена Иосифовна

Солдатенкова

-

«Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындары жеткізушілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

 

Шәймерден Әбілжәжінұлы

Оразалинов

-

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)

 

Сәбит Шаяхметұлы

Аманбаев

-

«Қазақстан Республикасының автокөлікшілер Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы  ереже
Осы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына, «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулысына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес қалыптастыру және олардың қызметінің тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - сараптамалық кеңес):
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу.
2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар Министрліктің ресми интернет-ресурсын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
2) көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Министрліктің қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі
4. Сараптамалық кеңестің құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген бірлестіктерінің, сондай-ақ мүдделі коммерциялық емес ұйымдардың және мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптасады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік субъектілерінің әрбір аккредиттелген бірлестігі мен мүдделі коммерциялық емес ұйым өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.
3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі
6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:
1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
3) мыналар:
қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі;
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
5) сарапшылық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
7. Сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Министрліктің Заң департаменті жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына немесе жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін Министрлік белгілейтін мерзім ол Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек.
8. Нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Ереженің 7-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес Министрлік белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
9. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды Министрліктің ресми интернет-ресурсына орналастырады;
сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.
10. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, отырыстардың хаттамаларына қол қояды.
Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
11. Сараптамалық кеңестің шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
12. Сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
13. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық кеңес төрағасының қолы қойылатын хаттама жасалады.
Аталған хаттама сарапшылар кеңесінің мүшелеріне жіберіледі және нормативтік құқықтық акті жобасының міндетті қосымшасы болып табылады.
14. Сараптамалық қорытындылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің жинақталған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде олардың жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде береді.
15. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы ұйым сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді талап еткен жағдайда, осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
16. Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін олардың жобасына міндетті қосымша болып табылады.
17. Министрлік өзінің ресми интернет-ресурсында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрлігі жанындағы
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңес туралы ережеге
қосымша
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің
ХАТТАМАСЫ
  	

_____ жылғы «___» ______________

№ ___________

Күн тәртібі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің
  _____________________________________________________________________________________________________________
(нормативтік құқықтық акті жобасының атауы немесе қаралып отырған мәселе) қарауы туралы
1. Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар:
  _____________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
2. Сараптамалық қорытындыларды ескертулермен және ұсыныстармен ұсынғандар:
  _____________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы, ұсынылған ескертулер мен ұсыныстардың жалпы саны, олардың ішінде қабылданғаны/қабылданбағаны*)
3. Сараптамалық қорытынды ұсынған жоқ:
  _____________________________________________________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
  4. ____________________________________________________________________________________________________________
(ескертулер мен ұсыныстарды қабылдамау туралы ақпарат**)
Сараптамалық кеңестің төрағасы
Сараптамалық кеңестің хатшысы
Ескертпелер:
*Мысалы: Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық - 10 (7/3)
**Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жіберілген сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар хаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2014 жылғы 27 қарашадағы
№ 200 бұйрығына 3-қосымша
Күшін жоюға жататын кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 577 бұйрығы.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 577 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 16 бұйрығы.
3. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 577 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 6 тамыздағы № 495 бұйрығы.
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 46 бұйрығы.
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 43/НҚ бұйрығы.
6. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығы.
7. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 455 бұйрығы.
8. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 наурыздағы № 198 бұйрығы.
9. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанына Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 237 бұйрығы.
10. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанына Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 304 бұйрығы.
11. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 348 бұйрығы.
12. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 577 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 876 бұйрығы.
13. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы.
14. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 және «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 304 Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 35 бұйрығы.
15. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 50 бұйрығы.
16. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 117 бұйрығы.
17. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жеке кәсіпкерлік субьектілер бірлестігін аккредитациялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 116 бұйрығы.
18. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанында Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бірінші вице-министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 244 бұйрығы.
19. «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 140 бұйрығы.